Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз


24 мая 2015, 00:20 | 6 288 просмотров



Уақыт зымырап өте шығады. Бір күнді екінші күн басып, бүгінің кешегі күн болып қалады. Сөйтіп өткен күндер тарихқа айналады. Бұл өмір заңдылығы. «Болашағың жарқын болсын десең, өткеніңе көз жүгірт» дейді халық даналығы. Расында да, өткенін білмеген ұрпақ, ертеңіне қалай сенімді болмақ? Тарих сыр шертеді, бүгінгінің ұрпағы мен кешегінің даналарын байланыстырады. Ұрпақ сабақтастығын жалғастырады. Кешегіні баяндау –келешекке керек. Шыққан жерін, оқыған мектебін, білім берген ұстаздарын ұмытпай, оларды ұлықтау әрбір азаматтың парызы. Тарихын біліп, өткен күндерді бағалап, сара жолды ұстанғандар ғана мемлекеттің дұрыс дамуына үлес қосады.

Осыдан тура 30 жыл бұрын бір топ қыз-жігіт Жетiсу жерiнiң кiшкене ғана бөлшегiн алып жаткан бұрыңғы Куйбышев совхозы қазіргі Қаблиса жырау ауылы орналасқан жер Шаған тауының бөктерi, көк желек жамылған қоңыр салқын жайлау, табиғаты тамаша ауылдан үлкен қадамға аттаған еді. Қасиеті мол сол ауылда Қабан жырау атындағы мектеп талай баланы білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге түлеп ұшырды. 1975 жылы тардай болып мектеп табалдырығын аттап, он жыл білім алып 1985 жылы түлеп шыққан оқушылардың бүгін үлкен өмірге аяқ басқанына 30 жыл толып отыр. Кешегі боз бала мен бойжеткендер бүгін бір-бір үйдің отағасы мен отанасы, қоғамның беделді азаматтарына айналды. Сол түлектер бас қосып білім алып, тәлім көрген алтын ұя мектебіне қайта оралып, балалық шақты еске алып, ұстаздарына тағзым етпекші. ” Он жыл бойы мектеп партасында қатар отырып, бірге сабақ айтып, бірге ойнап-күліп, бірге сабақтан қашатын достарына деген бір ғаламат сағыныш кеудеңді кернейді. Мөлдір шақты еске алып, сол кезге бір сәт қайта оралғың келеді. Қиялына ерік беріп, кездесу ерекше есте қалатындай етіп өткізуге тырысады. Өмірден өткен құрбы-құрдастарын, ұстаздарын, ата-аналарын еске алып, оларға құран бағыштауды да бір парыз санайды…Біз Қабан жырау мектебін 1985 жылғы түлектерінің небір қызықтарды ұйымдастырып жатқанына куә болдық та, олар туралы сыр шерткіміз келді. Отыз жыл бұрын туған жерінің таза ауасын жұтып, топырағын кешті. Шаған тауынан бастау алатын Көксу өзенінің мөлдір суына шомылып өсті. Көркем табиғат аясына, әсем Шаған тау бөктеріне жыл сайын «көкке» шығып, шүйгін шөбіне аунап-қунап, құлын-тайдай тебісіп, шаршап-шалдығып, кешке үйлеріне қайтатынын әңгімеледі.

Білім нәрімен сусындатқан мектебі әрбір адам үшін ерекше ыстық. Осы орайда Қабан жырау атындағы мектеп тарихына тоқталып өтсек. 1928 жылдың күзінен Жүністің текшесінде Қызылбұлақ пен Ақтекше артельнде Ағыбай мешітінде сауат ашу курсы ашылған. 1930 жылы «Ақтекше» колхозында ресми түрде бастауыш мектеп ашылған. Мектептің алғашғы директоры, мұғалімдері болып Нұрпейісов, Біләлов, Мұхаметқалиевтер жұмыс атқарған. 1930 жылы «Қызылбұлақ» колхозында бастауыш мектеп ашылды. Алғашқы мұғалімдер: Смағұл Қақабаев, Бакісінов Стамшал, Ізтілеуов Қабдолда, Сулейменов Қабдолда, Насиха Өсербаева, Күреңов Нұрқабыл. 1937-1957 жылдары Ақтекше жеті жылдық мектебі болды. 1957 жылы 7 қыркүйекте Талдықорған аудандық атқару комитетінің №5 -23-2 шешімі бойынша В.В.Куйбышев атындағы орта мектеп болып құрылған. 1992 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің №527 қаулысы бойынша «Ақын Қабан Жырау» атындағы мектеп болып өзгертілді.

В.В.Куйбышев совхозындағы ақын Қабан жырау атындағы орта мектебін білікті басшы ұстаздар басқарды. Олар: 1957-1960 жылдар аралығындадиректор болған Әбішев Жүнісқұл, одан кейін 1960-1976 жылдарда Ахметченов Шолпанқұл басшылық еткен, 1976-1977 жылдары Шағылбаева Тұрсын директор болса, 1977-1979 жылдарда Абайділдәнов Қалижан басқарыпты, 1979-1992 жылы Қазақ ССР-ның оқу ағарту ісінің үздігі, «Көксу ауданының Құрметті азаматы»Бәзілов Сайлаубай мектепке басшылық етті. Тәуелсіз елдің мектебі директоры қызметін 1992 жылдан 2011 жылдың 23 ақпанына дейін Шалқыбеков Өтеген атқарған. Ол 1989 жылы «Аға методист мұғалімі», «Қазақстан Республикасының оқу ісінің үздігі» төс белгісімен, 2011 жылы «Көксу ауданының Құрметті азаматы», 2010 жылы «Нұр Отан» ХДП Құрмет Грамоталарымен марапатталған. 2011 жылдан бастап Оразбаева Бақтыхан мектеп директоры қызметін атқарып, ағалар салған сара жолдың жалғастырушысы.

Уақыт зымырап, өтіп шықса да мектеп қабырғасында өткен шақтар естен кетпес балғын кез болып қала береді. 1975 жыл. Мектеп табалдырығын аттаған шақтары кеше ғана сияқты еді. Арада отыз жыл уақыт зымырап өте шығыпты. Алғаш қолдарына қалам ұстатып, «Әліппе» үйреткен алғашқы ұстаздары Кулипа Мухаметкеримова, Бақыт Жырғабаева, Күміс Жоламановалардың арайға толы мейірімді жүзі көз алдарында… 30 баланы өз балаларындай мәпеледі, еркелетті.

1975-1985 жылдар аралығында оқыған оқушылар бүгін ақыл айтар азаматтарға айналды. Олар білім үйретіп, тәрбие берген ұстаздарын әрқашан құрметтеп өтпек. Сол жылдары мектепте тәлім берген ұстаздар.

1975-1985 мұғалімдер тізімі

1. Оңалбаев Жебеген

2. Керимбеков Мухан

3. Конурбаева Цзетхан

4. Рахметова Карима

5. Жамаубаева Бибітай

6. Жаманкулова Бибі

7. Кенжебекова Жамиля

8. Абдилова Күміс

9. Маженова Нурсулу

10. Шаяхметова Нурипа

11. Тілегенова Махинур

12. Есханипа Нағима

13. Олжабаев Нурманбек

14. Смагулов Белтай

15. Елеусизова Балтамар

16. Тенізбаева Фарида

17. Жоламанова Күміс

18. Мухаметкеримова Кулипа

19. Оңалбаева Адірнә

20. Керимбаев Марат

21. Базилов Сайлау

22. Оразбаев Капез

23. Мақулбеков Демесин

24. Нургалиева Жаныл

25. Маткеримов Өмирахан

26. Мухаметченов Ильяс

27. Бейсбаев Халық

28. Шалкибеков Отеген

29. Дауренбаев Женіс

30. Салимбаев Есен

31. Жырғабаев Шенгелбас

32. Жамалбекова Орынкул

33. Нурлыбаев Қасым

34. Абусагатова Жамбы

35. Абдігапарова Алтай

36. Андасбаев Каришал

37. Бейсенбинов Тоқтар

38. Ордагулов Ахан

39. Қундакбаев Мырзағул

40. Мырзашев Бөлеген

41. Есенбаев Алип

42. Ахметченов Шолпанқұл

43. Сегізбаева Нуржамал

44. Мынбаева Дильда

45. Нурмуханбетова Орынбай

46. Кушебаева Ултуар

47. Жартаева Кулай

48. Инкарбекова Кулазипа

«Тау баласы, тауға қарап өседі» деген даналарымыздың сөзі тегінде дұрыс айтылған. Кешегі білім алған оқушылар бүгінде қазақ қоғамының белсенді мүшелері.

1 «А» класы Мухаметкеримова К.

1. Абдіхалықова Айжан

2. Базилова Гүлшат

3. Есенбаев Мұхтар

4. Жамаубаева Гүльмира

5. Жұманова Индира

6. Жүнісбеков Жомарт

7. Жуманова Қаламқас

8. Жетенов Бақтияр

9. Жарасбаева Д

10. Жетенов Қанат

11. Жаулыбеков Бауыржан

12. Қабидолданова Айым

13. Муратбеков Женіс

14. Майлыбаев Жанат

15. Нурлыбаев Мақсат

16. Нусқабаев Дидар

17. Нуғыманов Қазбек

18. Нурқынова Қарлығаш

19. Оралбеков Мадияр

20. Сейсебаева Айгүл

21. Сванқулов Еркін

22. Турлыбекова Раушан

23. Омарқулов Абзал

24. Нүсіпбаева Меруерт

25. Тәжікеев Бақберген

26. Тастанов Есет

27. Мухаметченова Индира

28. Жаулыбеков Айдос

29. Мадинов Самат

30. Майлыбаев Сабит

1 «В» класы Жырғабаева Б

1. Тамшыбаева Марзия

2. Махатов Арман

3. Төлендинов Қалжан

4. Смагулов Жақсылық

5. Омаров Алтынбай

6. Әбілбаев Сабыржан

7. Мырзашев Асхат

8. Манасова Жанар

9. Артакенов М

10. Ақмолдинов Қабен

11. Жумабекова Бақыткүл

12. Атибеков Бақытжан

13. Іңкәрбеков Бақыт

14. Жумадилов Рашид

15. Қошығулов Арынғазы

16. Қазақбаев Тоқтасын

17. Оразов Сейдін

18. Турғанов Мурат

19. Бекшарипов Мишка

20. Маткаримова Ж

21. Турғанбаев Жанат

22. Жумабаева Куләй

23. Сиқымбаев Болат

24. Аманбаева Қаламқас

25. Әпимолданова Гауһар

26. Есалинов Бегалы

1 «Б» класы Жоламанова К

1. Асқарбеков Серік

2. Ақанова Гүлнар

3. Алтынбаев А

4. Абилханиева Гүлім

5. Абдуалиев Бауыржан

6. Абдраимов Ғалым

7. Алтынбеков Берік

8. Акимбаев Қанат

9. Ажинова Бақыткүл

10. Бақтыбаев Бақыт

11. Базарбаев Асқар

12. Бабикенова Қарлығаш

13. Есімбеков Асқар

14. Есімбекова Гүлнар

15. Жексенбаева Әния

16. Керімбеков Кенжебай

17. Құттыбекова Камшат

18. Құрақбаев Мұхтар

19. Құндақбаева Г үлім

20. Мадраймова Кәмшат

21. Нурлыбекова Бота

22. Нүсіпбеков Бақытжан

23. Ордағулов Мағауия

24. Оразбаев Мұратқан

25. Рысқұлова Ғалия

26. Самбетбаева Бақыт

27. Сарсенов Ерік

28. Сағымова Той

29. Халенов Әділхан

30. Ясупов Тоқотай

Мұхаметкеримова Күлипа, «а» класы бастауыш сынып мұғалімі:

-«Білім негізі – бастауышта» дейді. Ата-аналары балаларын мектепке алғаш алып келіп мұғалімге тапсырғанда оларға мейіріммен, қамқорлықпен қарау керек. Күнделікті сабаққа тыңғылықты дайындап, оқуға қызықтара білу қажет. Тәрбие мен білім егіз. Мұғалім көп еңбек еткен жағдайда оқушылардың білімі де артады. Талай балаларды ұядан ұшырдық, жан-жақта еңбек етіп жүр. Солардың бірі 1985 жылы мектеп бітірген түлектерім биыл 30-жылдық тойларын жасап, бізді шақырып отыр. Мың да бір рахмет, балаларыма. Алтын ұя мектебін, аяулы ұстаздарын балалар ешуақытта ұмытпайды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәттен балалар өз анасындай көріп, айтқаныңды тыңдап, әлі күнге дейін алдымыздан кесе көлденең өтпейді. Бұл балалар өте сыйласымды, әрі белсенді болды. Оқушыларым жақсы оқыды. Кешегі кішкентай балалар бүгін үлкен азамат болды, Қазақстанның түпкір-түпкірінде егеменді елеміздің гүлденуіне үлес қосып еңбек етуде. Оқушыларыма өте ризамын! Мерей тойлары құтты болып, жастары ұзақ болсын, отбасыларына бақыт, амандық тілеймін!

Жақанбай Кенжебеков, сынып жетекшісі: -Осыдан 30 жыл бұрын 1985 жылы оқушыларымыз мектеп бітірді. Бұл балалардың барлығы қыздары да, ұлдары да жаман деп айтпаймын. Қазіргі күні ұлдарымыз бір-бір отбасының ұйытқысы, қыздарымыз бір уақытта келіні болса бүгін үлкен аналары болды. Осы оқушалар мектеп қабырғасында мінездері әр қилы болғанымен, бір кісінің балаларындай болдық. Бір-бірін жамандау, төбелес, ұрыс-керіс деген болған жоқ. Мейрамдарда, жаңа жылда «а» класы, «б» класы болып көрініс қойып, өнерін көрсетіп жарысып тұратынбыз. Біз «А» класына беріспейтінбіз, балалар пысық болды. Қазір әрқайсы өмірде өз орныны тауып, әр түрлі салада қызмет атқарады. Мен бұл балаларыма ризамын. Осы оқушылар үлкенді үлкен деп сыйлап, кішіні кіші деп ізеттілік танытып, адаммен тіл табысыа біледі мен осы қасиеттеріне ризамын. Өмірлері қызық пен қуанышқа толы болсын, биік жетістіктерге жете берсін. Біз осы балаларымыздың жетістіктеріне қуанып жүре берейік!

Бақыт Жырғабаева, «в» сыныбының алғашқы ұстазы:

-«Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деген балаларым 30 жылдан кейін үлкен жігіт ағасы болған азаматтарды көріп таңырқап қуансаң, бір жағы қас қағымдай өте шыққан уақытты мойындайды екенсің. Оқу бітіргенен кейін өзім туып өскен ауылымда еңбек етіп ұстаздың жолын олғаш осы 1-класс балаларды оқытудан бастап едім. Балаларым туған топырағындай құнарлы ойлы, Текше мен Шағандай биік, өр мақсатты.

Ауыл балалары тез өсіп, негізгі тәрбиесі адал, ақкөңіл, жарқын, бауырмашыл балалар бірін-бірімен жақсы араласыпынтымақпен талай биіктерге қол жеткізіп жатқаннын біліп, тілектес болып,менің де еңбегім бар-ау депқуанып жүремін. Ұстаздарың ретінде айтарым біз жете алмаған арманға сендер жетіңдер. Тәуелсіз елімізге адал еңбек етіңдер, күш қуат, біліміңдеріңді Қазақстанның өркендеуіне аямай жұмсаңдар. Бақытты ғұмыр кешіп, дендерің сау, қайда жүрсеңдер де жолдарың ашық, АЛЛА жар болсын!

Орынкүл Жамалбекова, «а» класының сынып жетекшісі: Мұхаметкеримова Күлипа апайдан қабылдап алған класым еді. Оқушылардың үлгерімі жақсы болды, 70-80 % жақсы оқыды. Тәртібі де жақсы еді. 6-класта 3 оқушы Алматыдағы физика-математика мектебіне емтихан тапсырып оқуға кетті. Білімі жағынан да, тәртібі жағынан да класымыз алдыңғы қатарлы болды. Осы балаларымды 10-сыныпқа дейін оқытып, мектеп бітірттік. Екі оқушым медалист болды. Өмірдің әр саласына кеткенімен, оқушыларым әр уақытта хабарласып, көрген жерде амандасып тұратын болды. Әр түрлі салада қызмет атқарып, өздері келін түсіріп, қыз ұзатып, немерелі болып жатыр. Оқушыларым қанша есеіп ер жетсе де олардың балалық қылықтары ойымнан кетпейді, мен үшін бұл оқушыларым әрқашан бала болып қалады. Балаларыма рахмет, осындай мектебіміз, ауылымыз бар деп 30-жылдық кездесу ұйымдастырып отыр. Балаларыма тілерім, қай жерде жүрсе де аман болсын, жолдары ашық болып, бастарынан бақ кетпесін!

Жеңіс Дәуренбаев, «в» класының сынып жетекшісі:

-Құрметті, түлекетер! Мектеп бітіргендеріңнің 30-жылдық мерейлі тойы құтты болсын. Оқушылар еліміздің түпкір-түпкірінде әр салада қызмет етіп жүрсіңдер. Қызметкеріңде табыс, отбасылары береке-бақыт, адамндық тілеймін. Сендердің жетістіктеріңді көріп бізде қуанып қаламыз. Мектеп кезіндегі сәттер ешқашан ұмтылмайды ғой. Оқушыларымның ішінде жақсы оқцғандары да болды, бұзықтары да болды. Бүгін сол балаларға байланысты естеліктердің барлығы біз үшін ерекше ыстық, қымбат!

Омарқұлов Абзал «А» класы

Ұстаздың оқушы – азаматтың бойына сіңірген еңбегін, маған бір ауыздан ашып айту өте қиын. Олардың жұмсаған еңбегін осы алдымызда болатын 30 жылдық мектеп бітірген кешімізде қандай алғыс сөзімізбен жеткізетінімді сәл ойланып көрсем, санамдағы жақсы сөздер жетпейтінін түсіндім. Сауат ашу, өмірге бейімдеу, рухани тәрбие беру. Оның ішінде шыншыл, батылдықты, жауаптылықты, қайырымдылықты, өжеттілікті адам бойына дарыту, тек ұстаздардың қолынан келетін үлкен қасиетті шаруа. Бізді оқытқан ұстаздарды еске ала отырып, алғашқы мұғалімім Мухаметкеримова Кулипа апайымды, сынып жетекшім Жамалбекова Орынкул апайым мен математика пәнінің мұғалімі Мырзашев Бөлеген ағайымыз, сызу-сурет пәнінен Мухаметченов Ильяс ағайымды және тағы да басқада ұстаздарымның ерекше еңбегін, үлкен әсермен бағалаймын. Менің ер жетіп, азамат болғаныма өз үлестерін, үлкен сауат пен тәрбие арқылы менің бойыма сіңірген. Әр ортада біздің ауыл азаматтары сынақтан сүрінбей өтіп, ерекшеленіп жүргені сол кісілердің еңбегінің жемісі. Ұстаздар берген сауаттылық бүгінге дейін маған жемісін беруде. Қазақ қоғамының құрылуы оның қалыптасуы ұстаздан басталады. Ұстаздың қоғамдағы орны орасан зор.

Ұстаз еңбегі, мен үшін баға жетпес құндылық. Тек, бұрынғы оқушы, қазіргі азаматтың көңіліндегі ұстазға деген алғыс-ықыласы, сый-құрметі, ризашылығымен сипатталады. Кейбір адамдар сол ризашылықты сөзбен жеткізе алады да, ал, енді біреулері қуаныш көзімен, ұстазын көрген сәтте қуаныш көңілімен жеткізеді. Ұстаз еңбегін- бәйгеге қосқан сәйгүлік секілді өмір өткелдерінен сүрінбей өткен кезде, ішіңнен сол ұстаздардың қадір-қасиетін, бір сәт бағалайсың. Сондықтан мен алғысымды, ұстазымды көрген кезде жылы сезімімді білдіретін шығармын. Өйткені мен ұстаздардың еңбегін бағалайтын, сөз қорын таппадым. Менің тілегім: Ұстаздарым тек аман болып, басқа балаларды өмір бәйгесіне жарата берсе екен!

Есалинов Бегалы Абдықадырұлы «В» класы

1975 жылы 1 сыныпқа бардық. Ең алқаш қалам ұстауды үйреткен Күміс апай, одан кейін Бақыт апай да оқыдым. Біздің кластың енді сүйікті ұстаздары көп болды. Себебі біздің бұзықтығымызда шек болмағандықтан сынып жетекші шақ келмейтін. Қанша бұзық болсақта, сол ұстаздарымыздың арқасында бүгін жақсы азамат болып ер жеттік. Еркелігімізді көтеріп, өз балаларынан артық көңіл бөлді. Бізді дұрыс жолға түсірді. Ұстаздарыма айтар алғысым шексіз. Бүгінде мектеп бітіргенімізге 30 жыл толып отыр. Бұл да ұстаздарымыздың еңбегі. Сіздер арқашан біздің екінші анамыз, ақылшымыз болып қала бересіздер.

Жуманова Индира «А» класы

Біздің мектепті бітіргенімізге биыл міне 30 жыл толып отыр. Біз мектеп табалдырығын алғаш аттағанымызда екінші анамыздай болған алғашқы ұстазымыз Кулипа апаймызға сыныбымның атынан үлкен алғысымды білдіремін. Ол кісі менің сүйікті ұстазым болған. Біз үшін төккен тері мен өткізген уақыттарының алтындығына ешбір сөз тең келмейді. Сол ұстаздардың арқасында бүгін бәріміз үлкен азамат болып отырмыз. Өз балаларынан бізді артық санап, шексіз білім мен тәрбиені бойымызға дартты. Ұстаздарыма мың алғыс. Әрқашан жанымызда мақтанышымыз болып жүре беріңіздер. Сыныптастарыма тілерім, жұмыстарыңа табыс, отбасыларыңа амандық, жақсылық тілеймін. 40 жылдықта аман-сен қауышайық!!!

Нұғыманов Қазбек «А» класы

1985 жылы үлкен Шаған тауының баурайында орналасқан Қаблиса ауылында ақын Қабан жырау атындағы орта мектепті бітіргенбіз.Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қолыма қалам мен әліппені ұстатқан Күлипа апайым болды. Бізде үш класс болды, а, б, в. Мен «а» класында оқыдым. Күлипа апайым маған әріпті жазу мен оқуды үйретсе, Орынкүл апайым ары қарай білімімді шыңдады. Бізге білім берген ұстаздарымыз негізінен 40-45 жыл тәрбие берген ардақты жандар. Киелі ауылымның тумалары. Ардақты кісілерден білім алған біздей шәкірттерде арман жоқ. Оларға айтар алғысымыздың шегі жоқ. Бала-шағалары аман, дендері сау, отбасыларында жақсылық болсын. Алла разы болсын!

Манасова Жанар «В» класы

Кеше ғана тарыдай болып мектеп табалдырығын атттаған едік. Бүгін міне, 30 жыл толып отыр. Зымыраған уақыт десеңізші. Осы уақытқа бізді жеткізген ардақты ұстаздарымыз.

Алғаш сауатымызды ашып, қолға қалам ұстартты. Еркелігіміз бен серкелігімізді көтерді. Білім атты кемеден нәр татқызды. Қаншама ұлық сөздермен сіздердің еңбектеріңіз жайлы жазсақ та, тауыса алмаспыз. Менің сүйікті ұстаздарым: ең алғаш 42 – і әріпті үйреткен Жырғабаева Бақыт апайым, жоғары сыныпта класс жетекші болған Дәуренбаев Жеңіс ағай мен Кенжебеков Жақанбай ағай болды. Ол кісілердің мен үшін орны ерекше. Маған білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма тілерім, әрқашан ортамызда аман-есен жүре берсін. Ешқашан жүздеріне мұң ұяламай, қуаныштың жүзі кетпесін.

Аса құрметті осынау алтын ордаға «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» менің сыныптас достарым!

Қайда жүрсек те, қайда болсақ та, қанша жасқа келсек те бір-бірімізді ұмытпайық.

Әрқашан жадымызда жаңғыртып жүрейік. Өйткені туған жеріміз ортақ, тіліміз, дініміз ортақ, оқыған мектебіміз, ұстаздарымыз ортақ, заманымыз, қоғамымыз ортақ, ең бастысы алтын шаңырақты, күміс уықты, киелі керегелі еліміз, арман – тілегіміз ортақ. Сондықтан қадірлі достар, Қорқыт бабамыз айтқандай «қара орманымыз шайқалмасын, қара тауымыз бүгілмесін, аққан дариямыз сарқылмасын, Қазақ елі түгел болсын!».

1975 жылы алтын ұяға балапан болып келіп, қыран болып, қияға ұшқан мектеп түлектеріне биыл отыз жыл толып отыр. Сол жылы түлеп ұшқан алпыс төрт түлектің, бүгінде қазақ қоғаманың белсенді азаматтарына айналды. Жігіттер жағы бір-бір шаңырақтың иесі болса, қыздар жағы бір-бір үйдің киесі. Зымырап өткен отыз жылдың ішінде шыққан шыңдарына білім берген ұстаздарының арқасы дейді түлектер. Киелі Шаған тауының бөктерінен тулап шығып, сол ауылдың ардақты ұстаздарынан білім алғанымызды мақтанамыз. Отыз жылдық қарсаңында аяулы ұстаздарымызға тағзым етеміз!

Автор:
Інкәр ЕРБОЛҚЫЗЫ