Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


26 октября 2013, 07:22 | 3 214 просмотров


Тулегенов Ерғали Тұрғалиұлы Сізді адам өмірінің айтулы белесі 63 - жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға деп білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді зор құрметке бөледі. Жалынды жаныңыздың жомарттығы, қамқор аға, талапты басшы бола білгеніңіз жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз. Қадірлі Ерғали Тұрғалиұлы! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілден қызмет жолында шығармашылық, мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Өзіңіз тәрбиелеп, қанаттарын қатайтып үлкен өмірге аттандырып жатқан шәкірттеріңіздің мәуелі жемісін жеуге Алла жаза берсін!

Ізгі ниетпен «Білім Шапағаты» газетінің редакциясы

Автор:
Ізгі ниетпен: Мира АБЖАППАРҚЫЗЫ. «Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, МДШО» КММҰ Ақсу ауданы