Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҮЙДІ ЖИҺАЗДАУ. ПӘТЕРДЕГІ ТҮСТЕР ҮЙЛЕСІМДІЛІГІ


27 января 2012, 10:41 | 6 490 просмотров



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға үй мәдениеті туралы түсінік беру.

1. Білімділік: оқушыларды үйдегі жиһаздарды орналастыру тәртібін және түс үйлесімділігін дұрыс сәйкестендіріп таңдауға үйрету;

2. Дамытушылық: жиһаздарды орынды орналастыру, түстерді дұрыс таңдай білу барысында оқушыларды ой- өрісін, білімдерін шындау;

3.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа ,әсемдікке баулу, эстетикалық тәрбие беру ;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық.

Сабақтың типы: жаңа білім беру

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың түрі: аралас.

Пәнаралық байланыс: әдеп, психология, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.Сурақ арқылы оқушылардың білімін тексеру.

3. Жаңа сабақ.

Пәтерді жиһаздау

Пәтерді жабдықтаған кезде бөлменің ішін қалыптастырудың негізі болып табылатын пәтерді жоспарлаудың, бөлмелер санының, көлемің және пророрциясының, олардың өзара байланыс схемасының маңызы зор. Жиһаздарды іріктеп орналастыру, пәтерді жиһазбен жабдықтау бөлмені көркейтудің маңызды шарты. Бөлмеге жиһазды орналастырғанда олардың дұрыс үндестік табуын және қолдануға ыңғайлы болуын есте ұстаған абзал. Ас ішетін стол мен қабырғаның арақашықтығы кемінде 75 см, ал отырғыштар қозғауға оңай, отырып тұруға қолайлы болуға тиіс.Диван мен журнал үстелінің арасында 30см ашық жер қалуы керек.

Пәтер бөлмелері: қонақ бөлме, балалар бөлмесі, жалпыға арналған бөлме, ас үй болып бөлінеді.

Жатын бөлмеде: кереует, киім кешекке арналған шкаф, терезе алдында жазу столы жағалай кңтап қоятын сөрелер орналасқаны дұрыс. Бұрышта демалуға ыңғайлы кресло тұрса болады.

Балалар бөлмесінде: әдемі плакаттар, географиялық карталар, балалардың өздерң салған суреттері, жататын дивандар, кітап сөрелері болады.

Ас үйде: асханалық гарнитур, ас ішетін стол, плита, төбеге ауа тазартқыш орнатқан жөн.

Пәтердегі түстер үйлесімділігі

Қазіргі заман ғылыми түстердің біздің өміріміздегі рөлінің ерекше екенін дәлелдеп отыр. Ол адамның жүйке жүесіне, көңіл кійіне әсер етеді. Бөлменің түсі бөмедегі жиһаздардың, кілемнің, перденің түстерімен композиция құруы керек.

Сары, қызғылт сары қызыл түстер жылы, сәулелі, белсенді түстер болып есептеледі. Мұндай түстер адамға қуныш, қөтерінһңкі күй, өмірге деген құлшыныс сыйлайды. Жасыл және көгілдір түс адамға жақсы әсер қалдырады, жүйке жүйесін тыныштандырады. Жұмыс қабілетін, есте қабілетін арттырады.

Бөлменің төбесін ақ түспен бояған дұрыс, ақ түс кең етіп көрсетеді, барлық түстер үйлесімділігін қосып ұстап тұрғандай көрініп, адамға тыныштық сыйлайды.

Жарық түсіру

Қазіргі заманы пәтерлерді жарықтандыру мәселесін шешудің екі түрлі жолы бар жалпы және жергілікті жарықтандырғыш қолдану. Жалпы жарықтандыру бөлмедегі бір келкі жарықты қамтамасых етеді, оның жарығымен көзге онша күш түспейтін жұмыстармен шұғылдануға болады.

Жалпыға арналған бөлмеде оқуға, қол өнермен айналысуға арналған жалпы жарық болуы керек. Ол ілінген шамдар, қабырғалы тоспалы ұзын тіреуіштерге орнатылған шамдар болуы мүмкін.

Балалар бөлмесінде: жалпы шашыраңқы және жергілікті бағытталған жарықтар болуы керек.

Сарамандық жұмыс

Оқушылар ас үйді, жатын бөлмені, өздерінің қалаулары бойынша жабдықтап көрсетеді. мұнда балалардың жылдамдығы ескеріледі.

Ас бөлмеге табаның астына қоятын дайындау, сусынның қақпағын матамен қаптап, бір- біріне біріктіру.

1. Нұсқау картасын дайындау

2. Бұйымды жасау

Бекіту, қортындылау «Адаспай тап ойыны»

Берілген сурет бойынша жиһаздарды өздеріне сәйкес бөлмеге қажетті орынға орналастыру.

Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма: 52 бет. Үйді жиһаздау.Жұмысты аяқтау.

Автор:
Мархабат ҮСЕНОВА Технология пәнінің мұғалімі: Кеңғарын орталау мектебі Ақсу ауданы