Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

НАТУРАЛ КӨРСЕТКІШТІ ДӘРЕЖЕНІҢ ҚАСИЕТТЕРІ


22 февраля 2013, 18:06 | 4 411 просмотров


Мақсаты:

• Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерімен танысу;

• Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін есептер шығару барысында тиімді қолдана білуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру;

• Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ұжымдық мәдениетін қалыптастыру;

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Қайталау сұрақтары

3. Үй тапсырмасын тексеру.

4. Жаңа сабақ

5. Жаңа сабақты бекіту.

6. Перфокартамен жұмыс.

7. Үйге тапсырма.

8. Бағалау.Сабақты қорытындылау.

САБАҚ БАРЫСЫ

I. Ұйымдастыру бөлімі. (2 минут) Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

Сынып оқушылары топқа бөлініп, бір оқушы топ басшысы болып тағайындалады. ( топ мүшелері 4 адамнан аспауы тиіс)

ІІ. Қайталау сұрақтары: (3 мин)(Мұғалім сұрақтар қояды, сынып оқушылары жауап береді)

• Натурал көрсеткішті дәрежеге анықтама беріңдер.

• Натурал көрсеткішті дәреже қандай элементтерден тұрады ?

• “1383” өрнегі қалай оқылады?

• Дәреже негізі мен көрсеткіштерін атаңдар.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру. (8 мин)

А) Үйге берілген есептердің кейбірулерін тақтаға шығару.

Б) Ауызша есептер: 1)1,52 2)32 + 22 3) (–5)2 4)(- 10)2 5)(– 4)2 + 42

6)4∙52

В) Өрнектің мәнін 0 салыстырыңдар:а) (-2)і б) (-7)І в) -1І г) -8І

IV. Жаңа сабақ. Дәптерге сабақтың тақырыбы жазылады. (Оқулықпен жұмыс. Әр топқа бірдей тапсырма беріледі. Оқулықтың 8-10 бетіндегі натурал көрсеткішті дәреженің 1-5 қасиетттерін оқиды, мысалдардың шығарылуын қарайды, түсінеді. ) Әр топқа тапсырмалар беріледі, топ тұжырым жасап, топ басшысы қорғайды.

Топтарға берілетін тапсырмалар: Топ мүшелері қасиеттерді тұжырымдап, ережеге үш мысалдан дәптерге жазады. ( оқушының жауабы ауызша сұралады).

V. Сабақты бекіту. Тақтаға есептер шығарылады. № 5,8, (ауызша)№4 (тақтаға шығарылады) №6,(5,6) 10,12,15 (оқушылар өздері орындайды.)

VІ. Перфокартамен жұмыс. Әр оқушыға 10 тапсырмасы бар,жеке карточка беріледі.Топ басшысы тексереді.

1. а7* а2 * а3

2. в1* в2* в

3. х10 : х7

4. у30 : у12 : у6

5. 22 * 2 * 22

6. 47 : 43

7. а26 : а12 : а3

8. 512 : 57 : 53

9. n * n * n * n * n

10. в12 : в : в : в5

VІІ. Үйге тапсырма. №6(1,2,3,4),№9,№11,№24. .

VІІI. Сабақты қорытындылау. Бағалау (топ басшыларының көмегімен).

Автор:
Жүмагүл ШАЕКЕНОВА №22 орта мектеп математика пәнінің мұғалімі Еңбек ауылы