Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«ЖАҢАША ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНА ОҚЫТУ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ КЕПІЛІ»


24 февраля 2014, 09:23 | 4 244 просмотра



Қазақстандық мектептердің Кембридждік әдіс- тәсілдерді білім бе¬руде қолданып келе жатқанына екі жылдың көлемі болды. Әрине, бұл үлкен мерзім емес. Алайда, осы қысқа уақыттың ішінде жаңа әдіс оқушыға сапалы білім беруде септігін тигізіп қана қоймай, ұстаздарымыздың тағы бір қырын аша түскендей. Осы орай¬да, батыстық технологияның қала мектептеріндегі жай- күйін білу мақсатында Қалалық білім бөлімі жанындағы ғылыми- әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Елубаева Гаухар Сламғалиқызымен сұхбаттасқан едік.

- Мектептерде Кембридждік әдіс - тәсілмен оқыту үрдіске айналу¬да. Қазақстан балаларына жаңаша әдістің тиімділігі қандай? Бұл бағдарламаның қыр-сырын ашып ай¬тып берсеңіз?

- Бүгінгі таңда ұрпақтың сапалы білім алу, оны игеруі білім саласында жүрген бәрімізді алаңдататын мәселе. Кембридждік әдіспен мектептерде оқыту Қазақстандық білім саласына 2012 жылы енгізілген. Сол уақыттан бері біз «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығымен бірлесе отырып қала көлемінде бірнеше мұғалімдерді осы жаңаша әдіспен оқытудан 3 айлық кур¬стар өткізіп, мамандарды даярлаудамыз. Кембридждік әдісі дегеніміз 3 деңгейде жаңа форматпен сыни-тұрғыда оқыту. Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру курсының Қазақстанға ұсынып отырған бағдарламасы мына жеті модульді қамтыған. Жіктеп айтсақ: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау; Білім беруде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану; талант¬ты және дарынды балаларды оқыту; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту; Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Шындығына келгенде бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пай¬даланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары бола¬ды. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Сондықтан, мұғалім заман көшіне ілесу үшін өз білімін үнемі жетілдіріп отыруы қажет.

Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.

-Шетелдік тәсілдерді оқыту бұған дейін де болған. Мысалы «Шаг-за шагом» деген Сара Назарбаеваның енгізген батыстық технологиясы қазір жарамсыз. Кембридждік әдіс те осылардың кебін кимейді ме?

-Бүгінде көптеген білім ошақтарында қолданып отырған бағдарламада түрлі тәсілдер жинақтаған, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды да¬мыту» (СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайда¬лана алатын шәкірт тәрбиелеуде ала¬тын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің төрт бұрышынан жиылған білім берушілердің топтасқан еңбегі. Бағдарлама Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа ала оты¬рып негізі құрылған. Бағана айтып кет-кен 7 модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты дамуды қамтамасыз етеді. Мұғалімдердің тәжірбиесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден баста¬луы керек дегенді айтады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді.

-Ұлттық педогогика жаңа технологияның көлеңкесінде қалып қоймайды ма?

-Ұлттық педогогика, халық даналығы ешқашан көлеңкеде қалмайды. Қайта жылдар өткен сайын, қазақи ұлттық менталитетіміз, құндылықтарымыз ұлықталып, баланың тарихын біліп өсуіне зор көңіл бөлініп келеді. Біздің негізгі көздеген мақсатымыз - ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жаңаша әдіспен оқыту. Ұлттық педо¬гогика Кембридждік әдістің тасасында қалмайды, қайта осы әдістің тиімділігі арқылы, өзінің тағы бір қырын аша түседі.

Кембридж әдісін гуманитарлық пәндерде қолдану өте тиімді. Мұғалім сабақ барысында берілген тақырыпты алдымен жеке, содан кейін жұпта, ұжымда талқылатып жұмыс жасай¬ды. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезініп, оқуға де¬ген жауапкершілігі артады. Әр топқа берілген тақырыпты жеке оқып, содан кейін өзге топқа реттік нөмірлер бойынша топталып, өз тақырыптарын түсіндіреді. Бұл баланың есте сақтау қабілетін арттыруға өте зор септігін тигізеді.

-Әдістемелік кабинеттің негізгі мақсаты?

-Біздің мақсатымыз – «мінсіз оқушы» дайындау. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету. Оқушылардың қалай білім алып жатқанын зерделейміз. Жылдың басында жоспар құрып, қай жерде кемшілік бар, қай жерді толықтыру қажет елеп-екшеп,сараптап сонымен жұмыс жасаймыз. Тоқсан сайын әр пән бойынша ақпарат жинаймыз. Мектептің көрсеткіші, білім нәтижесі бақыланады.

-Бүгінде «ұстаз бар, педогог-жоқ» деген ұғым қалыптаса бастағандай. Сіздің ойыңызша, бұл жағдайға қалай жеттік?

- Мұғалім – бұл тек тәрбиеші ғана емес, сонымен бірге дос, біздің қоғамымыздағы білікті тұлғаны биікке көтеретін адам.Сондықтан әр педо¬гог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы керек. Ол баланың тек жақсы оқығанын ғана қадағалап ғана қоймай, баланың мінезімен, оның ай¬наланы қабылдау деңгейімен де сана¬суы керек. Баланы тек сабаққа деген алғырлығына ғана бағаламай оның жеке бас ерекшеліктеріне де көңіл аударуы шарт. Сонда ғана ол жақсы мұғалім, нағыз педогог.

-«Нашар оқушы жоқ, бала жүрегіне жол таба білмейтін нашар мұғалім бо¬лады» деген сөзге не айтасыз?

-Сыныпта нашар оқушының болуы, немесе шәкірттің білім сапасының жақсы деңгейге жетуі әрине, бірінші ке¬зектен мұғалімге байланысты. Мұғалім өз пәнінің шебері болуы тиіс. Өз за¬манында ұлы педогог ағартушылар мұғалімнің күнделікті қарапайым еңбегін ерлікке бағалаған. «Мұғалімнің еңбегі, ісі қоғам басқарғаннан да қиын» де¬ген сөз бар. Осыларды ой таразысына салсақ, шынымен де ұстаздықтан асқан ұлы іс жоқ. Дегенмен, ұстаздардың бәрі бірдей емес. Ұстаздық жолды таңдаған соң, ол жолға адал, беріле еңбек ету керек. Ұстазға қойылатын бірінші талап - бала жүрегіне жол таба білу. Баланың қай салаға қабілетін, қандай нәрсеге алғырлығын бақылып жүруі керек. Оның психологиялық қалыптасуына да зор мән беруі керек. Мұғалім алдындағы баланы толық зерттеп алмай, оған іргесі мығым, сапалы білім бере алмасы анық. Заман өзгеріп, жаңаша әдістер шығып жатса да, қай кезде де ұстаз - ұстаз болып қала бермек. Бір қытай философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйренемін»- деген сөзі бар. Ұстаз балаға айтып қана қоймай, оны сол істі өзі жасауына дағдыландыруы керек. Ендеше, жақсы ұстаз барда на¬шар оқушы болмайды. Тек әр баланың қабілетін әрқилы аша білу керек.

- Сұхбатыңызға рахмет. Ұрпақ болашағы жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Автор:
Сұхбаттасқан Динара АУЖАНОВА