Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«БОТА» қоры 189 білім грантын бөлді


28 сентября 2012, 14:33 | 2 177 просмотров


2012 жылдың «БОТА» қорының білім гранттарын бөлу бағдарламалық байқауы аяқталды.

Айта кетейік, жоспар бойынша қарастырылған 125 гранттың орнына 189 грант бөлінді. Осылайша бүгінгі күні «БОТА» қоры 841 білім грантын бөліп отыр. Шәкіртақыға ие болғандардың 25-і түлек атанып үлгерді.

Биылғы білім гранттарына жоғары оқу орнының 135 студенті және техникалық және кәсіби білім ордаларының (колледждердің) 54 студенті ие болды. Барлық гранттардың иегерлері - аз қамтылған қоғам бөлігінен, олардың 15-і жетім, 4-уі мүмкіндігі шектеулі болса, 104 адам ауылдан келген жастар.

Ақпан айында басталған байқаудың нәтижесі осындай болды. Биыл байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 2239 сауалнама келді. Білім гранттарына елдің барлық облыстарынан өтініш берген жастар ие болды. Айта кеткен жөн, аталмыш қордың білім гранттарына ие болған студенттердің саны бойынша Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап келеді.

Автор:
ҚазАқпарат