Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АСТАНАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМ АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛАРЫ МЕН МЕКТЕПТЕРІНІҢ РЕКТОРЛАРЫ БАС ҚОСАДЫ


25 мая 2012, 23:59 | 2 359 просмотров



2012 жылдың 23 мамыры күні V Астана экономикалық форумының шеңберінде елордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Х.Зайдель атындағы Қоры, БҰҰ ДБ және ЕО «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін реформалау және модернизациялау» жобасының қолдауымен Мемлекеттік бас-қару және мемлекеттік қызметтің ұлттық академиялары мен мектептері ректорлары форумын өткізді, - деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметі.

Форумның жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов қатысты.

Дүниежүзіндегі 20 елдің мемлекеттік басқару академия-

лары мен мектептерінің, оның ішінде: Кэмбридж университетінің, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE), Франция Ұлттық басқару мектебінің (ENA), DBB akademie (ГФР), Түркия және Таяу Шығыс Мемлекеттік басқару институтының (TODAIE), Ұлттық саяси зерт-

теулер және мемлекеттік басқару мектептерінің (Румыния), РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының, Польша Республикасы мемлекеттік басқарудың Ұлттық мектебінің, Бұлғарияның Жаңа университетінің (NBU), Түркия Сот төрелігі академиясының, Еуроакадемияның (Эстония), Литва мемлекеттік әкімшілік ету институтының, Украина Президентінің жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару академиясының, Әзірбайжан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының, П.А. Столыпин атындағы Поволжье мемлекеттiк қызмет институтының (Ресей), Сыбайлас жем-

қорлыққа қарсы бiлiм беру орталығының (Литва), Башқұр-стан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет академиясының және т.б. басшылары мен өкілдері баяндамалар жасады.

Автор:
Подготовил Бейбит МАМЛЕЕВ