Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОҚУ ЖЫЛЫН АЯҚТАУ


25 мая 2012, 23:59 | 3 981 просмотр


21 мамыр күні Астанада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім беру ұйымдарында оқу жылын аяқтау, ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді өткізуге дайындық, балалардың жазғы демалысын, бос уақытын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша селекторлық жиналыс өткізді.

Селекторлық жиналысқа облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, өңірлік бөлімшелердің, БҒМ-не бағынысты ұйымдардың, тестілеу пункттерінің директорлары қатысты.

Селекторлық кеңес барысында білім беру басқармалары басшыларының оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету бойынша ақпараттары тыңдалды.

Бірінші мәселені талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік комиссияның төрағаларына, облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім беру саласындағы бақылау Департаменттері мен Білім басқармаларына:

- ҰБТ-ның объективті өтуін қамтамасыз ету;

- түлектердің тестті ұйымдастырылған түрде тапсыруына жағдай жасау;

- ТжКББҰ-ның түлектері үшін кемінде үш рет сынама тестілеу жүргізу;

- ТжКББҰ-ның және колледждердің түлектері, ата-аналар қауымы және оқытушылар арасында кешенді тестілеуді енгізу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Екінші сұрақты талқылау бойынша:

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына:

жазғы каникул кезеңінде жергілікті бюджет есебінен (демеушілер есебінен) балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын толыққанды қамтамасыз ету;

жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларын, мүгедек балаларды сауықтыру демалысымен тегін қамтамасыз ету;

балалар сауықтыру ұйымдарының өртке қарсы қауіпсіздігін және сауықтыру демалысы, бос уақыты және жұмыспен қамтылуы кезеңінде балалардың суда қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

оқу жылын аяқтау бойынша іс-шараларды және 2012 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын үйлес-

тіруді қамтамасыз ету;

«Соңғы қоңырау» және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мектеп және балалар мерекелерін ұйымдастырылған түрде өткізуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.

Автор:
ҚР Білім және ғылым министрлігі