Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АНАЛАР КЕҢЕСІ ҰСЫНЫСПЕН ШЫҚТЫ


26 сентября 2014, 11:21 | 1 981 просмотр



Кеше одан бұл жөнінде қалаулылар сұрады. Өз кезегінде депутаттарға Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесі осындай ұсыныспен шығыпты. Мәжілістің жалпы отырысында Бақытбек Смағұл бастаған бір топ депутат Үкімет басшысына Елбасымыздың «Мерейлі отбасы» ба- стамасын қуатты дамытуды, отбасылық тәрбие ісіне жасы 80-нен асқан тағылымды әжелерімізді кең тартуды ұсынды. – Жақында Алматы өңірінде сай лау- шылармен кездесу аясында ҚХА жа- нындағы Аналар кеңесі мүшелерімен жүздестім, – дейді қалаулы Б.Смағұл, Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің аты- на жолданған депутаттық сауалда. – Олар ана жүрегін мазалаған мәселелерді қузады. Президент Н.Назарбаев «Қа- зақстан – 2050» стратегиясында елі- міздің болашақта қандай болаты- ны балаларымыздың бойына қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланы- сты екендігін қадап айтты. Осы орайда Аналар кеңесінің мүшелері өкінішке қарай, періште пейіл ұл-қыздарымыз өзгенің озық емес, тозық мәдениетінің шабуылы- на ұшырап жатқандығына назар аудартты. Бұл бос байбалам емес. Былтыр отан- дық телеарналардан Қазақстандағы «бір жыныстағылардың» тұңғыш тойы бар сал- танатымен паш етілді: олар Қарағанды қаласын қымбат лимузинмен аралап, өз нышандарына сай боялған шарларды ұшырып, мәре-сәре болды, электронды ақпарат құралдары осы «тамашаны» өзге жастарға үлгі қылғандай, егжей-тегжейлі көрсетті, бағдарламалар арнады. Арада бір жыл өткенде, сол қыздардың бір-бірін қызғанып, балталап өлтіріп, өртеп, сол қылмысы үшін сотталып жатқанын теле- арналардан тағы көрдік. «Кеше ғана қызғаныштан бірін-бірі балталап өлтірген қыздар 15-16 жылдан

жаза арқалап кетті. Осы сорақылықтар көзі ашық, көкірегі ояу аналардың жүрегіне шаншу болып қадалған екен. Аналар рухты жұтатып, көңілді жүдетер, жаратылысқа жара түсірер, табиғи болмысымызға нұқсан келтірер жат қылықтарды жұртшылыққа кең жаюға, жарнамалауға, оларға қатысты үгіт-насихатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізуге заң жүзінде тыйым салынуын сұрайды!» деп аналар аманатын Үкімет басшысына жеткізді Мәжіліс депутаттары. Олар оның орнына «Елбасымыздың «Мерейлі отбасы» бастамасын дамы- тып, ҚХА Аналар кеңесіне кіретін, жасы 80-нен асқан тәжірибелі, тағылымды апаларымызды тарта отырып, дәстүрлі отбасылық тәрбиені дамытуды» ұсынады. «Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ре- тінде гүлденуіне қызмет ететін төл құн- дылықтарымыз ғана сырттан ықпал етуші мүдделердің қазақстандықтардың сана-сезімін экспансиялауына мүмкіндік бермейді» дейді қалаулылар. – Біз зайырлы мемлекет ретінде де- мократиялық құндылықтарды сақтап, адам құқығының бұзылмауымен бірге, ұр- пақ құлқының бұзылмауын да назардан шығармағанымыз жөн! Отбасы – береке- бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ал ағайынның тату лығы – Атамекеннің тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау, ал әрбір некенің берік бо- луына барлық жағдайды жасай беруіміз керек. Біздің Отанымыз бір ойсыздың бір ойсызға, құдайсыздың құдайсызға қосылып алып, ойындағысын жасайтын өзгенің ойран ошағына ай налмасын десек, ойланғанымыз жөн екенін алдан тарта- ды аналар, – деді Бақытбек Смағұл. Оған Ассамблея атынан сайланған депутаттар қосылды.

Автор:
Айхан ШӘРІП