Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Болашақтың» жұмыссыз түлегі жоқ


24 апреля 2015, 09:13 | 1 563 просмотра



«Оқу – инемен құдық қазғандай» дейді қазақ даналығы. Осындай орасан зор еңбектенуді, шелектеп тер төгуді қажет ететін аса күрделі істі аяғына дейін жеткізуге өресі де, білімі де, төзімі де жетпейтін шәкірттер қай жерде де кездеседі.

Мәселен, оқудан шығып қалған 30 «болашақтықтан» мемлекет солардың білім алуына жұмсаған ондаған миллион шығынын сот арқылы өндіріп алуда. Бұл туралы кеше Астанада өткен «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен «Дарын» және «Жас тұлпар» мемлекеттік сыйлықтары иегерлерінің «Білімді жастар – Мәңгілік елдің болашағы» атты форумында мәлім болды.

Форумға мемлекет есебінен білім алу¬шы 400-ден астам стипендиат ша¬қы¬рыл¬ған екен. Дарынды жастар құ¬рылтайы ая¬сында Үкімет бас¬шы¬сының орын¬ба¬сары Бер¬ді¬бек Сапар-баев «Болашақ» пре¬зиденттік сти¬пен¬диясы иегерлерінің қа¬тарын жବ¬қында толықтырған өрендерге сал¬танатты түрде сертификаттарды та¬быс етті. Ал «Болашаққа» жауапты «Ха-лық¬ара¬лық бағдарламалар орта¬лы¬ғының» пре¬зиденті Ғани Нығыметов оқу үлгерімі на-шар, бағалары төмен болған немесе өз бетімен оқуды тас¬тап кеткен «бола¬шақ¬тық¬тарға» со¬лар¬¬дың оқуына мемлекет жұм¬саған бар¬лық қаражатты қайтаруға ту¬ра ке¬ле¬тіндігін ескертті.

«Әртүрлі объективті себептермен пре¬зи¬денттік стипендиядан айырыл¬ған сти¬пен¬диаттар бар, – деді ол жу𬬬¬налистерге. – Қазіргі уақытта олар өздеріне шы¬ғын¬далған барлық ақ-шаны қайтаруда. Біз оларды ал¬дымен сол қаржыны өз ерік¬терімен қай¬таруға көндіруге тырысамыз, бол¬маса, сотқа жүгінеміз. Бұрын оқу¬ға жә¬не шетелдік үздік ғылым ор¬да-сының дип¬ломын иеленуге мүм¬кіндік алған, бі¬рақ оны іске асыр¬ма¬ған 30 адам бойынша сот біздің пай¬дамызға шешім шығарды. Қазір ол шығындар өндірілуде». Ғ.Ны¬ғы¬ме¬товтың мәліметінше, бұл стипен¬диат¬тар мемлекетке жалпы сомасы 100 мил¬лион теңгеден астам қаржы¬ны қайтаруға мін¬детті.

Толыққанды «болашақтық» атана ал¬мағандардың орта жолдан кері оралуына не¬гізінен, әлемдік үздік жоғары оқу ор¬ны¬ның талаптарына жауап бере алмай, нашар үлгерім көрсетуі, жұмысқа қайту қажеттілігі және отбасылық пробле¬ма¬лар себепкер болатын көрінеді. Ақпарат құралдарының өкілдері қан¬ша «болашақтықтың» оқу бітірген соң, ше-телде қалып қойғандығын сұрады. «Хବлықаралық бағдарламалар орталы¬ғы¬ның» басшысы мұндай жайт бұрындары, 90-жылдары болғандығын, қазір кездес¬пейтіндігін жеткізді. Тіпті ондайлар бол¬са, «мемлекеттің өзін оқытуға бағыттаған шығынын толық өтеуге және 10 пайыздық санкция төлеуге міндетті».

«Бүгінде «болашақтықтар» елге келіп, ең¬селі еңбек етуде. Мен бос отырған, жұ¬мыссыз жүрген бірде-бір «болашақтықты» танымаймын»,- деді Ғ.Нығыметов.

Вице-премьер Б.Сапарбаев «Бола¬шақ» бағдарламасының арқасында ша¬ма¬мен 8 мың отандасымыздың әлемдік озық жоғары оқу орындарында білім алған¬ды¬ғын хабарлады.

– Олардың көбісі ұлттық ком¬па¬ния¬лар¬да, шағын және орта бизнесте, мем¬ле¬кет¬тік қызметте жұмыс жасап жатыр. Бұл бағ¬дарлама өзінің жоғары тиімділігін дә¬¬лелдеді. Бүгінде «Болашақ» сти¬пен¬дия¬сы аясында шетелде кадрлар даярлау жаңар¬тылған форматта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Үдемелі индустрияландыру бағдарламасына тартылған еліміздің жетекші 10 университетінің студенттеріне оқуының жартысын «Болашақ» бойынша шетелдегі әріптес оқу орнында жалғас¬тыруға мүмкіндік беріледі, – деді Бердібек Сапарбаев. Яғни оларға да «болашақтық» атануға және ай сайын 200-300 мың тең¬геден асатын жоғарғы шәкіртақы алуға жол ашылады.

Бірақ мемлекет мұнымен тоқтамақ емес. Өткен жылдан бастап, Қазақстанда «Серпін – 2050» бағдарламасы іске қо¬сы묬ған болатын, соның аясында енді биыл да¬рынды жастарға кем дегенде 5 мың бі¬лім беру гранты бөлінетін болды.

Бұл бағдарламаның мақсаты – Үдемелі индустрияландырудың перспективті жоспарлары негізінде өңірлерде ең көп сұранысқа ие мамандықтарды жас ұрпақ арасында танымал ету. Сондай-ақ респуб¬ликаның халық тығыз орналасқан оңтүстік және батыс өңірлерінен тұрғындары тым аз солтүстік және шығыс өңірлерге көшіп баруға және сонда жұмыс жасауға құлық та¬нытқан жастарға да осы грант ұсынылатын көрінеді. Мемлекет осы арқылы солтүстік және шығыс облыс¬та¬рымызды қазақыландыруға қол жеткізе алады.

– Былтыр біз «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша маман тапшылығы сезіліп отырған өңір¬лерге 2 мың 50 маманды бағыттадық, – деді Үкімет басшысының орын¬басары. – Биылғы жылы бұл көрсеткішті 5 мың адамнан асыруды жоспарлап отырмыз. Айта кетейік, Үдемелі индустрияландыру аясында жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін, заманауи технологиялар қолданылатын ондаған жаңа кәсіпорындар құрылады, оларға маман керек. Осы жаңа кәсіп¬орындар үшін 2015 жылы Білім және ғылым министрлігі іріктеген отандық 10 ЖОО және 10 колледж кадр даяр¬лауды бастайды.

Вице-премьердің мәліметінше, тек соңғы 4 жылда ғана білім беру саласын қаржыландыру көлемі – 2 есе, ал ғылымға бөлінген қаржы тасқыны 2,5 есе ұлғайған. Жастар ел ішіндегі ғылым ордаларында тегін мамандық игеруі үшін мемлекет жыл сайын 35 мыңнан астам грант бөледі.

– Мемлекеттің болашағы – оның жастарына байланысты! – деді Б.Сапарбаев. – Өйткені жастар – әрдайым қоғамның жігерлі де, бастамашыл бөлігі. Сіздер Тәуел¬сіздік түлегісіздер, тәуел¬сіздікпен бірге жасап келесіздер. Тәуелсіздікті тұғырлы ететін де – сізсіздер.

Ол биылғы жылдың басында жария етілген БҰҰ рейтингіне сәйкес, Қазақстан жастар саясатын дамыту көрсеткіштері бойынша 170 ел ішінде 27-орын алғанын хабар¬лады. Өткен жылы 1300-дей қазақ¬стандық әртүрлі деңгейдегі білім додаларында жүлде алыпты.

Автор:
Айхан ШӘРІП. «Айқын».