Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫ ҚАНЖЫҒАЛЫ БОЛДЫ


28 сентября 2012, 14:31 | 2 328 просмотров



Өткен аптада Талдықорған қалалық № 25 мектепте « Жылдың үздік мұғалімі-2012» байқауы өтті. Бұл байқауға облыс бойынша жалпы саны 19 мұғалім қатысып, бақ сынасты. «» Жылдың үздік мұғалімі-2012» атағын Қапшағай қаласының қазақ-орта мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі – Нұрлан Нұрбаев жеңіп алды. Бұл шара облыс әкімінің қолдауымен және білім басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.

Педагоктардың әлеуметтік, кәсіби беделді тұлғасын қалыптастыру мен олардың білім беру жүйесіндегі шығармашылық әлеуетін ашумен қатар озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттауды міндетке ала отырып, шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, парасатты, өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар ғылыми- әдістемелік шеберлігі зор, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау – байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат болып отыр.Осы орайда байқауға қатысушылар 6 кезең бойынша бақ сынасып, сынға түсті. Мағынасы терең, маңызы зор бұл шараға облыстық білім саласы мен басқармасының білікті мамандары, сондай-ақ І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-ң педагогика және психология кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдырының доктары Райфа Қадырқызы Дүйсенбинова әділ қазылық етті. Бәсекелі байқауда барлық сыннан сүрінбей өткен қатысушылар қатарынан «Жаңашыл мұғалім», «Зерделі мұғалім», «Ұлағатты ұстаз», «Ұстаз-әдіскер», «Ең жас ізденгіш мұғалім», «Ұлттық дәстүрді насихаттаушы», «Зерттеуші мұғалім», «Шебер мұғалім» номенациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Қорытынды бойынша, I-орын Қапшағай қалалық қазақ-орта мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі- Нұрлан Нұрбаевқа бұйырса, II-орынды Панфилов ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі- Ардақ Турабова қанжығасына байлап, III-орын Наурызбай батыр Қожанбекұлы атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі - Гүлмира Мырзахановаға бұйырды.

Тағы бір айта кетерлігі, шара соңында облыс әкімінің орынбасары Мұқанов Серік Мейірханұлы сөз алып, ұстаздарды келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, «сын түзелмей, мін түзелмес» - дегендей, шараны ұйымдастырудағы техникалық жабықталу мен сайыскерлердің сынға деген дайындықтарына көңілі толыңқырамайтындығын да жасырмады.

Автор:
Айгерім БАҚТЫБАЕВА