Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

РИЗАМЫЗ, САҒАН, “ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ” ӘЛЕМІ


26 сентября 2014, 10:59 | 6 163 просмотра



Ақылы бар баласың, Айтқан тілді аласың. Намысты болып өссең сен, Нағыз адам боласың! Халық даналығы Мақсаты: “Өзін- өзі тану” сабақтарынан алған білімдерін бекіту. Міндеттері : - “Өзін-өзі тану” сабақтарында алған білімдерін, іскерліктерін қорытындылау; - балалар бойындағы жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету; - адамгершілікке тәрбиелеу. Көрнекті құралдар: “Өзін-өзі тану” әлемінің кар- тасы, дәптер, хрестоматия. Шаттық шеңбері -Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. -Қане, бәріміз бірге “Өзін-өзі тану әлеміне” ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтайық. Ризамын саған, “Өзін-өзі тану әлемі”. Ризамын саған, Дәптерім менің әдемі. Ризамыз саған, “Өзін-өзі тану әлемі”. Сүйеміз біз, Қоршаған бар әлемді. Әігімелесу Тәрбиеші өткен сабақтарды еске түсіру үшін, “Өзін- өзі тану әлемінің” картасына балалардың

назарын аударады. Балалар картаға қарап аял- дамаларды атап шығады. Тәрбиешінің көмегімен әр аялдамада не үйренгендерін еске түсіреді. Әңгімелеу.Өзіңді тану. Ө. Ақыпбеков Жақсы болу - өзіңнен, Жаман болу - өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзіңнен үйрен, өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын? – деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын? – деп ойла. Өзіңді өзің қолыңа ал, Өзіңсің ақыл айнасы. Тиеді саған мәні бар, “Өзіңді тану” пайдасы. ·Жақсы, жаман болу өзіңе байланысты деген сөзді қалай түсінесің? ·Өзіңді қандай баламын деп ойлайсың? Балалардың жауаптары.

Жыл бойы өткен сабақтарды еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтар қойылады: ·Біз адамбыз! Сондықтан да біз қандай болуы- мыз керек деп ойлайсыңдар? ·Біз доспыз! Біз дос болуымыз үшін қандай бо- луымыз керек? ·Біз отбасындағы жақын адамдарды қалай сый- лаймыз? ·Біз табиғатқа қамқор болуымыз үшін қандай көмек бере аламыз? ·Біз Отанды сүйеміз! Отанды құрметтеу үшін не істей аламыз? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші балалармен бірге қорытындылайды. -Дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз адамбыз, сондықтан да біз әдепті, қамқор, шыншылмыз. Отбасында үлкендерді сыйлап, кішіге қамқор бо- ламыз. Бір-бірімізді ренжітпей, тату ойнаймыз. Табиғатқа әрқашан қамқормыз, Отанымызды құрметтейміз. Айналадағы адамдарды жақсы істерімізбен қуантамыз. Ойын. “Жақсылық жасау үшін не істеу керек?” Тәрбиеші балаларға адамның, құстарың, жануарлардың, өсімдіктердің суреттерін тара- тып, сол суретке қарап, олармен дос болу үшін не істейтіні туралы әңгімелеп беруді ұсынады. Балалардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін: -Мен құстарға жақсылық жасау үшін, оған ұя жа- сап, жем шашып, қамқорлық көрсетер едім. -Мен ағашпен (гүлмен) дос болу үшін, оған су құйып топырағын қопсытар едім. -Мен балапанмен дос болу үшін, оған жем, су берер едім. Дәйексөз Тәрбиеші балаларға: Ақылы бар баласың, Айтқан тілді аласың. Намысты болып өссең сен, Нағыз адам боласың! деген халық даналығын бүгінгі күннің дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Дәптермен жұмыс. -Үлкендердің көмегімен ашық хатты толтырыңдар “Үйренгенім көп менің”. Ғажайып сөздер. Балалар сабақта айтылып үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. Мен жақсы баламын. Мен өз отба- сымды жақсы көремін. Достарымды сыйлаймын.Табиғатты қорғаймын. Менің Отаным – Қазақстан. Қорытындылау. - Балалар, міне, біздің “Өзін- өзі тану әлеміндегі” саяхатымыз да аяқталды. Өзін- өзі тану арқылы жан дүниеміз байып, рухани құнды қасиеттерді танып білдік. Адам- дармен жағымды қарым –қатынас жасауды үйрендік. Өзімізді тани бастадық. “Адамгершілік” деген сөздің мағынасын түсіндік. Адамның игі іс- әрекеті, еңбек, достық, татулықтың адамның адамгершілігі қасиеттері екенін білдік. Біз енді өзімізді, отбасымызды, туған жерімізді, елімізді, Отанымызды сүйіп, аялап, қамқор боп, жақсылық жасай білуге үйрендік. Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрып Луиза Хейдің “Ризашылық” әнін тәрбиешімен бірге орындайды. Ризамыз бүгінге, Ризамыз бүгінге! Ризамыз бүгінге, Ризамыз қазірге! (2рет) Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге! Ризамын, ризамын, ризамын қазірге! (2 рет)

Автор:
Алма БЕЙСЕКЕНОВА, №45 «Арман» балабақшасы. МКҚК«Айна» тобының тәрбиешісі. Талдықорған қаласы