Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жайдары жаз қалай өтті?


28 августа 2015, 10:29 | 1 858 просмотров



Білім және Ғылым министрлігінде мектеп оқушыларды жазғы демалыста сауықтыру шаралары ұйымдастыру қолға алынған. Мемлекеттік бюджет есебінен биыл мектеп жасындағы балаларды сауықтыру шараларына 3 млрд. 115 млн. теңге тартылған.

Жетісу жері, жанға жайлы, ауасы шұрайлы, суы нулы, табиғаты әсем.

Жетісулық оқушылардың биылғы демалысы қалай, қайда, қандай деңгейде болды деген сауалмен Талдықорған қаласы №17 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Бәкентайқызы Бексұлтанованы сауалға тарттық.

- Ләззат Бәкентайқызы, №17 орта мектепте жазғы демалыс қалай ұйымдастырылды?

- Жазғы демалысты ұйымдастыруда – барлық балалардың ажырамайтын тіршілік әрекетін жасау, негізгі өмірдің басты рухани ізгілігін, рухани әсемдігін байланыстырады. Мектеп жанындағы жазғы лагерь, мектеп жанындағы алаң, жазғы жөндеу бригадасы, көгалдандыру бойынша бригадада әр баланың мекен жайы да ескеріледі, әдет-дағдылары мен білімдерін жетілдіреді, өз уақыттарын қызықты өткізе алады, физикалық және рухани мүмкіншіліктерін аша біледі. Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша жұмыстың мақсаты: балалардың физикалық, психикалық, парасаттылық, рухани ізгілігін дамыту және өмірдің басты құндылығы балалардың денсаулығын сақтау арқылы СӨС баулу.

- Негізгі мақсаты қандай?

- Балаларды түрлі әлеуметтік тәжірибеге баулу, шығармашылыққа,достастыққа, бірлесіп жұмыс жасауға жағдай жасау, әр жастағы топтармен қарым-қатынастарын дамыту; балалардың бос уақытын қызықты өткізулеріне жағдай жасау; балалардың шығармашылықтарын, топтағы балалардың қабілеттерін дамыту; сауықтыру іс-шарасын ұйымдастыру;

- Ләззат Бәкентайқызы, балаларға жазғы демалысты қамтамасыз ету тегін бе?

2014-2015 оқу жылы бойынша № 17 орта мектепте жазғы уақытта мектеп жанындағы «Балдырған» лагері 01-27.06.2015ж аралығында жұмыс жасайды. Оған жетім, аз қамтылған,көп балалы отбасы балаларынан 25 оқушы тегін ЖББ- қорынан, демалса, қалған 75 оқушы ақылы ата-аналардың қаражатымен демалды. Бұл лагерь екі мерзімде жұмыс жасады,барлығы 100 оқушы сауықтандырылады. Лагерді бастауыш сынып жетекшісі С.К.Бекбосынова басқарады. Өз жұмыстарын жақсы білетін, бала жанын түсінетін бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың жақсы демалуына жағдайды толығымен жасады. Лагердің әр күні қызыққа толы әр түрлі іс-шаралар мен спорттық ойындарға ұласып отырды.Мысалы: дүйсенбі күнгі-жасыл түс. Осы күні оқушылар жасыл түсті киім немесе сол түске қатысты әр түрлі заттар ойластырып сол түстің ерекшелігін айтып келеді.Мектеп жанындағы лагерьдің қызықты өтуіне өз үлесін қосқан балажан тәрбиеші апайларымыз:Ж.Самбетбаева,С.Бекбосынова,Ж.Трайсова,Р.Төлеубай, А.Сабырбаева, Г.Скребцова,А.Муканова, М.Муканова. 08-13.06.2015ж-аралығында биыл үшінші жыл жұмыс істеген қала жанындағы «Жас ұлан» жазғы шатырлы демалыс лагеріне мектептен 4-10 аралығында 70 оқушы демалды .Оның 25-і тегін Жалпыға бірдей білім беру қорынан, қалған - 45-і ақылы.Оған арнайы мектептің бұйрығы бар,жауапты ұстаздар бекітіліп, оқушылардың қызықты демалуына жағдай жасады.Олар: :Л.Бексұлтанова;Т.Касымгалиев, М.Ахметбаева,Л.Е.Нурасилова,Г.Рахимова, Г.Далабаева,С.Шамкенова, Асқар Қуаныш,М.Утеуова. Текелі қаласындағы «Бастау» лагеріне 02-08.07.2015 ж. аралығында жетім, аз қамтылған,көп балалы отбасы балаларынан 30 оқушы қалалық маслихат есебінен тегін демалып қайтты. Ал мектеп жанынын көгалдандыру жұмыстарына 26.05-31.08.2015ж аралығында 5-10 сынып оқушылары түгел қамтылған.Сынып жетекшілері барлығы кесте бойынша өз оқушыларын қамтамасыз етіп,жаз бойы мектеп ауласын көгалдандырылырып отырылды. Барлығы сауықтырумен және демалыспен 480 бала қамтылды, оның ішінде 80-і – аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар. Қорыта айтқанда, жазғы демалысты мектеп оқушылары өте қызықты ,өз мәнінде өткізді деп ойлаймыз. Жаз бойы жақсы демалып, күш жинаған оқушыларымыздың да көңіл күйлері көтеріңкі болып, жаңа оқу жылындағы жетістіктері де көп болары сөзсіз.

Автор:
Іңкәр ЕРБОЛҚЫЗЫ