Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Пәндердің бағытты оқытылуын қамтамасыз ету


27 ноября 2009, 21:43 | 3 699 просмотров



Келешектің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білім еншісінде.

«Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік,

«Білікке сенер-заманда-қапы қалып жүрмейік»-деп Абылай хан айтып кеткендей отандық білім дамуының стратегиялық жоспары жалпы әлемдік үрдістерді емкеретін жаңа үлгіге көшуді талап етуде.

Тәуелсіз елдің білім жүйесінің жаңа үлгісін қалыптастыру мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың мына бір сөзі ұстаздарға жаңа күш-қуат береді.

«Өз Отанын шексіз сүйетін білімді, іскер елімізді ертеңгі күнін күллі әлемге көрсететін келешек ізбасарларымызды қалай тәрбиелейміз?...Оларға сапалы білімді қалай береміз? Бүгін міне, ұстаздар осы бағытта алда тұрған ауқымды міндеттерді көкейкесті мәселелерді шешуге міндетті.

Біз күдіктенбейтін жаңа білім мен технологияның пайда болуы, даму жүйесінің басты бағыттарының айқындалуы XXI ғасыр-білім ғасыры деген анықтаманы нақтылай түседі» деген Елбасы көптеген жылдар бойы мектептің оқу тәрбие жұмысындағы бірсарындылық, біртекті оқу жоспары мен бағдарламалары оқыту мен білім беру сапасын төмендетіп, үлгерімнің сапалық емес сандық көрсеткішіне назар аударумен ерекшеленді. Еліміз өркениетке ұмтылғалы ескіше білім беру уақыт талабына сай орайласпайтынын байқатты.

Мектептегі инновациялық жұмыс, мектептің жағымды өзгерістер арқылы даму жолындағы жұмыстар әр педагогтың басты міндеті болуы шарт. Мұғалім жаңашыл болғанда ғана оқушылар ізденімпаз болмақ. Ең алдымен ұстаз өз қызметіндегі жаңалықтарды өзіндік белгіліері бойынша топтастыру арқылы жаңалығына жарқын мақсат қояды, яғни жаңалық енгізуді төмендегіше топтастырады:

-Бұрын белгісіз, еш жерде жарияланбаған, тұтастай жаңа идея және әрекет;

-Бұрын белгілі, бірақ өзгертіліп жетілдірілген, нақты жағдайға бейімделген идея және әрекет;

-Педагогика теориясы мен тәжірибе тарихында бұрын қолданылған, енді жаңа жағдайға бейімделіп, жаңалық ретінде пайдалануға ұсынылып отырған идея мен әрекет;

Мұндай топтау жаңалықтың авторын анықтап оның қалыпты жұмыс істеу жағдайын талдап, нәтижесін болжамдауға мүмкіндік береді.

Педагогикалық жаңалықтың енгізу мынадай бағытта қарастырылды:

1)Білім беру мекемесінің қызметін тұтастай жаңарту (мектеп балабақша, мектеп кешен, мектеп жоғарыоқу орны лицей, гимназия, т.б.);

2)Мұғалім еңбегін жаңаша ұйымдастыру, әдістеме және пәндерді оқыту әдісі мен мазмұны арасындағы байланыстар: оқытушы мен оқушы қарым қатынасы және оқу тәрбие үрдісіндегі жаңа технология мұалімнің білім көтеруі, шығармашылық қызметі ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуы, тағы басқалар;

3)Оқушы еңбегін ұйымдастыру, оның мемлекеттік стандартқа сай білім алуын қамтамасыз ету; жеке тұлға ретінде жан жақты қалыптастыру;

4)Дене тәрбиесі, санитарлық гигиеналық талаптардың орындалуы;

Физика пәні бойынша сапалы білім беру үшін бүгінде үлкен тәжірибе жинақталған. Дегенмен теорияны практикамен ұштастыруда қиындықтар кездесіп жатады. Практикаға қажетті әдістемелерден сауатсыздық танытып жатады. Игерілген білімдерін нақты жағдайлар-

ға, тіршілік құбылыстарды дәлелдеуге жеткіліксіз болып жатыр.

Халықаралық зерттеулердің (TIMSS және PISA) нәтижелері көрсеткенде оқушылардың көпшілігі әдіснамалық және экологияның біліммен төмен деңгейде қаруланған. Талдау, салыстыру, ғылыми дәлелдеу, көзқарастарын негіздеуде талап ететін тапсырмаларды орындауда төмен нәтижелер көрсетеді.

«Толқындық оптиканың шекті жағдайы ретіндегі геометриялық оптиканы» және «Оптикалық аспаптарды» қарастыру жарықтың тол-

қындық сипатымен анықталатын осы әдістің қолданылу шегі туралы түсінікті кеңейтеді. Сонымен қатар, геометриялық оптика заңдарының және оған негізделген оптикалық жүйелерде сәулелердің жолын салудың үлкен қолданбалы мәні зор, ал негізгі мектепте бұл мәселеге оқушылардың математикалық дайындығы мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып қарастырылған болатын.

Геометриялық оптика толқындықтың шекті жағдайы ретінде қарастырылғандықтан, оқушыларға физикалық теориялардың арасындағы байланысты орнықтыратын принцип ретіндегі сәйкестік принціпінің рөлін көрсетуге мүмкіндік береді.

Салыстырмалықтың арнайы теориясын басқа бағдардағы сыныптарға қарағанда тереңірек қарастыру қажет. Негізгі постулаттардан релятивтік кинематика және динамиканың қағидалары логикалық түрде қорытылып шығарылады, ньютондық және релятивтік механиканың ара қатысы, сәйкестік принципінің рөлі қарастырылады.

Оқушылардың таңдауы бойынша қатысатын элективті курстар, мысалы, «Физика және техника» элективті курсы әрбір оқушының қоршаған дүние мен техника әлемі туралы ғылыми жаратылыстану көзқарасын, есептер (негізінен, техникалық мазмұнды) шығаруға біліктіліктері мен дағдысын қалыптастыруға, күнделікті өмірден және техника саласынан алынған теориялық қана емес, практикалық материалды (тапсырманы) ой елегінен өткізе алу дағдысын қалыптастыратындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе физикадан бағдарлы сарланған білім беру оқушылардың физика негіздерінен біліммен қарулануына, ғылыми ойлай алуының дамуына, ғылыми дүниетаным негіздерінің қалануына себептесетін болады. Сонымен қатар пәнді оқытуда физиканың практикалық қолданысымен байланысты мәселелерге басты назар аудару ғылыми мәселерлерді әлеуметтік және жеке тұлғалық мәні бар міндеттер тұрғысынан саналы түрде жұмыс жасай алатын жан жақты дамыған және ой өрісі кең азаматты тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады. Ал, бұл қазіргі кезде білім беруді жаңарту негіздерінің бірі болып қарастырылып отырған түйінді құдіреттіліктің қалыптасуына себептесетін болады. Таңдаған бағытқа (бейінге) сәйкес тереңдетілген деңгейде оқытылуының қамтамасыз етудегі оқытудағы мақсат қабілет қарымы ерекше дарынды балалардың білімін арттырып болашақта да білімін ұштай түсуге бағдар беру, ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыра отырып қол жеткізу.

Арнайы жоспар түзілген бұл білім беру жолы оқушыларды білім алуға ынталы болуға жетелейді.

Автор:
Бекбаева Г.Қ, Абай атындағы мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Сарқан қаласы