Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ


22 февраля 2013, 18:03 | 2 184 просмотра


Қазіргі мұғалім өмірдің дауынан кейін қалмауы шарт, сол ретте өзінің идеалық-теориялық дережесін, методикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіріп отыруға міндетті. Күнбе-кун маркстік-лениндік теорияның толғақты мәселесін, партиямыздың документтерін терең оқып зерттеуді, ғылыми және методикалық мамандықты арттыруды бір минут қалыс қалдыруға болмас еді. Мұғалімнің өзі білмейтінін басқаға үйрету мүмкін емес.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің программасы мен оның жаңа оқу жүйесі мұғалімнің де, оқушының да творчествалықпен жұмыс істеу үшін, әр бір мұғалім күнделікті өзіңдік білімін, жетілдіріп идеялық-теориялық мәселелерге көбірек назар аударғаны жөн.

Ана тілі мұғалімдердің алдына мектеп оқушыларын дұрыс оқуға, жазуға және сөйлей білуге дағдыландыруда зор талаптар қояды. Методикалық шеберлік те теориялық білімде, көрнекілік пен техникалық құралдардың көмегіне сол талаптарды мінсіз орындауға қызмет етеді. Балаға тиянақты да терең білім беру мұғалімнің дағдыға айналған творчестволық жұмысының нәтижесінде іске асыратын тәжірибелер көрсетуде.

Білімі дәйекті болу үшін оқу процесінде оқушылардың өздерінің жұмыс істеуіне, өздігінен білім алуына жол ашу, оларды ойландыратындай сипаттағы өздігінен істелетін жұмыстарды методикалық әдістердің бірі ретінде сабақтарға тұрақты қолдана білу керек болады.

Теориялық білімді практикалық дағдымен ұштастыра білу, оқыту процесіндегі ең өзекті мәселенің бірі. Оның бір бұрышы оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне тығыз байланысты.

Ұлы жазушы әрі педагог Л.Н. Толстойдың өз кезінде үйрететін материалды қызықты етіп беруді мұғалімдердең талап еткені мәлім. Сабақтың қызықты болып өтуінің бір тәсілі ретінде ойын элементтерін пайдаланамыз. Ойын арқылы баланың түрлі адамгершілік қасиеттері мен қатар білімге, өнерге деген құштарлығын оятып, сабаққа деген ынтасын, оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын мойлайтып, сөзді еркін өз мағанасында қолдануда тез не дұрыс сөйлеуге жаттықтыруда ойын бірден-бір таптырмайтың құрал. Бұл жерде «...Бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілің нәзік қасиеттерін уйренеді тілдің музыкасын ұғынады» деген М. Горький сөз ойға оралады.

Сабақта ойынды дидактиқалық материал ретінде пайдалану кластағы оқушыларды түгелдей сабаққа жұмылдырып, өткелі отырған тақырыпқа көңілдерін еріксіз аударады. Тіпті нашар оқидыау деген оқушылардың өздері де ойын элементтері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қалмау үшін сабаққа белсенді қатынасып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сондықтан сабаққа ойын элементтерін қолданудың нәтижесі әр баланың жеке басының дамуына әсер етеді.

Ойынды қолданбай тұрып-ақ оқушы оны сабаққа не себепті қолданғалы отырғанымызды білуі қажет. Бұл кластың көңілі өтетін тақырыпқа аударып, оның сабаққа саналы қатынасуына мүмкіншілік жасайды.

Сабақтын мазмұнына сай ойын элементтерін қолдануға балалар іштей әзірленеді, бұл оның психологиясына әсер етіп толғанады, оқушы әсерленеді, қоңіл-күйі өзгеріп-естіп, көріп білеуге деген құштарлығы артады. Біздер ойын элементтерін сабақ процесінде дидактикалық материал ретінде пайдаланып жүрміз.

Кластағы балаларды бірнеше топқа бөліп қойғанмын. Қай топқа тапқыштар көп болса, сол топ жеңіп шығады, грамматикалық ойындар кез-келген сабақта емес, лайықты тақырыпқа байланысты ғана жүргізілетін жаттығу жұмысының түрі.

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды өту барысында ойынды былай ұйымдастырады.

1.Тауда жоқ, сайда бар,

Атта жоқ, тайда бар,

Биеде жоқ, түйеде бар,

Қозыда жоқ, қойда бар,

Жиында жоқ, тойда бар,

Осындай тағы қайда бар,

Бұл қай әріп,

Қане, кім таба алар?-

Деп сұрақ қойғанда, «й» дыбысы екенін балалар табады.

2. Бір құстың атында а дыбысы уш рет қайталанып, 3 ашық буын жасайды. Ол қай құс? ша-ға-ла.

3. Төрт дыбыспен айтылып, 3 әріппен жазылатын қандай адам мүшесі бар? Аяқ.

4. Бес дыбыспен айтылып төрт әріппен жазылатын қандай қыздың аты бар? Әлия.

5. Өсімдіктің аты біріккен сөзден болған. 1-ші сыңары керең сөзің синонимі, 2-ші адам мүшесі. Саңырауқұлақ.

6. Біріккен сөздең болған әңгіме аты. 1-ші сыңары мал атауы, 2-ші сыңары кедей сөзінің антонимі. Түйен бай.

7. Қандай есімдік зат атауымен омонимдес (Бұл, біз).

8. Қыста түсем ақ болып, барыс септігі жалғанса шыға келем құс болып. Қарға.

9. Бөлек жазсақ қара сөзінің антонимі, 2-ші атауы географиялық атау. Ақтобе.

10. Сөз ойлау эстафетасы.

ю сс ъезд

ою класс съезд

қою Кузбасс разъезд

көркею Донбасс подъезд

жою конгресс

есею ,жию тою

11. «Қызық» ойыны.

Қызық, қырық, ыссы, іні, ата, ана, кебек, тезек, кезек, кесек, қазақ, қадақ.

Осы сөздерді карточкаға жазып эпидиаскоптан көрсетеміз. Оқушылар бұның неге қызық екенін айтады.

«Қызық»-оңға қарай оқысақ та, солға қарай оқысақ та қызық.

12. Орнын тап.

Барлық септіктердің, сұрақтарды жазып аламыз. Бұның барлығын оқушыларға таратып береміз. Тақта алдында барлығы шығады. Атау одан кейін, одан сұрағы, жалғауы тұрады.

13. Үндемес ойыны.

Элеватор, училище, шофер, слет, т.б. Осыны оқушыларға көрсетеміз. Олар сөйлем құрап жазады. Немесе көру диктантын алуға болады. Оқушыларға бір көрсетіп, өздеріне жаздыру.

Сабақты қызықтыра ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын, жан-жақты ойлану қабілетін, сұраққа дәл жауап іздеу талантын дамытады.

Ойын элементтері араласқан сабақ оқушыларға әсерлі болып, олардың білуге деген құмарлығын арттырып, түсініктерін жетілдіре түсті.

Бұдан барлық сабақты басынан аяғына дейін ойын арқылы өткізу керек деген ұғым тумайды. Оқушылардың түсінігіне қиын тақырыптар кездескенде, сабақты жандандырып түрлендіру керек болғанда,оқушылардың көңілін сабақтын белгілі бір кезеңіне баса аударуды мақсат еткенде, ойын элементтерін ұтымды пайдаланудан мұғалім ұтпаса ұтылмайды.

Ойын элементтері араласқан сабақтың берері мол өрісі кең демекпіз.

Автор:
Ж. А. ТАУРБАЕВА Ш.Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы