Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ертегілер елінде...


28 декабря 2012, 16:40 | 2 180 просмотров



Жаңа жыл - мерекелердің ішіндегі ең бір ерекшесі. Үстіміздегі Ұлу жылы аяқталып, жаңа Жылан жылы табалдырықтан аттауына санаулы күндер ғана қалды. Аязы мен боранын, ұлпадай ақ қарын ұшырып, алай- дүлей мінезбен келетін осы бір жаңа жыл мересі өзіндік ерекшеге, өзіндік сәнге толы. Безендірілген шырша маңына сәбиден бастап, үлкендерге дейін жиылып, оның сұлулығын тамашалауға жыл сайын тоймаймыз. Сонау-сонау алыстан келетін Аяз Ата мен оның ақ қанатты Ақшақарының шын өмірде барына осы кезде бала тұрмақ өзіміз де сенгіміз келіп, ғажайыпты күтетініміз рас.

Жаңа жыл мерекесі бүгінде қаламыздың барлық мектеп ошақтарында өз сәнімен тойланып жатыр. Осындай кішкене бүлдіршіндерге арналған шырша кеші қаламыздың №14 орта мектеп гимназиясының төрінде де өтті. Мектеп алды даярлық тобының сәбилері сүйікті мерекелерін барлық сән- салтанатымен қарсы алды. Бір сәт ертегілер еліне еніп кетіп, сүйкімді аңдармен бірге саяхат жасап, түрлі жаңа жылдық жұмбақтар шешіп, бала көңілмен мәре- сәре болысты. Жаңа жыл кеші мен Аяз Атаның құрметіне арналған балдырғандар жыры шырқалып, көңілдерді шалқытты. Кеш барысында беркелі де жақсылыққа толы болған Ұлу жылы сәбилерге алдағы уақытта сәттілік тілеп, келешекте сабақтарын кілең беске оқуды тапсырып, тарих қойнауына еніп кете барды. Ал, табалдырықтан аттағалы тұрған Жылан жылын бүлдіршіндер әсем ән, мың бұралған бимен қарсы алды. Олай болса, келер жыл ізгі жақсылықтарға толы болып, молшылығы мен берекесін халқымызға ала келсін.

Автор:
Динара АУЖАНОВА өз тілшіміз