Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«СҮЙКІМДІ АРУЛАР» АТТЫ САЙЫС


25 апреля 2014, 10:29 | 3 009 просмотров



«Сүйкімді арулар» атты сайыс.

Музыка әуенімен жүргізуші залға кіреді.

Жүргізуші: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Сенен өскен балалар.

Сенен өскен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар. «Балбөбек» тобының 8-Наурыз

мерекесіне «Сүйкімді арулар» сайысына қош келдіңіздер!

Армысыздар қадірменді асыл халқым.

Арта берсін абырой атақ даңқын.

Қарсы алайық құрметтеп аруларды,

Ұстаған қазағымның ата-салтын.

Олай болса, қол соғып қошеметтеп сүйкімді аруларды ортаға шақырайық.

Музыка ойнап : Бір –бірден арулар залға кіреді.

1.Инабат парасаты, көркіне жарасады - Айша ару .

2. Кішкентай да сүйкімді – Ксеня ару.

3.Гүл өссе - жердің көркі, Виктория ару - елдің көркі.

4.Қазақтын арулары -ай, инабалы нәзік қандай - Әлима ару.

5.Жайдары жазық қандай, үнінен саз ұққандай - София ару.

6.Қара шашты, қиғаш қасты - Сания ару.

7. Мың бұралып билеген, аруды кім сүймеген - Мария ару.

8. Дауысың қандай сырлы еді, табиғатты тындатқан - Ангелина ару.

Жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-саланы,

Жиын десе,той десе жан салады.

Ертеңгіліктің ашылу құрметіне,

Әуеленген әсем ән жолданады.

Хор: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Жүргізуші: Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады.

1. Тегін білген тектілік ( Таныстыру)

2. Өнерлі өрге жүзеді. (өнер көрсету)

3. «Кім алғыр, кім тапқыр» (Сұрақ - жауап)

4. Қыздарға әсемдік жарасады ( Сән киім үлгісі)

Әділ - қазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Сол алады сыйлықты. Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1.«Балдәурен» бала - бақшасының меңгерушісі: Бақыт Өндірісқызы.

2.Балабақша әдіскері: Толқын Болатбекқызы.

3. «Балапан» тобының тәрбиешісі: Гүлзабира Шекен

4. «Балбөбек» тобының ата-анасы: Сәуле Әбдікәрім

Жүргізуші: Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Сайысқа келген сүйкімді 8-ару

Таныстырып өздерін кетсе деймін.

1 Айша ару: Иіліп сәлем бердім елімізге,

Жетісу ғой көрікті жерімізге

Орта жүздің баласы,тегім Найман

Қайратқызы Айша мен боламын.

2.Сүйкімді Ксеня ару: Қуыршаққа ұқсаған,

Ксеня қыз мен болам,

Құрбылармен сайысып.

Озып шықсам қуанам.

3. Виктория ару: Армысыздар қадірменді асыл халқым,

алдымен сәлем беру ата-салтым.

Қарсы алыңызда Фроколова Виктория қыздарыңызды

ұстаған қазағымның ата- салтын.

4.Әлима ару: Қазақтың мен қызымын қара көзде,

Айтатын жүрегімнен жалын сөзді.

Алдында барша жұрттын,тізе бүгіп,

Беремін баршаңызға сәлемімді.

Әке-шешем мақтаған,

Атым менің Әлима.

5.София ару: Құлпырған қызғалдақтай кең даланың

Өнерін көріңіздер қыз баланың.

Арулар байқауына келіп тұрған,

Лобунцова София мен баламын.

6. Сания ару: Атым , Сания. Барша жұртқа Бір сәлем!

«Қыз сынына»қатысып,жеңісті қолдан бермеспін,

Ақ сүтін мен ақтаймын. Жазирадай анамның,

Әкем менің адал жан, Азамат аты самғайтын

Ән сал -десең, салайын мен әнімді,

Көрсетейін бар халқыма сәнімді.

Қарсыласқа тілеймін мен сәттілік,

Таудай асқан талабым бар, білімді.

7.Мария ару: Армысың айналайын алтын елім,

Ешқашан бұзылмаған салтым менің

Таныстырсам өзімді

Барбашова Мария менің есімім.

8.Ангелина ару: Өзімді таныстырсам Анге¬лина атым, бес жасқа міне келді жасым.

Орыстың қызымын мен Иван әкем,

Әкемді әрқашанда сыйлап өтем.

Әділдікпен баға берер аруға,

Әділқазы алқасына бір сәлем.

Сүйкімді қыздарымызбен ұлдарымыздың орындауында «вальс»

Жүргізуші: Думандатып бала-бақшаны

Қызықты той бастайық.

Келіңдер енді бірігіп

Тақпақ айтып тастайық.

Сүйкімді аналар сіздерге деген ұлдарымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: 2-бөлім Өнерлі өрге жүзеді (өнер көрсету )

Даусың қандай сырлы еді,

Табиғатты таңдатқан.

Өнеріңді қане, бүгін көрсетші,

Аналарға қошеметпен қол соққан.

1 Айшаның орындауында ән: «Анам алтын»

2. Ксеняның орындауында: «концерт» биі

3.Викторияның орындауында ән: «Қуыршақ»

4.Әлиманың орындауында: «Аққу» биі

5.Софияның орындауында ән: « Анашым менің», «Мамочка моя»

6.Санияның орындауында « шығыс» биі

7.Марияның орындауында: «Испан» биі

8.Ангелинаның орындауында ән: «Ана», «Мама»

Жүргізуші: Ұлдарымыздың биші аяғы,

Той дегенде тұра алмас.

Ертеңгілікте билеп берсе,

Қандай ана қуанбас.

Ұлдарымыздың орындауында «Аспаздар»

3- бөлім «Кім алғыр, кім тапқыр»(сұрақ- жауап )

Ал арулар,сайысқа қалайсыңдар?

Сұраққа-жауап берсеңдер жарайсыңдар?

Тапсырма ал,қоржыннан қымсынбай кеп.

Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар.

Аруларды бір-бірден шақырып сұрақ қойып, жауап алу.

Жүргізуші: Санаттың орындауында «Ақбұлақ»

Жүргізуші: Бабамыздың жырысың сен дом¬быра

Анамыздың сырысың сен домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен домбыра.

Оркестірдің орындауында «Қазақ халық әндері»

Елнұрдың орындауында: « Әжемнің шәйі»

Жүргізуші: Қысылып еш саспаңдар, дауы¬стап хор бастаңдар.

Балалардың көңілін,бір көтеріп тастаңдар.

Ата-аналардың орындауында хор: «Ана туралы жыр»

Жүргізуші: 4-бөлім «Қыздарға әсемдік жарасады»(сән киім үлгісі)

Ал қалайық ықыласпен демейік,

Арулардың сән үлгісін көрейік.

Сыры мен сымбатына қарап біз,

Әділетпен бағаларын берейік.

Музыка ойнап : Зухра залға кіріп, Балаларға (жұмбақ жасырады)

Музыка ырғағымен арулар сән үлгісімен гүлдерді алып залға кіреді.

Хор: «Анашым деп мақтанам»

Зухра: Көрсетемін күллі елді, Жарық етем түндерді.

Өсіріп мен сыйлаймын,

Жұрт көрмеген гүлдерді- дей отырып, аналарымызға гүлдерімізді ұсынайық.

Жүргізуші:Жадырап келді,міне нұрлы көктем,

Көңілдерге құлпыртып гүлін еккен!

Ендеше дәл бүгінгі мереке¬мен

Құттықтаймыз сіздерді шын жүректен!

Құттықтау сөз кезегін «Балбөбек» тобының ата-анасы¬на беріледі.

Жүргізуші: Осымен сайысты бұл тамамдасақ

Тағы да жарысамыз аман болсақ!

Сөз береміз әділ қазы алқасына,

Әр арудың білімдерін сараласақ!

Әділқазылар алқасы дайын болса,сөз кезегі сіздерде.

Жүргізуші: Аналарымыз әрқашан қасымызда болсын. Еліміз тыныш,күніміз ашық болсын!!! Қош сау болыңыздар!

Автор:
Нұржамал АЛИМБЕКОВА, «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі, Көксу ауданы, Балпық би ауылы.