Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңалықсыз сабаққа ене алмаймын...


27 апреля 2012, 23:22 | 2 487 просмотров



Ұстаз еңбегі қашанда өлшеусіз. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен тарихтағы ең ұлы істің бірі. Мұғалімдік мамандық бұл- адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырғы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педогогикалық шеберлік пен педогогикалық өнер, ол-даналықты жүректен ұға білу болып табылады. Сонымен қатар ұстазды диқан десе де болады. Өйткені ол бала жанына білім дәнін себіп, үлкен өмірге дайындап, қанатын қатайтып ұшырады.

Осындай бала тәрбиесі мен біліміне ғұмырын арнаған ұстаздың бірі-Дузімбеков Алданғор Тілеубайұлы. Ол бүгінде Алакөл ауданы, Көлбай орта мектебінде музыка пәнінінен дәріс беруде. Ұстаздың атқарып отырған қызметі бойынша еңбек өтілі 20 жылдан астам. Ол 1993 жылы Сарқан мәдени училищесінде қазақ ұлт аспаптар оркестірінің жетекшісі мамандыға бойынша білім алып, ойдағыдай тамамдаған. Біліктілігін көтеру мақсатында Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының 2011 жылы куәлігін алған.

Алданғор Дузімбеков екінші біліктілік санатты ұстаз. Ол туған Отанын, табиғатын сүюге баулып, халық ән өнерін дамытып, музыкалық, эстетикалық талғамы жоғары ұрпақ тәрбиелеуді өзіне басты мақсат етеді. Еңбекқор, жаны жаңалыққа құмар ұстаз шәкірттерін ізденімпаздыққа үйрететін әдістерді пайдалана отырып, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білулеріне аса назар аударады. Әрбір сабағын қазіргі талпқа сай өткізіп, оқушылардың музыканы түсіну қабілеттерін арттыруға , ән орындау шеберліктерін шыңдауға , музыкалық сауаттарын ашуға зор көңіл бөледі. Қазақ халқының белгілі композиторлары, әншілері, күйшілері және өнер қайраткерлеріне, олардың шығармаларымен, сазгерлердің өмірбаяндарына арналған түрлі әдеби музыкалық кештерді ұйымдастырып тұрады. Сабақ барысында үнтаспа, плакат, портрет, халық аспаптары, техникалық жабдықтар көрнекіліктерін тиімді пайдалана біледі. Қазіргі кездегі танымал композиторлар әндерін бірнеше дауысқа бөліп, хорға арналған көптеген жұмыстарын есеп беру концерттеріне, ән кештеріне, концерттік бағдарламаларына кеңінен пайдаланып жүр.

Ізденімпаздығы мен қабілеттілігі жоғары, күй құдіретін, ән әсемдігін сезіне білетін, эстетикалық талғамы жоғары ұстаз осы жетістіктерді шәкірт бойынан көрсем дейді. Өзінің бар білген, түйгенін оқушы санасына сіңіріп- бағуда. Алданғор Тілеубайұлы музыка теориясын өте жақсы меңгерген маман.

Бүгінде ұлағатты ұстаздың алдыға қойған жеке проблемасы: Ж. Нәжімединовтың домбыраны тез үйрену оқулығы бағдарламасы бойынша «сандық тәсілмен» домбыра үйрену мен ән айтуды оқушыларына жете меңгерту. Баба дәстүрінің мәйегі саналатын қасиетті қара домбыраның қыр –сырын жас жет-кіншек санасына сіңіруді өзінің кәсіби борышы деп санайды.

Сондай-ақ, Алданғор Дүзимбековтың мектеп жанынан өзінің басқаруымен ұйымдастырылған ерлер капелласы, трио, дуэт, вокалдық топтары аудан көлемінде өтетін концерттік шараларға ұдайы қатысып, ат салысып жүреді.

Қазіргі таңда ұстаздың дарынды оқушылармен жұмыс істеуі жүйелі жолға қойылған. Ұстаздың жетекшілігімен «Домбыра» үйірмесі жаңа бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.

Білікті музыка маманының ұйымдастыруымен мектеп ұжымы 2010 жылы аудандық есеп беру концертінде ІІ орын алса, 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кеште «Гран При» жүлдесінің жеңімпазы болды. Аудандық бай-қаулар қортындысы бойынша 2011 жылы өтілген Гала концерттік бағдарламада мектеп ұжымының «ерлер капелласы» Талдықорған қаласында өнер көрсетіп, аудан мерейін көтеріп қайтты.

Еңбекқор, өнерсүйгіш ұстаздың жолын қуған шәкіртінің бірі-Жангелді Немеребаев облыс бойынша танымал ақын- сазгер. Ұстаз тәлімін алған Жангелді Немеребаевтың «Аяулым», «Ауғанстан соғысы ардагерлері» авторлық әндеріне бейнебаяндар түсіріліп, бүгінде облыстық «Жетісу» арнасынан көрсетіліп жүр. Осы әндерді жүрекке жеткізе орындап жүрген шәкірті- Нұржан Ахметбеков. Ол облыстық филормония жанынан құрыл-ған «Талдықорған әуендері» фольклорлы- этнографиялық ансамблінде әнші болып қызмет істеуде. Ұстаз еңбегінің еленіп, жанғаны сол, шәкірттері әркез жаңалыққа бөлеп, мұғалім мерейін асқақтатуда. Өзі тәрбиелеген оқушыларының өзіне қарап білім ұштағаны ұстаз жанын әрқашан қуанышқа бөлеуде.

Бүгінде ұстаз мектеп оушыларын аудан аралық «Әнші балапан», «Биші балапан» байқауларына жүйелі түрде қатыстырып, жүлделі орындарға ие болуда. Алғыр шәкірттері Саяжан Ерғазина, Айдана Советова, Ақжелең Аширбековалар әркез табысты жетістіктерімен қуантуда.

Ұстаз өз еңбектерімен үнемі әріптестерімен бөлісіп отырады. Оның «қазақтың ұлттық ойын түрлері» атты танымдық ашық сабағы республикалық «Қоңырау» педогогикалық-әдістемелік, ақпараттық-танымдық журналының 2012 жылғы №1 санында жарық көрді.

Ұстаздың бұл толағай табысты еңбектері еленбей қалған жоқ. Өз ісінің білікті маманы ретінде дарынды шәкірттер тәрбиелеудегі еңбегіне, аудандық мәдени шараларға белсене қатысқаны үшін аудан әкімінің, аудандық мәдениет бөлімінің және мектеп әкімшілігінің тарапынан мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен марапатталуда. Бүгінде өнегелі ұстаз жас әріптестері мен ұжымының арасында беделді, құрметке ие.

Рухани дүниенің кенжелеп, жастардың бәрі батыс музыкасына еліктеп- солықтап жүрген кезеңде ұстаздың қазақ өнеріне қосып жатқан осы бір еңбегі ешнәрсемен өлшенбейтіні сөзсіз!

Автор:
Динара АУЖАНОВА