Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МӘТІНДІК ҚҰЖАТТЫ РЕДАКЦИЯЛАУ


23 марта 2013, 15:09 | 3 101 просмотр


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мәтіндік құжаттарды көшіруге, қиып алуға, оларды қоюға, бір орыннан екінші орынға ауыстыруға үйрету

Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Тәрбиелілік: оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, слайд, компьютер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Ой қозғау.

3. Мағынаны тану.

4. Оқушы түсінігін тексеру.

5. Үйге тапсырма.

6. Бағалау.

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Ой қозғау

1.Microsoft Word -ты қалай іске қосамыз?

2.Құжатты қалай баспаға шығарамыз?

3.Microsoft Word қандай редактор?

4.Microsoft Word терезесімен таныстыр

ІІІ. Мағынаны тану

Редакциялау дегеніміз – өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.

Редакциялау – құжаттың белгіленген символдарын немесе бөліктерін көшіру, өшіру және орын ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Көшіру құжаттың белгіленген орындарына қойып көбейтуге мүмкіндік береді. Орын ауыстыру кезінде белгіленген бөлік қиылып алынып, құжаттағы тиісті орынға қойылады, ал өшіргенде ол тек қана қиылынып алынады

Мәтіннің символын немесе бөліктерін көшіру үшін:

1.Мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз.

Тышқанның оң жақ батырмасын басып – Көшіру (Копировать) командасын орындаймыз

2.Мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз.

Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз

3. Мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз.

Пернетақтада CTRL+С пернелер комбинациясын басамыз

Мәтіннің символын немесе бөліктерін қиып алу үшін

1.Мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз.

Тышқанның оң жақ батырмасын басып –Қию (Вырезать) командасын орындаймыз

2.Мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз.

Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз

3. Мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз.

Пернетақтада CTRL+ Х пернелер комбинациясын басамыз

Мәтіннің символын немесе бөліктерін қою үшін

1.Қиып немесе көшіріліп алынған мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз. Тышқанның оң жақ батырмасын басып – Қою (Втсавить) командасын орындаймыз

2.Қиып немесе көшіріліп алынған мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз. Стандарттық аспаптар тақтасындағы батырмасын шертеміз

3. Қиып немесе көшіріліп алынған мәтін символын немесе бөлігін белгілеп аламыз. Пернетақтада CTRL+ V пернелер комбинациясын басамыз

IV. Оқушы түсінігін тексеру.

1 – тапсырма

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзінділерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосу, мәтіннің шекараларын тегістеуге, жолдарды экранның ортасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, түрлі тілдердің алфавиттерін, сондай – ақ гарфикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде орналастыруға болады.

Тапсырма:

• Мәтінді өз атыңмен сақта.

•Біріншіден, екіншіден, үшіншіден деген сөздерді қарамен астын сызып жаз.

•Бірінші абзацтын көшірмесін жасап, оны келесі бетке қой

•Екінші абзацты қиып алып, мәтіннің соңына қой

V. Үй тапсырмасы : § 19 оқу

VІ. Оқушыларды бағалау

Автор:
Дильдара ТАЗАБЕКОВА информатика пәнінің мұғалімі Алтынсарин атындағы орта мектепПанфилов ауданы Жаркент қаласы,