Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДА


28 июня 2013, 09:45 | 2 035 просмотров



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалық етуімен Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бақылау кеңесінің негізгі міндеті – жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамның қатысуын, айқындылық пен жауапкершілікті қамтамасыз ету. Кездесу барысында сөз алған Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, Бақылау кеңестері еліміздің әрбір жоғары оқу орнында үлгі және өнеге эталоны болу қажет.

Кезекті отырыста Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі есебі тыңдалды. 2012 жыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін Даму стратегиясын толыққанды жүзеге асыру жылы болды. Стратегияны жүзеге асыру барысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу барысында бекітілген стратегиялық бағыттарды нақты орындады. Университеттің даму сатылары 4 басым бағытпен айқындалған болатын: Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау; Университетті еуразиялық кеңістіктегі зерттеу орталығы ретінде қалыптастыру; Кадрлық әлеует пен басқару жүйесін дамыту; Инфрақұрылым мен материалдық-техникалық база¬ны дамыту.

Олардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің QS халықаралық рейтингтің көрсеткіші бойынша 17 000 жоғары оқу орнының арасында 400 жетекші университеттер қатарына енуі, Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің бас рейтингісінде 1-орынға ие болып, «Алтын сапаны» қанжығасына иеленуі.

Сонымен қатар стратегияның кейбір бөлімдерін жүзеге асыру барысында жалпы мәселелер туындауда. Оның ішінде магистратура және докторантурадағы білім беру бағдарламаларына қатысты жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін шектейді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың баяндауынша, министрліктердің тараптарынан арнайы мамандықтарға деген қажеттіліктерді анықтау қажет. Ал Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осы ойды өрбітіп, техникалық мамандық иелеріне деген сұранысты сөз етіп, өндіріс иелерінің қызығушылық тетіктерін анықтауға кеңес берді. Сөз соңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясын орындау барысындағы барлық мақсатты көрсеткіштерді артығымен орындады деуге толық негіз бар.

Автор:
Әсел ШАЖАЕВА