Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

БІЛІМ БЕРУДІҢ 7 КЕРЕМЕТІ


24 мая 2013, 10:42 | 2 382 просмотра



Ең алғашында үш айлық мұғалімдердің біліктілігін жеткізу курсына барасың дегенде менде «жаңалықты білсем ,жаңа әдіс- тәсілдерді үйренсем» деген құлшыныс болды,бірақ дегенмен саралай ойлап қарағанда бұл курс «жаңалықтың лебі» болғанымен жеңіл жұмыс емес екеніне көзім жетті. Бірақ НЗМ мектебіне ПШОға келгенде 1 топтың тыңдаушыларын, топ тренері Қазығұлова Гаухар Ясынқызын көріп, тыңдағанда мен басқа бір таныс емес әлемге түскендей болдым .Білім берудің 7 кереметі жайлы топ тренері бар күшін салып білім берудің жаңа жолын айтып қана қоймай көрсетіп, оның қаншалықты оқушы мен мұғалімнің өміріне қажет екенін дәлелдегенде, мен білім берудегі Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор екенін түсіндім Екінші деңгей бағдарламасының мақсаты:

-білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістер ді қолдау;

Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да,мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып,оның еркіндігін,белсенділігін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Міне, сондықтан Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор.Ол өзіндік жеті модульден тұрды:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

2) Сыни тұрғыдан ойлау;

3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;

4) Білім беруде АКТны пайдалану;

Ұйымдастыруда алғашқы қадам оқушыларды топқа бейімдей отырып, сыныпта психологиялық атмосфераны қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан оқушыларды топқа бейімдеу үшін түрлі психологиялық тренингтер өткізіп, сабаққа қатысты топтастыру жүргізуге болады.Екінші қадам бағдарламаның жетекші жеті модулін сабақтар топтамасына енгізу бағытында орын алды.Бар модулді бір сабаққа кірістіру мүмкін емес,сондықтан бір сабақта кемінде үш-төртеуін кірістіруге болады. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерде балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады, жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға алады.Оның негізінде оқушылар мен мұғалім арасында өзіндік ой- пікірді жүйелеу амалы қарастырылады.Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып,оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге,өз ойларын анық жеткізуге,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді,ізденіске б а у л ы п , е с т і п , к ө р і п , б і л г е н і н түйіндеп,пайдалана білуге үйретуді көздейді.

Мұғалімдер мен балалар үшін өздерінің қандай мақсатқа жетуді көздейтінін,мақсатқа жету өлшемдерін түсіну не үшін керек екенін білу маңызды.Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін де қарастырады. Кері байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе. Жалпы қорыта айтқанда,аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Яғни,оқушы өз ой – пікірін ашық еркін айтады, ,бір-бірін тыңдауға үйренеді. Cондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс.

Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың маңызы зор екенін барлық ұстаздар мойындаса екен деймін.

Автор:
Суретте НЗМ ПШО 1 топ тыңдаушылары мен топ тренері Қазығұлова Г.Я. Мейрамгуль МАСАБАЕВА №4 орта мектеп мұғалімі НЗМ ПШО тыңдаушысы Талдықорған қаласы