Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕКТЕПТІҢ АБЫРОЙЫН КӨТЕРІП,ӘР БАЛАНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАБАР ҰСТАЗ


28 декабря 2013, 05:51 | 2 014 просмотров


Мектептің абыройын көтеріп,әр баланың жүрегіне жол табар ұстаз десек,бүгінгі жас ұрпақтың болашағына бағдар берер, білім нәрімен сусындатар мұғалімдер қауымы заман талабына сай жаңа технологияларды жете меңгеруде .Соның куәсі- жақында №16 орта мектеп –гимназиясында «Жас мұғалім мектебі жұмысын ұйымдастырудағы кәсіптік көзқарас» тақырыбында өтілген қалалық семинар.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты- жас мұғалім мен тәлімгердің бірлескен жұмысындағы құзіреттілік ерекшеліктерді көрсету.Оқытудың кіріккен модульдерін іс- тәжірибеде қолдану, сондай-ақ жас маманды мектеп өміріне бейімдеу болып табылады.

Жас мұғалімдерге үлгі ретінде мектептің алдыңғы қатарлы ұстаздары С.Н.Сапарбаева орыс әдебиетінен,М.Т.Сапарғалиев алгебра пәнінен,Г.Керейбаева бастауыш сыныптағы ана тілі пәні бойынша сабақтар өткізді.

Сондай-ақ семинар аясында математика мен музыка пәндерінің жас мұғалімдері Ю.В.Мухина мен А.А.Урисбаева өз әдістерімен кіріккен сабақ өткізді.Семинар соңы «Ұстаздық жолдың басында»психологиялық тренингіне ұласты.

Қаланың әр мектебінен жиналған жас ұстаздар тренинг ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Автор:
А. А. ДАУТОВА №16 орта мектеп- гимназиясы қазақ тілі пәнінің мұғалімі