Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Б. ЖҰМАҒҰЛОВ «E-LEARNINQ» ЖОБАСЫН АЯҚТАУДЫ ҰСЫНДЫ


23 марта 2013, 15:27 | 1 846 просмотров



«Әлемдік трендтерден қалып қоймау үшін электронды оқытуды жылдам игеруді қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты «e-learninq» жобасын аяқтау мерзімін 2020 жылдың орнына 2016 жылды белгілеп, қарқынды түрде енгізу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жобаны жедел түрде іске асыру параметрлерінің нақты есебі жасалды. Бұл өз кезегінде қысқа мерзім ішінде оқу үдерісін және электрондық қызметтерді толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді.

«Осылайша аталған технологиялар бойынша әлемдік деңгейге қол жеткіземіз»,-деп пайымдап отыр Б. Жұмағұлов.

15 ПАЙЫЗҒА АРТТЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

«Яғни, білім беру сапасы тікелей артады. Бұл - әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді және біздің таңдаған жолымыздың дұрыстығын растайды»,-деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні электронды оқыту жобасымен 581 ұйым қамтылған. «Мемлекеттік білім бағдарламасына сәйкес 2015 жылы осы жобаға білім беру ұйымдарының 50 пайызын, ал 2020 жылы 90 пайыздан астамын қосу қажет. Жоба өте ауқымды және 5 млн. астам адамды қамтиды. Олардың ішінде оқушылар, педагогтар, сондай-ақ ата-аналар бар. Электронды оқыту балабақшадан бастап, жоғары білім мен ғылым жүйесіне дейінгі барлық білім деңгейлерінде қолданылатын болады»,-деді Б. Жұмағұлов.

Автор:
Руслан ҒАББАСОВ