Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Халықаралық -құқықтық құжат болып табылады


19 октября 2015, 04:56 | 1 765 просмотров



Баяндаманы қорғау жұмысы ағымдағы жылғы 16-17 қыркүйекте Женева қаласында БҰҰ Балалар құқықтары бойынша комитетінің 70-ші сессиясында өтті

Қазақстан делегациясының құрамына ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, ҚР Адам құқықтары жөніндегі орталықтың, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Сыртқы істер, Әділет, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері кірді. Қазақстан делегациясының басшысы, ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев БҰҰ Комитеті мүшелерінің назарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып елімізде балалар құқығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан саясат туралы ақпаратты ұсынды. Сонымен қатар, вице-министр қатысушыларға Үкімет тарапынан төрт жыл ішінде енгізілген жаңа заңнамалар мен атқарылған практикалық іс-шаралар жөнінде хабарлады. Делегация мүшелері Комитет сарапшыларын еліміздегі маңызды және әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси бағыттар саласындағы прогрессивті өзгерістер бойынша болған жаңалықтар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір келешек» атты ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында балалық шақты қорғауды ұлттық саясаттың негізгі басымдықтарының бірі етіп жариялағаны атап өтілді.

Елімізде Комитеттің бұрынғы ұсыныстарын жүзеге асыру мақсатында кешенді іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Осы жылдар ішінде Қазақстан Республикасы бірқатар конвенцияларды, оның ішінде: Балаларды халықаралық деңгейде ұрлаудың азаматтық-құқықтық тұстары, Жұмыс жасайтын ерлер мен әйелдердің, сондай-ақ отбасылық міндеттемелерге ие тұлғалардың тең мүмкіндіктері, Мүгедектер құқығы туралы секілді құжаттарды ратификациялады. Жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында Қазақстан экономикасы шапшаң дамып келе жатқан он елдің қатарына кіріп отыр. Адам басына шаққанда ішкі жалпы өнімнің ұлғаюына байланысты Үкімет балалық шақты қорғау саласына бөлініп жатқан қаражатты молайтуға қол жеткізді. Балалар мүдделерін қорғауға бағытталған жаңа ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Балалар құқықтары бойынша комитет мүшелері өз түсініктемелерінде Қазақстан Республикасы бала құқықтарын қорғау мәселесінде заңнамалық, соттық, әкімшілік, әлеуметтік және басқа да шараларда ілгерілік танытып келе жатқанын айтты. Мысалы, Рессей тәуелсіз сарапшысы Ольга Хазова Қазақстан Комитеттің ұсынымдары мен ескертулерін орындауда үлкен жауапкершілік көрсеткенін атап өтті.

Баяндама қорғауының алдын ала қорытындысы ретінде Комитет мүшелері Қазақстанның қазіргі таңда қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерді толықтай орындауы қойылған мақсаттардың  жүзеге асырылғандығына негіз бола алады деп мәлімдеді.

Анықтама: Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы - мүше-мемлекеттердің балалар құқығын анықтайтын халықаралық құқықтық құжат. Бала құқықтары туралы конвенция балалар құқықтарына арналған кең ауқымды бірінші және негізгі  халықаралық -құқықтық құжат болып табылады. Құжат туылғаннан 18 жасқа дейінгі жастағы (қолданылған заңнамаларға бойынша ол   кәмелеттік жасқа бұрынырақ толып қоймаса)  ерте тұлғалардың  аштық пен қайыршылық , қатыгездік , қанау мен зорлық басқа да қиянаттардан еркін ортада өз мүмкіндіктерін толық дамытуға .жеке құқықтарын нақтылайтын 54 баптан тұрады. Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның қатысушылары 190 елден астам  БҰҰ  мүшелері болып табылады. Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның әрбір қатысушысы бес жылда бір рет  Конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы БҰҰ Балалар құқықтары бойынша комитетіне ұсынады.

Автор:
ҚазАқпарат