Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұлттық ойындар - бала психологиясының даму негізі


24 декабря 2009, 20:30 | 3 788 просмотров



Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының аса құнды игіліктерінің бірі - ұлттық ойындар. Қазақ халқының ұлы философы, ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай:

«Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?»- деп баланың дамуында ойын ерекшеорын алады. Баланың өмірді тануы, еңбекке деген қатынасы, психологиялық ерекшеліктерін ойын үстінде қалыптасады. Сондықтан, халқымыз ойынды - тәрбие құралы деп танып, оны жеткіншек ұрпақтың ой-түсінігін ширықтырып, баулитын тетік сынды бағаланады.

Баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар, оның өмір жайлы да таным-түйсіктерін молайтады. Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, достасып, жақсы ұғынады. Бірінен бірі ептілікті, сергектікті, тапқырлықты үйренеді. Сондай-ақ қимыл, ойын арқылы өзінің денсаулығын нығайтып, шынықтырады. Айналадағы заттар мен құбылыстадың сырын меңгере біледі. Халқымыз ойын тек баланы алдандыру ғана емес, сонымен бірге, көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы екенін бағалап байқаған. Ұлттық ойындар адамгершілікке тәрбиелей отырып, болашақ танымдық процесін жетілдіруіне мүмкіншілік туғызады. Балалар ойын арқылы ұжымдық бірлестікке, достық қарым-қатынасқа дағдыланады. Бала ойын әрекетінің негізгі түрі арқылы адам баласының бойына қажетті белгілі бір қоғамдық тәжірибені меңгертеді. Сонымен қатар,ойын баланың психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойын арқылы бала ересек адамның мінез-құлығын, оған деген қарым-қатынасын танып біледі. Ойын баланы еліктіре отырып өзіне жүктелген рөлге қатысты ережелерді орындауға итермелейді. Сонымен қатар, сезімін жетілдіруге ерік-жігерін реттеуге өзіндік септігін тигізеді. Бала ойын арқылы өз сана сезімі құбылысының негізін құрайтын және жеке басының қадір-қасиетін ұғынады.

Автор:
Усемаева К. К., Мектепалды даярлық тобының мұғалімі, Алакөл ауданы