Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТҮБІР СӨЗДЕГІ ӨЗГЕРІСТІ АНЫҚТАУ


23 марта 2013, 15:18 | 2 523 просмотра


Мақсаты:Түбір мен қысымша туралы білімдерін тиянақтау.

Түбірге қосымша жалғанғанда кейбір түбірдің жазылуы өзгермейтін және өзгеретінін анықтау.

Халық педагогика элементтерін пайдалана отырып,

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Слайд, үлестірмелер.

Сабақтың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс:Дүниетану, ана тілі.

Сабақ барысы:

І-Ұйымдастыру кезеңі.

-Бүгінгі күні құт болсын

Есіктерім ашылып

Құбыласы тең болсын.

Ұл , қыз деп бәрі бөлінбей,

Тату болсын бәрі де,

Бүгінгі күнмен құттықтап.

Бақ тілеймін бәріне,

Досым, бауыр, ініме.

Тату болсын еліміз,

Тату болса еліміз,

Тыныштық болар жерім де.-деп

Бүгінгі сабағымызды бастайық.

сөздің жазылуы өзгерістерін анықтаймыз. Сауатты сөйлеуге,

жазуға үйренеміз. Менің сендерге осындай тілегім бар.

Өнер, білім көп оқып

Өсе берсін санаңыз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ-Өткен тақырыпты қайталау.

Кестеге қарап айтындар мына қосымшаның аты не?

Қайдан білдіңдер?

Түбір сөзге жұрнақ жалғанғанда туынды сөз жасалады.

КҮШ-КҮШТІ

(слайд)

Сиыр- сиырлар- сиырларға

Сиыр-сиыршы- сиыршыларға

Сурет арқылы түбірлес сөздерді жасап сөйлем құрастыру.

Шалғыншы шалғыны алып шалғынға кетті.

Жылқышы жылқы бағады.

-Ал жылқы туралы не білесіңдер?

-Төрт түліктің бірі.

-Жылқының суреті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Елтаңбасында неліктен бейнеленген?

-Жылқы-ежелден қазақтың өмір серігі. Қазақтың үй шаруасына қолғанат болған Елтаңбада шаңырақты екі жақтан көмкеріп тұр. Олар біздің бәріміздің ортақ үйімізді қорғап тұр.

Ал бие сүтінен қандай тағам жасалады?

Қымыз- дертке шипа, денеге күш.70 түрлі ауруға ем. Ата-ба-

баларымыздан қалған тыйым-сөздерді біліп жазып алайық.

-Атқа оң жағынан мін.

-Аттың жалынан тартпа.

Ат туралы мақал – мәтел де аз емес.

-Ат мал патшасы.

--Тапсырма: осы сөйлемдерде түбірлес сөздерді тауып астын сызу.

ІV-Тақырып бойынша жұмыс.

1. Слайд. Суреттер арқылы мұғалімнің түсіндірмесі.

Доп-добы, қолғап-қолғабы, қасық-қасығы,

Қонақ-қонағы,

2. Өз бетімен жұмыс.

І-нұсқа ІІнұсқа

Жануарларды тереп жазу Жеміс көкөніс туралы

Үйрек-үйрегі өрік –өрігі

Тауық- тауығы асқабақ-асқабағы

Есік-есігі картоп –картобы

Өзгерістерді анықтау.

3.Кестемен жұмыс

Тап-табу- тауып, жап-жабу- жауып,

Сеп –себу –сеуіп, теп-тебу-теуіп

Түбір сөздегі өзгерістердді анықтап алу.

4.Кітаппен және тақтамен жұмыс.

5.Дидактикалық ойын «Кішкентай мұғалімдерміз»

V-Сабақтың қорытындысы.

-Қандай тақырып бойынша жұмыс істедік?

-Қазақ тілі қызықты да, қиын екен.

VІ-Үй тапсырмасын түсіндіріп беру.

Автор:
Гаухар АКШАПБАЕВА бастауыш сынып мұғалімі Б.Қосынов атындағы ортамектебінің