Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ


26 января 2013, 00:56 | 3 917 просмотров



Тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі мекеме болып табылады. Балалардың іс-әрекетімен сабақтан тыс уақытындағы шығармашылық қабілетін дамыту өскелең буынға тәлім –тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Бұл бағыттағы жұмысының ғылыми негізде құрылуын бірте –бірте жүйелі күрделендіру, әртүрлі жастағы балалардың білімі мен іскерлігін саралап қарау принципін сақтайтын белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілуінің маңызы зор.

Баланың жеке басын жан-жақты дамыту эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, ақыл ой, дене тәрбиелерімен тығыз байланысының арқасында жүзеге асырылады. Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелей аламыз. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту дегеніміз –ұмытылу, іздену. Біз баланың шығармашылық қабілетін даму үшін жаңа технологиямен жұмыс істеуіміз қажет. Жаңа технологияның мақсаты - баланың шығармашылық қабілетін ашу, соның негізінде ой- өрісін дамытуда белсенділігін арттыру, өзіне деген сенімін күшейту, өзін -өзі тәрбиелеуге қызмет жасау.

Сондықтан сабағымызда қолдана отырып, өзгеріс, жаңалық енгіземіз. Ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастырамыз. Осыған орай, балалардың білімге қызығушылығын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып танымдық белсенділігін, шығармашылық қабілеттін, ақыл-ойын, қиялын дамыта аламыз. Менің алдыма қойған мақсатым балалардың бейнелеу өнерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту, сабақта жаңа технологияларды үлгілерін пайдалану. Сол себепті сабағымды қоршаған ортамен байланыстырып, өздігінен жұмыс жасауға баулып, көзбен көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, сабақта жаңа технологияларды үлгілерін пайдалану. Балаларды шығармашылыққа баулудың өзіндік іс - әрекеттерін ұйымдастырудың түрлері өте көп. Солардың бірі орталыққа бөліп сабақ өту, жеке жұмыстар жүргізу, ұжымжық жұмыс жасау. Балалармен жеке жұмыстар жүргізуде топта белсенділігі төмен балалармен сурет салу жұмыстарын жүргіздім. Қылқаламды дұрыс ұстау, бояу түрлерін ажыратуға, таңдай білуге, бояуды араластыру арқылы, басқа бояу түрлерін алуға үйреттім. Балалар суреттер салу арқылы композиция құрастыра алады. Осындай жұмыстың нәтижесінде көрмелер, жарыстар, саяхаттар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар үйірме жұмыстарын күннің 2-ші жартысында жүргіземін. Жылдың аяғында баланың білімі сарапталып, көрсеткіштері анықталады. Балалармен үнемі жұмыс жасай отырып шығармашылық ізденіске жетелеймін. Баланың жетістігін мақтай отырып, өз ісін талдай білуге ықпал жасаймын. Жасалған жұмыстарға қарай, балалардың бейімділік деңгейін анықтаймын. Өз тобымдағы балалардың салған суреттеріне қарай отырып мен олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын, сурет салу барысында қолданған бояуларының түр-түсінен, көңіл –күйлерін, қуаныштары мен сүйеніштерін ажыратып байқай алдым. Салған суреттер жайлы әңгімелесу барысында мен баланың қызығушылығын, талпынысын байқадым. Өз жұмысымның есебі бойынша ата-аналармен сұхбаттаса отырып «Балаларға сурет салуды үйреттіңіз » атты ақыл-кеңес бердім. Сурет салу, желімдеуді үйретудің маңыздылығы баланың ақыл –ойын дамытудағы қиындылығына қарамастан ата –аналар тарапы бір ауыздан қолдады. Сурет салудың құндылығын арттыру мақсатында ата-аналарға балалармен бірге сурет салуды ұсындым. Балалардың дұрыс сурет салулары үшін мен дидактикалық ойындарды қолданып, кейбір балалармен жеке жұмыс жүргіздім. Дидактикалық ойындарды меңгерген балалар суретті жақсы салатын болды. Қорыта айтқанда, бала бойында шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшынып оқуға, білім алуға деген ұмтылыс күнен –күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана баланың ішкі дүниесі сыртқы ортамен байланыса дамып, баланың дүние танымы арта түседі.

Автор:
Нұрбақыт ЖАЛТАҢБАЕВА «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Райымбек ауданы