Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОБЛЫС ӘКІМІ ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ


24 февраля 2014, 09:34 | 1 972 просмотра


Аптаның сәрсенбісінде өңірде атқарылған өркенді істер бойынша облыс әкімі Аңсар МҰСАХАНОВ Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында тұрғындар алдында есеп берді.

Есептік баяндамасында аймақ басшы¬сы Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жол¬дауын негізге алып, елді өркендетуге, әр тұрғынның әл-ауқатын жақсартуға негізделген «Мәңгілік ел» ұлттық иедеясы арқылы еліміздің және әр қазақстандық тағдырының жаңа қыры, көрінісі айқындалғандығын да атап өтті. - 2013 жылдың қорытындылары облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әлеуметтік көрсеткіштерінің тұрақты өсу үстінде екенін көрсетті, - деп сөзін жалғастырды облыс әкімі. – 2013 жылы жалпы өңірлік өнім 1 триллион 468 млрд. теңге көлемінде деп күтілуде, облыс экономикасының нақты өсімі 6 пайыз деңгейінде болжануда. Мемлекеттік бюджет түсімі - 249 млрд. теңге, оның ішінде жергілікті бюджет 93 млрд. теңге, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары. Об¬лыс бюджеті 291 млрд. теңгені құрады.

Өнеркәсіпте 2013 жылы 579 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 63 миллиардқа артық. Облыс республика аумағында жүзім шарабын, үй құсы етін, темекі өнімдерін, ашытқы, қағаздан және гофрокартоннан жасалған орауыштар, шыны ыдыс және электр аккумляторлар шығаратын жетекші өндіруші аймақ болып табылады. Жаңа 41 өнеркәсіп нысаны пайдалануға беріліп, жұмыс істеп жатқан 28 өндіріс орны кеңейтіліп, қосымша 2500-ден астам жұмыс орны ашылды.

«Үдемелі индустриялдық -инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2013 жылы құны 9,4 млрд. теңге болатын 10 жоба жүзеге асырылып, 1339 жұмыс орны ашылды.

Атап айтқанда, Көксу ауданындағы майбұршақ майы мен шротын шығаратын, Панфилов ауданындағы жүгері дәнін терең өңдеу арқылы крахмал өнімдерін шығаратын, Талдықорған қаласындағы Лак-бояу мате¬риалдарын, Іле ауданында дәрілік заттар¬ды және медицина бұйымдарын шығаратын фармацевтикалық зауыттың құрылысы, Талғар ауданындағы тігін өндірісі кеңейтілді.

Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 382 млрд. теңгені немесе республи¬ка өнімі көлемінің 15 пайызын құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 911 мың гектарға жетті. Сонымен бірге ылғал сақтау технологиясы қолданылатын егіс алаңы 15, 7 мың гектарға, тамшыла¬тып суару 7,7 мың гектар немесе 2012 жыл¬мен салыстырғанда 1,9 есеге артты. Жаңа технологияларды қолдану есебінен майлы дақылдар 13%, көкөніс 6%, жеміс-жидек өнімінің көлемі 8 пайызға көбейді. Облыста жылыжай шаруашылығы да өркендеп келеді. Жалпы көлемі 39,3 гектарлық 350 жылыжай жұмыс істеуде. Онда тұрғындар үшін 12 мың тонна көкөніс өнімдері өсіріліп, өткізілді. 2013 жылы сыйымдылығы 2 мың 300 тонналық 7 жеміс-көкөніс сақтау қоймасы қайта жасалды. Облыс бойынша осындай 129 қойма бар, онда қыс мерзіміне 126 мың тонна картоп пен жеміс- көкөніс өнімдері сақталған.

Облыс бойынша 1152,7 мың тонна дәнді- дақылдар, соның ішінде 389,5 тонна дәндік жүгері, 57,5 тонна күріш жиналды. Барлық мал басы және құс саны да артты. 312 мың тонна ет, 670 мың тонна сүт өндіріліп, 8,0 мың тонна жүн өткізілді.

«Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 21 мың басқа есептелген 115 фермерлік шаруашылық, 4,5 мың репродукторлық шаруашылық және 13 мың бас асыл тұқымды ірі қара малына арналған мал бордақылау алаңдары құрылды.

Алматы қаласының айналасындағы азық- түлік белдеуі аясында жалпы құны 26,5 млрд. теңге болатын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 2013 жылы 7,8 млрд. теңге көлеміндегі 9 жоба іске асырылды.

Экономиканың нығаюына шағын және орта кәсіпкерліктің үлкен септігі тиюде. Бұл салада барлығы 257 мың адам немесе экономикалық белсенді тұрғындар санының 25 пайызы жұмыспен қамтылған. Ал шығарылған өнім көлемі 619 млрд. теңгені құрап, 26 млрд. теңге салық түсті (жергілікті бюджет түсімдерінің 28 пайызы).

«Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы 74 жоба мақұлданып, несилерді субсидиялауға 3,4 млрд. теңге бағытталды.

Барлығы 90 млн. теңгеге 27 грант берілді. Индустриялдық инфрақұрылымды дамыту бойынша 585 млн. теңгеге 11 жоба жүзеге асы¬рылды. Негізгі капиталға тартылған инвести¬циялар 2013 жылы 431 млрд. теңгені құрады.

«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы аясында 867 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бөлінген 5,9 млрд. теңге бюджет қаражаты толығымен игерілді. «Самұрық- Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның қатысуымен Қарасай ауданында, жалпы ау¬даны 119 мың шаршы метрді құрайтын «Асыл Арман» тұрғын үй кешені құрылысының бірінші кезеңі жүргізілуде. Үш жыл ішінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде 1,2 млрд. теңгеге 111 көпқабатты тұрғын үй жөнделді.

Табиғи газға 75 елді мекен қосылып, газдан¬дыру деңгейі 10 пайызға жетті. 2012 жылдан бері жалпы құны 19,9 млрд. теңгені құрайтын «Алматы –Талдықорған» магистралды газ құбырының құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар атқарылуда. 2013 жылы 2,53 млрд. теңге бөлініп игерілді, 98 шақырым газ құбыры салынды. Сондай-ақ, «Алматы –Байсерке – Талғар» магистральді газ құбыры «Байсерке –Қапшағай» бұрылымының құрылысы 7 қала және 300 мыңнан астам халқы бар Іле және Талғар аудандарының 76 елді мекенін газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алматы облысындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 9482 шақырым. Жалпы қолданыстағы автомобиль жолда¬рын күтіп ұстауға және жөндеуге 2013 жылы 33,4 млрд. теңге бөлініп, игерілді. 2013 жылы 85,3 шақырым жолға күрделі жөндеу, 414,2 шақырымға орташа жөндеу, 213 шақырым жолға қайта жаңғырту жұмыстары атқарылып, 725,3 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2011-2015 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасының бірінші кезеңін жүзеге асыру аясында облыс бойынша 350 нысан¬да жұмыс жүргізу қарастырылған, ол үшін 55,5 млрд. теңге қажет. Соның нәтижесінде 275 елді мекенде берілетін ауызсу сапасы жақсаратын болады. 2013 жылы 37 нысан¬да жұмыстар жүргізілді. Бұл мақсаттарға 10,6 млрд. теңге бағытталды. Нәтижесінде орталықтандырылған сумен тағы 7 елді ме¬кен қамтамасыз етілді. Жыл қорытындысы бойынша облыстың 770 елді мекенінің 535- і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді.

Облысымыздың еңбек нарығында да тұрақты ахуал сақталуда. Тұрғындарды жұмыспен қамту шаралары «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» және Алматы облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Облыста 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Оның 65 пайызы ауылдық жерлерде. Өтініш жасаған 21 мың жұмыссыздың 18,5 мыңы жұмыспен қамтылды, 9 мыңға жуығы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

2013 жылы 165 мың адамды әлеуметтік қорғауға 4 млрд. теңге қаражат бағытталса, оның ішінде аз қамтылған отбасыларға 2,1 млрд. теңге, мүгедектерді қолдау - 1,1 млрд. теңге. Тұрғын үй көмегін 11,6 мың отбасы 400 млн. теңге көлемінде алды. Коммуналдық қызметтерге 575 ҰОС ардагері 23,1 млн. теңге көлемінде өтемақы алды. Жыл сайын ауылдық жерлерде тұратын білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт қызметкерлеріне отын сатып алуға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы төленеді. Осындай көмекті 357 млн. теңгеге 41 мыңнан астам адам алды. Соны¬мен қатар, жетім балалар мен аз қамтылған отбасынан шыққан 363 студент облыс әкімінің грантымен жоғары оқу орындарында оқиды.

Әлеуметтік салада да атқарылатын жұмыс жеткілікті. Алдымызда «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырып, өз бетінше өнімді жұмыс жасайтын тұрғындардың үлесін 60 пайызға дейін жеткізу, жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайызға дейін төмендету міндеті тұр. Бұған біздің облыстың мүмкіндігі мен әлеуеті жеткілікті. Тек ынта қойып жұмыс істеуіміз ке¬рек, - деді аймақ басшысы.

Өңір басшысы мүгедек азаматтардың өмір сапасын жақсартуда атқарылған жұмыстар жайын да баяндады. Сонымен бірге жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бизнес құрылымдарын тар¬та отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың үш пайыздық кво¬тамен жұмысқа орналасуын ұйымдастыру керектін және осы мәселе өзінің басты назарында болатындығын да айтты.

Аңсар Тұрсынханұлы баянда¬ма барысында облыстағы білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларында атқарылған жұмыстар жайында да кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының біраз мәселелері де тілге тиек етілді.

Өткен жылдың жұмысын саралаған облыс басшысы ағымдағы жылы Елбасының Жолдауында жүктелген өңірлерді дамытуға, халықты жұмыспен қамтуға, үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына, тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік салаға қатысты тапсырма¬ларын орындау жөнінде нақты шаралар қабылданатындығын айтты. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асы¬руда әлеуметтік сала нысандарын салу және қайта жаңғырту, көлікке қолжетімділікті көтеру, қоршаған орта жағдайын жақсарту, аграрлық- өнеркәсіптік кешенді дамыту, туризм және кәсіпкерлікке қолдау көрсету жөніндегі жоба¬лар жүзеге асырылатындығын да атап өтті.

Сондай-ақ, облыс әкімі теңгенің құнсыздануына байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, ақылы қызметтердің, жанар-жағармай бағаларының негізсіз өсуіне, сондай-ақ, валюталық алыпсатарлыққа жол бермеу мақсатында орынбасарларына, барлық аудан, қала әкімдеріне, сала басшыларына тапсырма жүктеді.

Ал әкім есебіне құлағдар болған жұртшылық көкейде жүрген түрлі сауалдарына нақты жау¬ап алды.

Есепті кездесуге ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Ма¬мытбеков қатысты. Өз кезегінде министр Пре¬зидент Жолдауын түсіндіріп, ондағы міндеттер мен мақсаттардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар Мәңгілік ел болудағы алғы шарттарды да тілге тиек етті.

–Шындығын айтқанда бүгінгі есеп бір күннің немесе бір жылдың ғана атқарылған шаруасының нәтижесі емес. Ол тұрақты атқарылған, бірнеше жыл бойы жалғасын тапқан, кеңінен ойластырылған ауқымды жобалардың жүзеге асуы. Осы істің басын¬да білікті басшы Аңсар Тұрсынханұлының жүргендігін білеміз, - деді министр.

Әкім есебінен соң жарыссөзге шыққандар атқарылған жұмысқа қанағаттанарлық деген баға берді.

Автор:
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі