Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында


28 января 2010, 23:44 | 7 620 просмотров



Білімділік мақсаты: Сабақты ойын түрінде өткізе отырып оқушылардың Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлік істерін қандай дәрежеде білетіндіктерін тексеру, олардың тарихи білімін одан әрі арттыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пайдаланып, ойландыратын сұрақтар беру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандықтардың ерлік істерімен оқушыларды таныстыра отырып олардың бойында елжандылық , отан сүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ойын сабағы.

Сабақ барысы: Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

І кезең. Үш оқушыдан тұратын әділқазылар алқасын сайлау. Оқушыларды бес топқа бөліп, топтың атын Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлардың атымен атау, олардың ерлік істерін қысқаша баяндап өтіп топпен таныстыру.

ІІ кезең. Көкпар: Ойын шарты оқушыға 25 сұрақ беріледі, оған нақты әрі жылдам жауап беру керек. Бұл турда ең аз ұпай алған екі топ ойыннан шығады. (дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі).

1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды? (1941)

2. Егер фашистік Германия КСРО-ын жаулап алған жағдайда Қазақстанды қандай рейхкоммиссариат құрамына кіргізуге көздеді? (Үлкен Түркістан)

3. Соғысқа қанша Қазақстандық аттанды? (1млн.196164)

4. Қазақстандағы 27 әскери оқу орны қаншама мың офицерлерді оқытып шығарды? (16 мың)

5. Соғыс жылдарында қаншама қазақстандық әскери дайындықтан өтті? (2млн.)

6. Генерал-майор И.В.Панфилов басшылық еткен дивизия. ( 316 атқыштар дивизиясы)

Қошқарбаев Думан Тоқанұлы 1963 жылы 13 ақпан айында дүниеге келген. 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиетті тарих факультетін бітірген. Білім саласындағы еңбек өтілі 18 жыл. 1998 жылдан бастап К.Д.Ушинский атындағы №7 орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаруда.

7. 316-атқыштар дивизиясы қай майданда шайқасты? ( Мәскеуді қорғау)

8. Мәскеу түбінде жау қоршауынан өз батальонын алып шыққан аға лейтенат кім? (Бауыржан Момышұлы)

9. Кеңес Одағының Батыры атағы Бауыржан Момышұлына қай жылы берілді?

(1990 )

10. Бауыржан Момышұлына Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы қай жылы берілді? (1995)

11. Бородино селосында неміс бөлімінің штабына кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған қазақ жауынгері кім? (Төлеген Тоқтаров)

12. Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 Фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан жауынгер кім? (Рамазан Амангелдиев)

13. Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етіп «Өмір жолын» салуға қатысқан қазақстандық дивизиялар. ( 310-атқыштар дивизиясы, 314-дивизия)

14. А.Матросовтың ерлігін қайталап жау азотын кеудесімен жапқан қазақ жауынгері кім? (Сұлтан Баймағамбетов)

15. Ленинград шайқасындағы ерлігі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған қазақ қызы кім? (Әлия Молдағұлова)

16. Қоршаудағы лениградтықтарға арнап «Ленинградтық Өренім» өлеңін жазған ақын кім? (Жамбыл Жабаев)

17. Ленинград қоршауы қанша күнге созылды? (900)

18. Ленинград басқыншылардан толыққай жылы азат етілді? (1944)

19. Қазақстанға ең жақын майдан. ( Сталинград шайқасы)

20. Қазақстанның қай бөлігінде жаудың алғашқы ұшағы пайда болды? (Атырау)

21. Қазақстандық партизандардың саны қаншаға жетті? (3,5 мың адам)

22. Берлин операциясы қай жылы басталды? (1945 жыл, 16 сәуір)

23. Рейхстагқа ту тіккен қазақ офицері кім? (Рақымжан Қошқарбаев)

24. Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды? (1945ж. 9 мамыр)

25. 2010 жылы Ұлы Отан соғысының жеңісіне неше жыл толады? (65 жыл)

ІІІ кезең. Ойлан тап. «Сталинград» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып, әрбір сұраққа жауап берген топқа 5 ұпайдан беріледі.

IV. кезең. Алтын сандық ойынының шарты конвертке салынған тарихи терминдердің мағынасын түсіндіру. Таңдау мүмкіндігі ең көп ұпай санын жинақтаған топқа беріледі. Осы ойыннан кейін ең төмен ұпай санын жинақтаған топ ойыннан шығады. Әрбір дұрыс жауап-

қа бес ұпайдан беріледі.

1. Конвертте. «Фашизм», «Террор», «Тактика».

Фашизм (италь.фаши-ұғым, одақ) – италян тілінде «ұйым» деген сөз.

Террор (лат. Terror – қорқыныш, үрей) – саяси жауға қарсы күрестің адамды өлтіруге дейін баратын шиеленіскен түрі.

Тактика (гректің әскери тізу өнері) – стратегияның бір бөлігі, көздеген мақсатқа жету үшін, іс-әрекеттерінде қолданылатын тәсілдер мен әдістердің жиынтығы.

2. Конвертте. «Стратегия», «Соғыс» , «Саясат».

Стратегия - белгілі бір тарихи кезеңдегі күрестің бағытын анықтау.

Соғыс – мемлекеттер мен топтар арасындағы өздерінің экономикалық-саяси мақсаттарын жүзеге асыру үшін жүргізілетін қарулы күрес, саясаттың күш көрсету арқылы жүргізілетін жалғасы.

Саясат – қоғамдық мүдделер үшін көзделген мақсаттар мен міндеттерге жету жолында қолданылатын әдістер мен амалдар.

3. Конвертте. «Партизандық соғыс», «Патриотизм», «Оккупация».

Партизандық соғыс – жау армиясының тылында әрекет жасаушы және қарулы отрядтардың күресі.

Патриотизм – Отанын, өз халқын сүюшілік.

Оккупация – бір мемлекеттің территория-

сын басқа мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы.

4. Конвертте. «Нәсілшілдік», «Бейтараптылық», «Антигитлерлік коалиция».

Нәсілшілдік – ғылымға қарсы, реакциялық «теория», оның баяндауынша, адам нәсілдігіне табиғаттың өзі белгілеген дене және ақыл теңсіздігі болады-мыс.

Бейтараптылық – халақаралық құқықта соғысқа қатыспай, соғысушы екі жақпен де бірдей бейтарап позицияда болатын мемлекеттің саяси және құқықтық жағдайы.

Антигитлерлік коалиция – екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлершіл Германияға , фашистік Италияға, милитаристік Жапонияға және олардың сыбайластарына қарсы күрескен мемлекеттер мен халықтардың жаугерлік одағы.

5. Конвертте. «Барбаросса», «Моблизация», «Тыл».

Барбароссса – фашистік Германияның соғыс жоспары.

Моблизация – мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру.

Тыл – соғыс майданынан аулақ жер, соғыс жоқ ел іші, соғысушы армиялардың арт жағы.

V кезең. «Айтыс» мұнда соңғы қалған екі топ бір-біріне тақырыпқа байланысты он-оннан сұрақ қояды. Әрбір дұрыс жауапқа бес ұпайдан беріледі.

Автор:
Д.Т.Қошқарбаев, К.Д.Ушинский атындағы орта метеп, Талдықорған қаласы