Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Қыс. Міржақып Дулатов


23 января 2015, 09:54 | 2 793 просмотра



2-сынып.Әдебиеттік оқу пәні.

Сабатың тақырыбы: Қыс. Міржақып Дулатов

Сабақтың мақсаты: автормен таныстыру арқылы мәтіндегі суретінің қай заманда жазылғанын ашу.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра түсінуге мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: қыс қызығы туралы алғашқы білімдерін толықтыра отырып, қысқы даланы, қысқы орманды сипаттай білуге, көркем сөздер топтамасын жинақтай білуіне жағдай жасау. Қыс тақырыбына байланысты сөз тіркестерін дұрыс қолдана білу дағдыларының дамуына мүмкіндік беру.

Тұлғалақ нәтиже: табиғат көріністерін тамашалау, әр жыл мезгілінің кереметін байқау арқылы оны бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:әңгіме, сұрақ-жауап, дәптермен жұмыс, талдау, оқулықпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: қыс көрінісі суреттері, слайд, М.Дулатовтың портреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

• «Тілек гүлі» тренинг. Оқушылар шеңбер болып тұрады да гүл шоғын бір-біріне бере отырып, тілек айтады.

- Сен әдемісің!

- Сен сұлусың!

- Сен мейірімдісің!

- Сен ақылдысың!

- Сен еңбекқорсың!

- Сен нағыз доссың!

Сынып оқушыларын тақырыпқа байланысты «Ақша қар» , «Ұлпа қар» топтары деп 2 топқа бөлу. (Стикерлер арқылы).

ІІ. Үй тапсырмасын қорытындылап өту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Қызығушылығын ояту. Өлең қимақағаз түрінде таратылып және интербелсенді тақтаға жазылады.

... ақырды,

Аязын шақырды:

Өрнекті қырау сап,

Жер-көкті қатырды.

...-да ақ қарды, ақ боран ақырды,

Ақ боран ақтарды.

Жаңа жыл келді деп,

Жалпы жұрт шаттанды.

...-ның боранды,

Ақ қарын борады:

Ақырған аяздың

Ашуы тарады.

- Қалай ойлайсыңдар, әңгіме не туралы болып жатыр?

- Жоғалған сөздерді табуға бола ма?

- Өлең жолдарын өз сөзіңмен айта аласың ба?

- Қыс қызығы неде?

- Қыс мезгілі кімдер үшін жайлы, ал кімдер үшін жайсыз?

2. Мағынаны тану.

- Ол туралы Міржақып Дулатовтың «Қыс» әңгімесінен оқып білейік.

- Міржақып Дулатовтың өмірбаянымен таныстыру.

- Мәтінді мәнерлеп оқу.

- Оқушылар тыңдай отырып, бірден сөздік жұмысын жүргізу.

Бек қиын – өте қиын.

Шилі бет – бетін үсік шалған.

- Негізгі сұраққа жауап ала алдық па?

- Қыс мезгілінде қиындық туғызып жатқан не екен? ( Қалың қар, ысқырып соққан аязы, үскірік бораны, күннің қысқалығы, өзен-көлдердің мұз болып қатуы, т.б)

- Жақсы жағы қандай? (Қыста ғана ойналатын ойын түрлері, қардан кейінгі таза ауасы, Жаңа жыл мерекесі, аязды күндері зиянды микробтардың қырылатыны, т.б)

- Қардың түрлерін айта аласың ба?

Керек дерек.

Ғалымдар қаншама ғасыр бойы қардың құпиясын ашуға ұмтылып келеді. Еріген кезде суға, ал аязды күні мұзға айналатын қардың қалай пайда болатыны адамдарға таңсық нәрсе емес. Алайда түйіршіктерінің 5 мыңнан астам түрі болады екен. Жай көзбен қарағанның өзінде әр қар түйіршігінің бір-біріне ұқсамайтынын көреміз. 1 текше метр қарды 350 миллион қар түйіршігі бар деп есептейді ғалымдар. Олардың әрқайсысы әртүрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь тәріздес алты бұрышты пішінде. Әрбір қар түйіршігінің бұл керемет ғажайыптары соңғы 100 жылда белгілі болды.

«Қар – қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын».

Слайдтар арқылы оқушыларға қар түрлерін көрсету:

Ақша қар- жаңа жауға таза қар.

Алақанат қар-бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.

Анжыр-қардың еріп қатуы. Қарғынға аралас қатқан қарлы мұз.

Бозқырау-күзгі күні тоңазудан болатын шық.

Жапалақ қар-ірі түйіршікті қар.

Жылбысқы қар-ери жауған қар.

Көбік қар-беті көпіршіген жұмсақ қар.

Күпсек қар-қалың жауған ұлпа қар.

Күртік қар-беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.

Қасат қар- ұзақ жатқан қар.

Қиыршық қар-жентектелген түйіршік қар.

Қылау-ауадағы су буынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне, ағаш бұтақтарына қонатые мұз қабаты.

Қырау-суық күзде тоңазыған дымқыл ауаның бір нәрсеге қар тәрізді ағарып қонған түрі.

Қырбақ қар-жұқа жауған қар.

Мұздық қар-үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.

Омбы қар-ат бауырлайтын қалың қар.

Сонар қар-алғаш жауған қалың қар.

Сүрі қар-ерте түсіп, ерімей, қыс бойы қалыңдаған, тозаң топырақ сіңіп, беті күлгін тартқан нағыз қар.

Сіреу қар-ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас, көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.

Ұлпа қар-жеңіл үлпек қар.

Үйме қар-боранды жел сырғытып, бір жерге тау-төбе болып үйілген қар.

Үрме қар-жел үрлеп, жиынтықтанған тығыз қар.

Дәптермен жұмыс. Мәліметтің ішінен өзіңе керегін түртіп ал. Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.

Сергіту сәті.

«Аққала» ойынын ойнату.

Ойынның шарты: әр топқа арналып жеке аққаланың сұлбасын салғызу. Әр топтан бір-бір оқушы шығып, жұмылу көзбен жетіспейтін жерлерінің суреттерін салуы қажет, Мысалы: мұрны, көзі, қолы, таяғы, т.б. қай топтың суреті дұрыс шыққанын оқушылардың өздері бағалау керек.

V. Сабақты қорыту.

Рефлексия.

1. Мен білдім:...

2. Мені таңғалдырды:...

3. Менің сұрағым бар:...

VI. Үйге тапсырма. Міржақып Дулатовтың «Қыс» мәтінің әңгімелеу. «Қыс» тақырыбында сурет салу.

VII. Бағалау.

Автор:
Көксу ауданы Мұқыры ауылыЖапсарбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Муратбекова Жанар Ильясқызы