Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ АВТОНОМИЯ ЖАҒДАЙЫНДА БІРЛЕСКЕН БАСҚАРУДЫҢ ТАҢДАУЛЫ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ


24 августа 2012, 19:53 | 3 105 просмотров


Біліктілікті арттыру курстары Елбасының Назарбаев Университеті тәжірибесін елдің ЖОО-да енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде ұйымдастырылды. Қазақстандық ЖОО-дың 20 ректоры мен проректоры жоғары білім жүйесінде әлемдік деңгейдегі топ-менеджер болу үшін оқудан өтеді.

Бағдарлама бірнеше кезеңдерден атап айтқанда, бірінші кезеңі болып осы тренинг саналады. Сондай-ақ қазақстандық ЖОО-дың басшылары 20-21 тамызда Назарбаев Университетінде өткен Жоғары білім беру саласының көшбасшыларының Еуразиялық форумының жұмысына қосылды.

Форум барысында қазақстандық ЖОО-дың басшылары үшін өзіндік және шетелдік үкіметтердің білім беру саясаты бойынша консультанттары болып табылатын шетелдік жетекші ғалымдармен ЖОО басқарудың бүгінгі мәселелері жөнінде пікірлесуге мүмкіндік беретін дискуссиялық алаңдар ұйымдастырылды.

ЖОО әкімшілігінің біліктілігін дамыту бағдарламасы стратегиялық жоспарлау және бюджеттеу мәселелерін, университеттің Қамқорлық Кеңесі, автономия жағдайында ЖОО басқару және академиялық еркіндігі, университет дамуындағы басымдықты айқындауды және түрлі ресурстарды пайдалану мен таратудағы мақсаттылықты, қазіргі заманғы ЖОО-ң жетекшілерінің құзыреттілігін дамытуға қажетті басқа да мәселелерді қамтыды.

Бағдарлама Назарбаев Университеті Білім беру саясаты орталығы және оның серіктесі - Пенсильвания Университетінің ЖОО-н кейінгі білім беру мектебімен біріге жасалынды.

Бағдарламаның авторлары және сонымен бірге үйретушілері арасында – Роберт Земски, Мэтью Хартли, Джонни Финни, Алан Руби, Блэйк Ноутон, Дайэн Эйнон, тағы басқа Пенсильвания Университетінің ғалымдары.

Бағдарлама соңында тыңдаушыларға Назарбаев Университеті және оның шетелдік серіктесі - жоғары білім үшін топ-менеджерлерді дайындау саласында әлемге танылған жетекші - Пенсильвания Университетінің сертификаты берілді.

Автор:
ҚР БҒМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ