Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР. ТӨМЕНГІ САТЫДАҒЫ БІРЖАСУШАЛЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР


28 января 2014, 03:57 | 6 188 просмотров


АТТЕСТАЦИЯ

Сабақтың мақсаты:

1. Б і л і м д і л і к : Саңырауқұлақтардың тіршілік ерекшеліктерін сипаттау.

2. Д а м ы т у ш ы л ы қ : С а ң ы р а у қ ұ л а қ т а р д ы ң шаруашылықтағы және табиғаттағы маңызын айқындау.

3. Т ә р б и е л і г і : Оқушыларға жеке тұлғалық денсаулық сақтауға үйрету.

Сабақ көрнекілігі: Сурет, кесте.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақ өту әдісі: Әңгімелеу,сұрақ- жауап

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу

2. Үй тапсырмасы :§5, 22-бет. Су¬рет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Саңырауқұлақтар – төменгi сатыдағы эукариоттар, тiрi организмдер дүниесi. Саңырауқұлақтардың ерекшелiгi өсiмдiк белгiлерiнiң (қозғалмайтындығы, шексiз өсуi, витаминдердi синтездеу қабiлетi, клетка жарғақшасының болуы), жану¬арлар белгiлерiнiң (гетеротрофты корек¬тену, клеткалық жарғақшада хитиннiң болуы, гликогеннiң болуы, мочевинаның түзiлуi), сонымен қатар ерекше даму циклi (ядролық фазалардың алмасуы, дикариондардың, гетерокариоздың, па¬расексуальды процесстiң болуы) болу¬ында.

Микология

Саңырауқұлақтарды зерттеумен, алғашында ботаниканың бiр саласы болған – микология (грекше “микес” – саңырауқұлақ және “логос” – “iлiм”, “ой”) ғылымы айналысады. Микологияның негiзiн салушы деп саңырауқұлақтардың классификациясын жасаған және олардың көбею механизмiн зерттеп сипаттаған немiс биологы Генрих Антон де Баридi (1831 -–1888) атауға бола¬ды. Өсiмдiктердiң ауруын қоздыратын саңырауқұлақтарды зерттеуде Бари қыналар саңырауқұлақтар клетка¬лары мен балдырлардан тұратынын дәлелдеген.

Өсімдікке және жануарға ұқсас белгілері

Өсiмдiктерге қарағанда саңырауқұлақтар күн сәулесi энер¬гиясын пайдалана алмайды және ауадағы көмiрқышқыл газымен ко¬ректене алмайды. Тiршiлiк үшiн оларға барлық жануарларға сияқты өсiмдiктер мен жануарлардың түрлi қалдықтары түрiндегi дайын органикалық заттар қажет. Сол себеп¬тен саңырауқұлақтардың табиғаттағы рөлi шөптермен ағаштардың рөлiне тiкелей қарама қарсы. Өсiмдiктер көмiрқышқыл газбен минералды заттар¬дан органикалық материяны өндiрсе, саңырауқұлақтар бактериялармен және кейбiр қарапайымдылармен оны ыдыратып планетаның тiршiлiк негiзiн құрайтын керемет айналымға қайтарады. Саңырауқұлақтардың сырт¬тай байқалмайтын қызметiнсiз жерде кепкен жапырақтар мен шiрiген ағаштар және жануарлар қалдықтары жиналып, өлi материя астында бүкiл тiршiлiк құрып кететiн едi.

Саңырауқұлақтарды кез-келген жерден табуға болады. Олар пiсiп- жетiлгенде қызыл шоғырбастары жары¬лып, олардан жаңа саңырауқұлақтар өсетiн спораларды шашып жiбередi. Көгергендерден, көптеген бактерия¬ларды жойып жiберетiн пенициллин антибиотигiн өндiредi.

Қорытынды Саңырауқұлақтар ғаламшарымызда өте ертеде пай¬да болған тірі ағзалар тобы. Саңырау құлақтар мөлшері жағынан өте кішкентай тек микроскоппен көретіндері және салмағы бірнеше килограмға жетіндері де бар.

Бекіту сұрақтары:

1. Саңырауқұлақтың өсімдікке тән белгілері қандай?

2. Саңырауқұлақтардың жануарға тән белгілері қандай?

3. Саңырауқұлақтардың қандай жерлерде тіршілік етеді?

Үйге тапсырма: §6, 27-бет. Сурет салу, сабақты оқып келу, жұмыс дәптерін орындау.

Автор:
Қанипа ОТЫЗБАЕВА география пәнінің мұғалімі, МДШО Бесқайнар орта мектебі Бесқайнар ауылы, Көксу ауданы