Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"Атмосфера жердің ауа қабаты"


24 августа 2012, 19:46 | 6 491 просмотр



«Атмосфера жердің ауа қабаты» атты ашық сабақта былайша жоспарладым

Мақсаты: а Оқушыларға атмосфера жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру

Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту, Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын еркін айтып қорытынды жасай білуге дағдыландыру

Климаттың ерекшеліктерін түсіндіре отырып,өз жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Климаттық карта, үлестірмелер, атлас, сөзжұмбақтар

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ /жинақтау/

Сабақтың типі: Жарыс сабағы

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс

Сабақтың бағдарламасы

1 Білім сайысы

2 Табиғат құбылыстары жайлы жұмбақтар шешу

3 Сөзжұмбақ шешу

4 Адасқан обьектіні табу

5 Картамен жұмыс

6 Қазақтың ауа-райы болжамдарынан мысалдар келтіру

7 Тест жұмысы

8 Топ басшыларының жарысы

9 Қорытынды оқушылар білімін бағалау

10 Үйге тапсырма

Сабақтың барысы Ұйымдастыру

Білім сайысы

1 Атмосфера қандай қабат /ауа қабаты/

2 Атмосфераның газ құрамы қандай /құрамына азот, оттегі/

3 Атмосфераның тұнық болып келуі неге байланысты / өйткені күн сәулесінің жер бетіне түсуіне мүкіншілік беру/

4 Атмосфераның қабаттары /тропосфера стратосфера, мезосфера, термосфера\

5 Жер бетіндегі барлық тіршілік тек қана атмосфераның қай қабатында өтеді /тропосфера қабатында\

Табиғат құбылыстары жайлы жұмбақтар шешу

Жолдың шаңын ұшырып, Түбі тесік шелектен

Ағаштарды жұлқылап Су тамшылап тұрғандай

Бұтақтарды сындырып Басталып еді ол еппен

Көрінбей жүр зырқырап Ақтарылды түк қалмай

/Боран/ /Жаңбыр/

Сөзжұмбақ

1 Атмосферада үлесі көп ауа /азот/

2 Температураны өлшейтін құрал /термометр/

3 Желдің бір түрі /Муссон/

4 Күлгін сәулені өткізбейтін газ /озон/

5 Атмосфераның екінші қабаты / стратосфера/

Адасқан обьектіні табу

Термометр газ

Бриз ауаның температурасын өлшейтін құрал

Азот тәуліктік жел

Стратосфера атмосфераның 78% құрайтын элемент

Көгілдір отын тропосфера үстіндегі ауа қабаты

Картамен жұмыс

Температура ж\е қысым әсерінен өз қасиетін өзгерткен тау жыныстары

Метоморфоздық

Жыл бойы бағытын 2 рет өзгертіп отыратын жел

Цунами

Қазақтың ауа-райы туралы халықтық болжамдар туралы оқушылар өздері ізденіп тауып келеді

Егер қойлар қыстың күні қораға еркін кірсе, ауа-райы жақсы болады

Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа-райы бұзылайын дегені, егер бұлт шетінен ыдыраса, ауа-райы оңалуға бет алғаны

Балықтар су бетіне шығып шорши ойнай бастаса, көп ұзамай жауын жауады

Тест жұмысы

1 Шаш гигрометрі д\ат құралмен не өлшейміз?

а желдің бағытын б ауаның ылғалдылығын

ә атмосфералық қысымды в ауаның температурасын

2 Барометр құралымен не өлшейміз?

а жылуды б жауын-шашынды

ә ылғалдылықты в қысымды

Топ басшыларының жарысы

Ауа-райының көп жылдық жай түсін не деп атайды /Климат/

Атмосфераны 21% қандай газ құрайды

Қорытынды

Нені білеміз? Нені білдік? Нені білгіміз келеді?

Үйге тапсырма Атмосфера жердің ауа қабатын мазмұндау «Ауа тіршілік көзі»

шығарма жазу

Қазіргі таңда әр пәнді мемлекеттік стандартқа сай ж\е жаңа технологияны пайдалана отырып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда орны ерекше. Сабақты өткізудегі мақсатым оқушылардың тапқырлығын, алғырлығын,біліктілігін қаншалықты ізденіс білетіндігін бақылау арқалы ойлау қабілетін дамыта отырып, халқымыздың табиғат жайлы танымын ескере отырып, табиғи ортаны қорғауға баулу болды. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық ойларын жинақтай білуге үйрету арқылы біліктілік пен ұлттық тәлімге тәрбиелеуді мақсат еттім.

Автор:
Гүлайым АХМАДИЕВА Қоғамдық-гуманитарлық әдістемесінің жетекшісі Сарқан қаласы