Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КЕЗДЕСУ ӨТТІ


26 октября 2012, 00:22 | 2 095 просмотров


Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов Африка, Еуропа және Таяу Шығыс Халықаралық бакалавриатының (ІВ) аймақтық директоры Эдриан Кернимен кездесу өткізді, деп хабарлайды аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

«Бұл ұйымның негізгі міндеттеріне ұлттық білім беру жүйелерін толықтыратын стандартталған халықаралық білім беру жүйесін құру, студенттердің басқа елдерде білім алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. ІВ дипломын әлемдегі 102 елдің 2 181 университеті мойындады. Қазіргі кезде ІВ-ге 125 елдегі 2 122 мектеп кіреді, соның арасында Астана және Алматы қалаларындағы бір-бірден жекеменшік мектеп бар. Ағымдағы айда Қарағанды облысындағы 4 мектепте Халықаралық бакалавриат жобасы іске қосылады», - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Жобаның енгізілуі аймақта жаңа формациядағы мұғалімдерді дайындауға мүмкіндік береді, деп есептейді Ә.Құсайынов.

«Бұл жоба біз үшін біріншіден жастардың зияткерлік капиталына инвестиция құю, оларды әлемнің үздік университеттерінен білім алуға дайындау, орта білімді оңтайландыру үшін жағдайлар құру тұрғысынан өте маңызды», - деп атап өтті аймақ басшысы. Ол ІВ жобасын енгізу бойынша ынтымақтастық өз жемісін беретініне сенім білдірді.

Автор:
ҚазАқпарат