Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

РӘМІЗДЕР –ЕЛДІГІМНІҢ ТІРЕГІ


28 сентября 2012, 14:18 | 2 499 просмотров



Мақсаты: Оқушыларды отан сүйгіштікке, адамгешілікке, Отанынына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу;

Көрнекіліктері: Рәміздер, плакаттар, өлең жолдары.

Барысы: ҚР әнұраны орындалады.

Мұғалім: Жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да мемлекеттің белгілі бір рәміздері бар. Рәміз дегеніміз - белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эстетикалық категория, шартты белгі.

Тәуелсіз мемлекет, егеменді ел болудың қыруар қиындығы, ерекше жауапкершілігімен қатар, бірқатар шарттары, басты- басты белгілері бар екені мәлім. Солардың арасында елдің елдігін танытып тұратын ерекше мәнділері – Елтаңба, Ту және Әнұран.

Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын қалаушылардың бірі, Чехословакияда өткізілген халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі - Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.

Ал, балалар, Ту туралы өздерің не білесіңдер?

1- оқушы: Тудың қабылданған күні – 1992 жыл 4 маусым. Ресми тұсауы кесілген күн – 1992 жыл 6 маусым.

Біздің Ту

Айнымайды аспаннан,

Біздің Тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биіке іліп қояды.

2- оқушы: Қазақтан Республикасының мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның ортасында қалықтап қыран бейнеленген тік бұрышты, көгілдір түсті мата. Туымыздың көк теңбіл аспандай болуы шексіз кеңдікті көрсетеді, Тудың ортасындағы алтын күн - халқымыздың азаматтық күні, ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұрады. Ұзындығы - 2 метр, ені -1 метр.

Мұғалім: «Елтаңба» сөзі немісше- «наследство», полякша «эмблема» деген сөздерден шыққан. Елтаңбамыздың авторлары Жандарбек Мәлібеков, Шот –Аман Уәлиханов ағаларымыз.

3- оқушы: Елтаңба

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күші.

Қара шаңырық - ел күні,

Асқақататып тұр мұны,

Елтаңбасы- елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

Мұғалім: Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран - деп ақындар жырлағандай біздің мемлекеттік нышандарымыздың бірі- Әнұран жайында пікірлерімізді ортаға салайық.

1. Әнұран қандай мағына береді?

2. Әнұранның қасиеті қандай?

3. Әнұранды қалай атаймыз? Неге?

4. Сөзін жазғандар кім?

5. Өзін жазғандар кім?

6. Өлеңнің шумақтарын таңдаңдар

4 –оқушы: ӘНҰРАН

Әнұраным - жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім- сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Туымыздың, көкте күннің,

Даламыздың байтақ үні,

Ол үні ғой жүрегімнің,

Мың қайталап айтам мұны.

Бақыт, бірлік күн талабы,

Тоқатамайды дабыр әні,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам Әнұраны!

Қортынды:

Мұғалім: Балалар, Қазақстан Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен - еңселі, Әнұранымен - айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашан дайын болыңдар.

Автор:
Хор: «Атамекен»