Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАМҚОРШЫ КҮНІ


26 октября 2012, 00:20 | 2 887 просмотров



Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 29 қазанында «Мейірімді жүрек» республикалық акциясы аясында «Қамқоршы күні» мерекесінің өткізілуін жоспарлауда

Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасына сәйкес жыл сайын 29 қазанда «Мейірімді жүрек» республикалық акциясы аясында облыстың барлық қала, аудандарында «Қамқоршы күні» мерекесі өткізіледі.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға тілек білдіретін азаматтардың (қамқоршылық, қорғаншылық, бала асырап алу) санын көбейту үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Акция шеңберінде облыстың аудан, қалаларындағы қорғаншы/қамқоршылар, олардың қарамағындағы балалармен отбасы мерекелерін, спорттық жарыстарды, шығармашылық көрмелерін, отбасы фотогалереяларын, концерттер ұйымдастыру көзделуде.