Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОТЫРЫҚШЫ ҚҰСТАР


28 марта 2014, 09:57 | 5 661 просмотр


Білімділік мақсаты: құстардың қысқы тіршілгі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Коррекциялық мақсаты: есту, көріп қабылдау, есте сақтау, ойлау.

Тәрбиелік мақсаты: құстарға деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу, еңбекке ба¬улу.

Көрнекілігі: құстардың суреттері, түрлі- түсті қарындаштар, жемсауыт, картон, қайшы, желім т.б

Жеке іс: жұмбақтарды шешу, сұрақтарға жауап беру.

Өту кезеңі екі топпен.

Жылулық шеңбері: Біз әдепті баламыз, жай¬най берсін даламыз,

Табиғатты сүйеміз,қамқорлықпен қараймыз.

Ынталандыру: Үнтаспаға жазылған құстардың үнін тыңдау.

Мұғалім: Балалар біз нені дауысын естіп тұрмыз?

-Қазір қандай жыл мезгілі? Қай құстардың үнін естуге болады?

-Дұрыс балалар, қыстап қалған отырықшы құстардың үнін естиміз

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: отырқшы құстар

Балалар құстардың үнін тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

Д/ойыны: «Жыл құстары мен қыстайтын құстар» (сұрыптау).

Д/ойыны: «Қайсысы артық». Қыстап қалатын құстардың арасынан ұшып кететін жыл қысының артық екенін айтады.

Д/ойыны: «Салыстыр» балалар құстардың тұмсықтарын, көлемдерін салыстырады.. Мы¬салы, қарғаның және торғайдың көлемінің са¬лыстырады. Тұмсық (бүркіт- сары шымшық). Құйрық (сауысқан- бозторғай).

Құстар туралы жұмбақтарды шешу.

1.Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,

Бұл қандай құс (сауысқан).

2.Бір-ақ уыс көлемі,

Шыбын шіркей қорегім.

Бау- бақшаны қорғаймын,

Ал атым ше (торғаймын).

Артикуляциялық жаттығу: Дыбы¬старды анық айтуға артикуляциялық жаттығулар өте пайдалы екенін түсіндіру.

Балалар айтады:

Біздің қарға қарррр

Сауысқандар саң-саңқ.

Торғайларым шиқ-шиқ,

Жапалақтар уық-уық.

Көкек, көкек, көкек деп ұшып жүреміз желкілдеп.

Сергіту сәті:

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шаашайын тойып ал,

Сонда сен тооңбайсың.

Саусақ жаттығулары: Балаларға саусақ жаттығулары сөйлеу тілінің дамуына ынталан¬дыратынын түсіндіру.

Саусақтармен қарағайдың үйшігі.

Құстардың қанат қаққанын көрсету.

Екі қолмен кезек-кезек балапандырдың ұясын көрсету.

Тәрбиеші: «Құстар қалай қыстайды» де¬ген ертегіні оқып беру.Балалар ертегінің мазмұнын айтып талдайды, сұрақтарға жауап береді. Қарны ашып, тоңған құстар адамдарға жақын ұшып-қонып жүреді.

Суретті аяқта:Берілген құстың бейнесінде жетпеген дене мүшесін қарындашпен толықтыру. (тұмсық, қанат, тұяқ, құйрық).

Тәрбиеші: Қыста құстардың немен қоректенетіндігі туралы әңгімелеу.

Тәрбиеші: Құстар табиғатты қорғайды. Олар бау- бақшаны зиянды құрт-құмырсқадан тазартады. Осыған байланысты адамдар да құстарға қамқорлық жасайды,ұя жасайды, тамақтандырады, жем шашады.Балалар бізде бүгін сабағымызда құстарымызға жем-сауыт жасаймыз. Балалар жем сауыт жасайды. (Әдіс-тәсілін көрсету).

Құстар біздің досымыз, бау-бақшаны қорғайды.

Ұя жасап қарсы алсақ, құстар бізді қолдайды!

Автор:
Сауле ҚАСЫМХАНОВА, №2 балабақшаеың тәрбиешісі Талдықорған қаласы.