Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Жаңа жыл – жаңа факультет


18 января 2016, 03:45 | 1 449 просмотров



Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСМ) – меди­циналық факультеті ашылды.

Мұнда бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура – білім берудің барлық деңгейдегі медициналық кадрларды дайындау бағдарламаларыхалықаралық стандарттарға сай және соңғы ғылыми жетістіктерге негізделіп жүзеге асады.Сонымен қатар денсаулық сақтау және оны жақсарту мақсатында жаңа бағдарламалар дайындау, оны жүзеге асыру және ары қарай дамытумен айналысатын шағын және орта бизнес өкілдері, түрлі бағыттағы мамандар мен ұйымдарға қосымша кәсіби білім беру де қарастырылған.

Қоғамдық денсаулық сақтау жо­ғары (ҚДСМ)  мектебі – ҚазҰУ-дағы он бесінші факультет. Меди­циналық бағытты дамытуда Азия­да­ғы және әлемдегі жетекші жо­ға­­­ры оқу орындары болып сана­латын әрі Оңтүстік Кореядағы үз­дік үштікке кіретін Сеул универ­ситеті мен Иёнсе университеті Қаз­ҰУ-дың бас серіктестері. Әлем бойын­ша Оңтүстік Корея денсау­лық сақ­тау саласында алдыңғы қатарда бол­ғандықтан ҚДСМ-нің білім бе­ру бағдарламалары осы ел­дің тә­жірибесіне сүйеніп жасалып отыр. 

Университеттер арасында жасал­­­­ған халықаралық келісім негі­зін­­­де корей ғалымдары ме­дици­налық кадрлар дайындау бағ­­­дар­­­­ламасына белсенді атсалыс­пақ. 2015 жылдың желтоқсан айын­да ректор Ғ.Мұтановтың басшы­лы­ғымен ҚазҰУ делегациясы Оң­­­түс­­­тік Кореяға жасаған сапа­рында Корей университеттерінің прези­денттері ниеттерін растаған бола­тын. Шетелдік ғалымдар ден­саулық сақтау саласында иннова­циялық және заманауи технология­ларды пайдалану және меди­ци­на­лық бас­қару жүйесіне байланысты дәрістер оқып, шеберлік сыныптарын өткі­зетін болады. Қазақстандық оқыту­шылар мен студенттер шетелдік ме­дициналық кафедралар мен ла­бораториялар негізінде біліктілік­терін арттыруға, ғылыми тағылым­дама мен тәжірибеден өтуге мүм­­­кін­дік алады. Халықаралық әріп­­тестік негізінде ҚазҰУ Оң­түс­тік Ко­рея университеттерінде магистратура және докторантура болашақ ма­мандарын оқытуды және қоғамдық денсаулық сақ­тау­дың,медицина дамуының өзекті мәселелеріне бай­ланысты бір­лескен ғылыми-зерттеу жобаларын жасауды бастап кетті.

ҚазҰУ мен корей универ­ситет­тері арасындағы әріптестік Қазақ­станда әлемдік жоғары стан­дарт­тарға негізделген медицина қыз­­мет­керлерін дайындаудың жаңа бағытын айқындады.Ол клини­калық және академиялық ұйымдар­дың бірлесіп жұмыс жасау нәтиже­сінде үздік халықаралық тәжірибені іске асыру арқылы ең жоғары әлем­дік стандарттарға қол жеткізуге бағытталған. Қазіргі таңда ҚазҰУ негізінде медициналық-биоло­гия­лық кластер құрылуда және биоме­дицина саласында сұранысқа ие мамандықтар оқытылуда.

ҚазҰУ Оңтүстіккореялық Иёнсе университетінің «Кангнам Северанс» клиникасымен бірлесе отырып университеттің диагнос­тикалық орталығын премиум саты­сына көтеру мақсатында жұмыстар атқаруда. Жоғарыда аталған шетел­дік клиникада ҚазҰУ-дың 18 мама­ны арнайы бағдарламамен білім алды. Диагностикалық орталық Siemens, General Electric, Samsung сияқты жетекші өндірушілердің соң­ғы медициналық жабдықта­рымен жабдықталған. «Кангнам Северанс» клиникасы жетекші ма­мандарының қатысуымен телеме­дицина техноло­гия­сын пайдалану арқылы науқастар­ға қашықтықтан кеңес беру мен диаг­ноз анықтау жүйесі енгізілді. Ал­дағы уақытта мемлекеттік-жеке­меншік әріптес­тік негізінде 500 орынға шақталған медициналық клиника ашу жос­парда бар.

Автор:
Медет Талипов. «Айқын». Алматы