Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТЕСТІК ЖҮЙЕНІҢ МАҢЫЗЫ


23 марта 2013, 15:10 | 1 776 просмотров


«Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет » - деп Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей,білім беру ісі кез келген қоғамның жан-жақты кемелденіп дамуына өркендеп-өсуіне ерекше ықпал етеді.

Білім-теңіз,оның тереңіне құпиясын ашатындар ғана бойлай алмақ.Ондай адамдарды дайындайтын,білім,тәрбие беретін бала жанының бағбаны-мұғалім.Әр баланың бойындағы қабілетін танып,дарынын ашып,болашаққа нық сеніммен аттандыру-мектептің, «Мектептің жүрегі-мұғалім»,яғни мына біздердің міндетіміз.

Қазіргі кезде білім деңгейінің көрсеткішін Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысынан көруге болады.Стандартқа сай білім беруде тестік жүйенің маңызы өте зор болып отыр.«Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып,өзге пәндерді түсіну мүмкін емес»,-деп Ж.Аймауытов айтқандай,ана тілді меңгермеген баладан басқа қандай білім сұрауға болады?

Сол себепті,қазақ тілі пәнінен әр сабағымды әр түрлі әдіс-тәсілдермен,ақпараттық технологияны,инновациялық әдістерді қолдану арқылы өткізуге тырысамын.Алға қойған мақсатым,қазақ тілі мен әдебиет пәнінен білім сапасын арттырып,ҰБТ-ден жақсы нәтиже көрсету.

Сабақ бергем оқушыларым ҰБТ-ден білім сапасын жоғары дәрежеде көрсетіп отыр.Мұны өз еңбегімнің нәтижесі деп айта аламын.Оқушыны тестке дайындауда мынадай жұмыстар басты назарда болды:

1. Барлық оқушылардың ережелерді жетік білуі;

2. Жеке оқушымен жұмыс;

3. Жаттығулармен жұмыс («Шың»);

4. Әр тест сұрақтарымен жұмыс;

5. Әр тарау бойынша жұмыс;

6. Меңгермеген тақырыпты қайталау жұмысы;

7. Тақырыптық тестпен жұмыс;

8. Тірек-сызба арқылы түсіндіру жұмысы;

9. Қатемен жұмыс;

10.Талдаулармен жұмыс;

11.Сұрақ-жауап

12.Ата-анамен үнемі байланыста болу;

Осы жұмыстарды атқарғанда ғана нәтиже болатынына сенімдімін.Ұстаз талмай,шаршамай,үздіксіз,уақытпен санаспай еңбек етуі қажет.

Көне грек философы Платон: «Егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан шығын шеге қоймайды,ал ұстаз өз міндетін нашар орындаса,онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді»,-дейді.

Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы-ертеңгі Егеменді еліміздің тұтқасын ұстайтын иелері.Ертеңгі күннің қандай болатыны солардың білімі мен тәрбиесінен көрінеді.

Ойымды қорыта келе,айтайын дегенім,өркениетті елдермен иық тіресіп тұру үшін де білікті маман,жоғары сапалы білім қажет.Ал оқушылардың білімі тестпен анықталып отырғандықтан,бар күш-жігерімізді осыған салуымыз қажет деп ойлаймын.

Автор:
А.Н. ДУЛАТОВА ұазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шатырбай орта мектебі Сарқан ауданы