Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АНА - ҰЛТ ТӘРБИЕШІСІ


29 августа 2014, 17:30 | 2 516 просмотров



Мақсаты: Дүниедегі жақсылық

атаулының барлығы күннің нұрынан,

ананың мейірімінен тарайтынын

ұғындыру;

Ананы қадірлеп, сыйлай білуге,

мейірімділікке тәрбиелеу.

Аналар мерекесіне орай ұстаз -

аналарға құрмет көрсету.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, слайдтар

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,

ұстаздар, ана жайлы ойыңды, айтып

тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз

анасына деген махаббаты шексіз. Мен

де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі

үшін алғысымды айтып, ойымды аз да

болса жеткізе отырып, 6 «А» сынып

оқушыларының ұйымдастыруымен

өткелі отырған «Ана - ұлт тәрбиешісі»

атты тәрбие сағатымызға қош

келдіңіздер!

1-жүргізуші Ақмарал: «Ана» үш-ақ

әріптен құралған осынау бір сөздің аста-

рында қаншама мән жатыр десеңші.

Тіршіліктің қайнар көзі, мейірімнің

қайнар бұлағы анадан қасиетті, анадан

киелі ештеңе жоқ. Ана – әрбір адамның

жарық дүниедегі ең жақыны, жанашы-

ры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп

аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

Кез-келген адамның әдептілігі мен жан-

дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға

ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана

жүрегінің жылуынан басталады. Бала

бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге

алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік

үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуы-

мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.

Баласы үшін анасы бармайтын

құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл

өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен

еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана

өзін-өзі ұмытып барлық күш- жігерін

сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи,

нәрлене түседі. Адам «адам» болғысы

келсе, алдымен ананы қастерлей білуі

керек. Өмірде ана алақанының қызуы

мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ

та, шипасы күшті дәрі де алмастыра ал-

майды.

Жұмақ ана табанының астында,

сол жұмақ есігін ашам десең ешқашан

анаңды ренжітпе!

Бірде пайғамбарымызға Мұхаммед

(с.ғ.с)ге біреу кеп:

-Ең алдымен жақсылықты кімге

істейсің десе,

-АНАМА!,-депті.

-Жарайды, ал сосын кімге десе,

-АНАМА!,-депті.

-Иә түсіндім ғой, ал сонан соң ше?

десе

-Тағыда АНАМА депті!

Міне пйғамбарымыздың өзі АНА атау-

лыны қалай сыйлаған!

2-жүргізуші. Талғат: Әрбір ана

отының өшпеуін, бақытының көшпеуін,

шаңырағының құламауын, сәбиінің жы-

ламауын, сұм соғыстың болмауын, өз

перзентін асылым мен алтыным, жасыл

желек жарқыным, аспандағы жұлдызым,

маңдайдағы құндызым деп, өмір бойы,

күні-түні перзентінің тілегін тілейді. Не

деген құдіретті мейірім десеңші.

О, анам, Алатаудай асқарымсың,

Жазылмаған өлеңім, дастанымсың,

Кеудеме сыймай жүрген жұмбақ сы-

рым

Әрдайым өзің үшін ақтарылсын.

Мен үшін орның бөлек бұл өмірде,

Анашым, нұр шашасың жүрегімде.

Сен болмасаң осылай бақытты боп,

Жарқылдап, шалқып, тасып, жүремін

бе?-дей келе,Есболат Әтипаны

«Анаға сәлем» әнімен ортаға

шақырамыз.

1-Жүргізуші: Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың,

Құтты болсын мейрамың,

Құтты болсын ұстазым!

Келесі кезекті оқушылардың ана тура-

лы жаттаған өлеңдеріне береміз

1 . Сіздерден өсер балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті ұстаз, аналар!

2. Дүниедегі ең ардақты асыл жан,

Анам менің мәпелеген жасымнан.

Мен қуансам қуанады ол бірге,

Мен қиналсам табылады қасымнан.

Маған қымбат жан жоқ сірә анадан ,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

1-жүргізуші: Нәресте өмірінің нәрі

– Ана сүті. Халқымыздың байырғы

ұғымында баланың Анасы алдындағы

парызын өтеуі «Ана сүтін ақтау» деп

аталады. Оның жөнін халық: «Ана сүтін,

анаңды Меккеге үш рет арқалап апа-

рып келсең де, өтей алмайсың», – деп

түсіндіреді.

Алайда, «Ананың көңілі – балада,

баланың көңілі – далада», – демекші,

өзінің перзенттік борышын түсінбеген,

сөйтіп, анасын жерге қаратып,

көкіректерін қарс айырғандар бұрын да

болған, қазір де жоқ емес.

Сынып оқушыларының «Соқыр ана»

атты көрінісін тамашалаңыздар.

Жалғыз көзді соқыр ана,

Жәйіменен басып ғана,

Баласының сабағына келеді.

- Анау отырған менің балам, айна-

лайын мұғалім, баламның сабағы мен

тәртібін білуге келіп едім.

-А, мына отырған бала ма?

Сыныптас жолдасы: Мақсат, сенің

анаң соқыр екен ғой, неге айтпадың осы

уақытқа дейін?

Деген кезде баласының түсіп кетті

қабағы

Анасына ол айуан көзбен қарады.

Ыза буып, бөлме есігін тарс жауып,

Шығып кетті бетке ұстап даланы.

Анасы жүр бәйек болып, ас әкеп,

Баласының қамын ойлап аш қалған.

- Тамағыңды ішпеймін. Сен неге

келесің менің сыныбыма? Мен сенен

ұялам, өйткені сенің көзің соқыр. Айтшы,

неге, көзің соқыр?

Жылады ана, еңіреді, егілді,

Қайғы шерге толды ананың жүрегі,

Шын жылады, соқыр көзден жас

шықты,

Көкірегіне бар құпия көмілді.

Баласы: Тезірек оқу бітіріп, қалаға

кетсем екен, мына соқыр анамнан

құтылып, тезірек оны ұмытсам екен!

1-жүргізуші: Анашым, сенсің мәңгілік

менің тірегім,

Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған

жүрегің.

Еңбегіңді ақтап аялап өтсем тек сені,

Болмас - ты басқа перзенттік менің

тілегім.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым» . Ана

-біздің баға жатпес асыл байлығымыз.

Осы баға жетпес асылымызды

қадірлеп, көңіліне кірбің түсірмей ая-

лай білейік достар! Құрметті ата-ан-

лар, ұстаз - аналар, бүгінгі кешімізге

қатысқандарыңызға рахмет айта оты-

рып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас

қайрат, отбасыларыңызға береке-бірлік,

еңбектеріңізге табыс тілейміз

Автор:
Зағипа ТАЛХАНБАЕВА , өзін-өзі тану пән мұғалімі №30 орта мектебі Талғар ауданы, Туғанбай ауылы