Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«АҚЫЛДЫЛАР, ТАПҚЫРЛАР, ОЙШЫЛДАР»


23 марта 2013, 15:11 | 2 245 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1.оқушылардың оқу жылының алғашқы жартысында алған білімдерін қайталау, пәнге деген қызығушылығын арттыру

2.тарихи оқиғаларды талдай білуге үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

3.дүние жүзі тарихымен Қазақстан тарихын байланыстыра оқуға үйрете отырып,патриоттық тәрбие беру

Көрнекі құрал: карта суреттер

Паб:Қазақстан тарихы

Сабақ түрі:интеллектуалды ойын

Өткізілу әдісі: жарыс

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру

2.Төрешілермен таныстыру

3.Ойынға қатысушылармен таныстыру

4. Ойын шарттарымен таныстыру

1.Мұғаім: хх ғасыр космос, атом, соғыс компьютер, жоғары сән ғасыры болды. Бұл ғасыр қалай басталды Осы ғасырда кімдер тарихта атын қалдырды Осыны білу үшін Герадот бастап жазған тарихты үйренудеміз. Кім білімпаз тарихшы екенін бүгінгі ойын көрсетеді. Ойынның ұраны «Өткенді білмеген болашақты сатады»

«Бәйге»

(ойын шартымен таныстыру. Әр сұраққа дұрыс жауап бір ұпаймен есептеледі. Кім бірінші жауап береді сол ұпай иесі болып саналады)

1.Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иелік(латифундрия )

2.Англиядағы кәсіподақ-тредюнион

3.Мемлекеттік ереже-Заң

4.4рет президент болған АҚШ президенті-Рузвельт

5.Әлемді бағындыру үшін біз, Қытайды бағындыруымыз керек»- кімнің сөзі (генерал Танака)

6.«Адамзат күш көрсетуден тек, күш көрсетпеу арқылы құтылады»-(М.Ганди)

7.Қай генерал-губернатор тыл жұмыстарынан полиция, имам, молда, есепшілерді босатты?-(Куропаткин)

8.1916 жылғы көтерілісте А.Иманов қандай қызмет атқарды?-(сардар)

9.Бұрындай асуында дарға асылған көтеріліс басшысы-(Б .Әшекеев)

10.ҚазАССР-ң бірінші астанасы-(Орынбор)

11.Кадет партиясының мүшесі, Омбы орман шаруашылығы институтының түлегі-(Ә.Бөкейханов)

12.Түрк-Сіб темір жолын салуға қатысқан қазақ инженері-(М.Тынышбаев)

(Ұпай санын анықтау)

«Халық дәстүрі»

1.Мұны мойынға ,бас киім мен жағаға тағады.Оны қымбатты матадан,асыл тастар мен металдан жасайды, ол 4 бұрыш, 3 бұрыш болуы мүмкін ( тұмар)

2.Қуанышты хабар әкелуші кісі өзін қуантуды сұрайды. Ал жақсы хабарды естіген кісі « Қалағаныңды ал дейді»(сүйінші)

3.Соғыс кездерінде келісімге келісуші жақтар балаларымен алмасты (аманат)

4.Жасы үлкен кісі тілейтін тілек(бата)

5.Бұл көңілді дәстүрді үлкендер де, балалар да жақсы көреді.Бұл жақсылық нышаны, сәттілік әкеледі деп сенеді және жейді(шашу)

(Ұпай саны анықталады 3 оқушы қалу керек)

«Көк жәшік» ойыны (ойын шарты бойынша жәшік ішінде жатқан затты табу керек)

1.Бұл Қазақстандықтардың мақтанышы болып саналады. Ол Елтаңбада бейнеленген. Қазақстан оны сыртқа экспорттайды (бидай)

2.Бұл жәшікте Қазақстандықтардың міндеттері, құқықтары жасырылған (ҚР Конституциясы)

3.Өткен замандарда әр халықтар оның орнына тұз,мал,жібек мата берді. Бүгінгі күнде онсыз күн көру мүмкін емес.(ақша)(ұпай санын анықтау)

«Сіз кімсіз»

(оқушылар мәреге жету үшін түсті жолдарды таңдайды)

Қызыл-қысқа жол-1сұрақ шатаспау керек

Сары-орташа-3 сұрақ 1қате болады

Жасыл-ең ұзын жол- 4 сұрақ 2 қателік болады

1.Сіз-Мұстафа Шоқай, өте білімді, саяси қайраткер, түрік, орыс, ағылшын,француз және бір тілді жетік білесіз ол қай тіл?-(поляк)

2.Сіз- Чан Кайши Қытай саясаткері, әскери дәрежеңіз бойынша сізді қалай атайды?-(генералиссимус мырза деп атайды)

3.Сіз-М.Ганди Үндістан Ұлттық Конгресінің әкесі және идеологы. Сіздің ойыңызша« жек көруді жеңудің сыры неде.?-( Жек көруді сүйіспеншілікпен жеңу керек.)

4.Сіз-генерал-Танака Жапон премьер министірі. Сіздің жоспарыңызда «Қытайды бағындырғаннан кейін» не жоспарладыңыз?

Жауап-Үндістанды және теңіздегі елдерді жаулап алу

5.Сіз –Сталин .И.В. өлең жазасыз, елге басшылық етесіз.Сіздің шын фамилияңыз Джугашвили, жанама Сталин, Батыс-Джо ағай дейді. Ал партия қойған атыңыз қалай ?

( Коба)

6.С із-Тұрар Рысқұлов Әулиеатадағы Жастар қозғалысын ұйымдастырушы, бала және жас кезіңізде әкеңіз Рысқұлдың старшынды өлтіріп, айдауда болғанына байланысты фамилияңызды жасырдыңыз. Сіз бастауыш білімді қайдан алдыңыз?-(Меркеде)

Жеңімпазды анықтау. Марапаттау

Қорыту. Осымен біздің « Ақылдылар, тапқырлар, ойшылдар» атты сайысымыз аяқталды. Келесі ойында жолыққанша сау болыңыздар.

Автор:
Салтанат НҮСІПӘЛИЕВА, Доланалы орта мектебінің бірінші санатты тарих пәні мұғалімі. Кербұлақ ауданы