Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Гордость нашей школы!


19 февраля 2016, 03:52 | 1 694 просмотра


Бердникова Татьяна Александровна

учитель русского языка и литературы высшей категории. Всредней школе-гимназии №10 имени Чокана Валиханова работает с сентября 1991 года. Все годы работы она проявляет высокую эрудицию, творческое отношение к деятельности учителя, личностно-ориентированный подход в работе с детьми, постоянное совершенствование своего научно-методического и профессионального мастерства. Талантливый педагог обладает хорошей психолого-педагогической и методической подготовкой, что позволяет ей грамотно строить отношения с учащимися различных возрастных групп.

В течение нескольких лет, работает над исследовательской проблемой «Формирование конструктивного мышления учащихся через использование в образовательном процессе опорных схем». На уроках Татьяны Александровны наблюдается работа по развитию речевых, мыслительных, орфографических, пунктуационных умений и навыков учащихся, четкость в знании детьми грамматических категорий, признаков и явлений языка. Это достигается системой тщательно отработанных учителем разнообразных упражнений и заданий, дифференцированных в зависимости от возможностей и уровня подготовки учеников.

Стремясь оптимизировать учебный процесс, Татьяна Александровна со своими наработками выступала на заседаниях научно-методического совета кафедры русского языка и литературы университета, где ее работа получила положительный отзыв на научно-практической конференции «Молодые ученые 2012 года». Статья «Альтернативные способы аттестации школьников» опубликована в международном сборнике, выпущенном ЖГУ им. И. Жансугурова.

Самостоятельный творческий подход к решению сложных педагогических задач позволяет ей успешно реализовывать новые технологии обучения. В своей практике она использует исследовательские и опытно-экспериментальные приемы. Программы спецкурсов «Практическая стилистика», «Мировая художественная литература», разработанные Татьяной Александровной, позволяют профессионально использовать знание психологии подростков для активизации их деятельности и успешно подготовить к сдаче государственных экзаменов.

Преподавание предмета учитель ведет по шести уровням развития познавательных способностей учащихся: знание, понимание, применение, анализ, синтез и оценка. Таким образом, новые знания на уроках Татьяны Александровны формируются не простым наложением на имеющиеся, а через переструктурирование всего узнанного прежде. Ученики Татьяны Александровны красиво говорят, обладают способностью делать выводы, сравнивать, синтезировать полученные знания, любят выразительно читать стихи и прозу. Благодаря использованию активных методов обучения, педагог добивается высоких результатов в работе с учащимися: качество знаний 75% при 100% успеваемости. Бердникова Т.А. постоянно работает с одаренными детьми. Ее ученики—активные участники и призеры малых городских олимпиад и интеллектуальных турниров: учащиеся старших классов принимали участие в международномфлеш-мобе «Тотальный диктант - 2013», где ученица 11 класса Кашкарова Анастасия заняла 1 место и получила благодарственное письмо; ученицы Купбаева Эмилия. Жилина Виктория и Козинова Наталья получили за диктант оценку «отлично». Педагог курирует секцию русского языка и литературы в школьном научном обществе «Эврика». Ежегодно представляет для защиты работы учащихся на МАН и Дарын: 2013 гг. –МенкибаеваРатхарани и Зеленкова Виолетта (социология) – 2 место, 2014 год –РахымСания (русская литература, 10 класс) – 2 место, Жилина Виктория (русский язык, 10 класс) – 2 место, Никонова Милана – областной конкурс «Дарын» по социологии – 2 место; 2015 год – Бердникова Анастасия, Жилиина Виктория (русский язык, 11 класс) – 3 место, Брыткова Анастасия, Продан Юлия (литература. 8 класс) – 3 место, Призьба Алина, Назарова Анастасия (русский язык 8 класс) – 3 место, Булыга Ангелина (русский язык, 6 класс) – 1 место.

По итогам ЕНТ качество знаний составило 88%.

Серьезное внимание педагог уделяет совместной деятельности семьи и школы в гуманистическом воспитании детей. Интересна и разнообразна тематика часов делового общения, родительских собраний, индивидуальных консультаций. Это позволило ей добиться полной явки родителей на родительские собрания, совместные праздники, походы.

Совершенствуя свое педагогическое мастерство, педагог щедро делится опытом работы с другими учителями школы и города. Опыт работы Татьяны Александровны был представлен на международной научно-практической конференции «Казахстан – территории межэтнического и межконфессионального согласия и мира 2013 года», статья «Ассамблея народа Казахстана – важный механизм общественной стабильности» опубликована в сборнике Управления внутренней политики Алматинской области.

Татьяна Александровна провела ряд открытых уроков по использованию методов педагогики сотрудничества для учителей города, участвовала в разработке программы «Кредитная технология обучения» совместно с ЖГУ им. И. Жансугурова.

Активная жизненная позиция позволяют ей работать в тесном сотрудничестве с городским Советом Ветеранов «Ардагер» и Советом Ветеранов войны в Афганистане. Учащиеся Татьяны Александровны принимают активное участие в мероприятиях, проводимых данными организациями, за что учитель награждена Почетными Грамотами и Благодарственными письмами. Так же награждена благодарственным письмом от городского родительского комитета.

Татьяна Александровна обладает такими личностными качествами как гражданская активность, принципиальность, порядочность. Гуманистическая позиция педагога, ее вера в способности учеников снискали ей любовь и уважение в ученическом, педагогическом и родительском коллективах.

Нусупова Шолпан Айдаржанқызы жоғарғы санатты музыка пәнінің мұғалімі. Ш. Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназияның жоғарғы санатты музыка пәнінің мұғалімі. Ақтөбе облысында 20 шілде 1975 жылы туылды.

Ұлты –қазақ, білімі-жоғары. 2000 жылы - І. Жансүгіров атындағы

Жетісу мемлекеттік университетін (үздік диплом), музыка және ән-күй пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. 2004 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін, басқа ұлт мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Еңбек өтілі-18 жыл.

Наградалары( соңғы үш жылдағы)-2012-Облыстық халық шығармашылығы-Алғыс хаты, Талықорған қаласының білім бөлімің -Құрмет грамотасы, Облыстық орыс орталығы -Алғыс хаты;2013- Талықорған қаласының білім бөлімің Мақтау қағазы, Қала әкімі -Құрмет грамотасы ,Талықорған қаласының білім бөлімің Мақтау қағазы;2014- Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті-Диплом, Талықорған қаласының білім бөлімің Мадақтамасы.

Шолпан Айдаржанқызы –өз пәнін жетік білетін,жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, бүгінгі заман талабына сай қаруланған, теориялық білімі жоғары, педагогикалық ой-өрісі кең, әдістемелік шеберлігі жан-жақты мұғалім. Осы мектепте жұмыс жасаған жылдан бері өзін оқушылармен жұмыс жасай алатындығын көрсете білді. Ол әр оқушымен жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сай қарым – қатынас жасай отырып, олардың табиғи бейімділігі мен ерекше қасиеттерін сабақ барысында және ізденіс жұмыстарда ұтымды пайдалана біледі. Тәжірибелі мұғалім «Әр баланың қабілетіне, бейімділігіне қарай дарындылығын танытып, оны одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру» проблемасы бойынша жұмыс.

Музыка пәнін оқыту барысында оқушыларды әлемдік музыкалық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстырып, жеке тұлғаның рухани мәнін ашып,ұлттық шығармашылық өнер негізінде шығармашылық ойлауды арттырып дамытады.Жас ұрпақтың бойына халықтық салт- сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру арқылы, оларды осы уақыттың сынынан сүрінбей өтуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстары көңілден шығады.

Мұғалім өз білімінің нәтижесімен мектепішілік, калалық, облыстық семинарлармен бөлісіп отырады. Қалалық тамыз конференциясының музыка секциясында «Музыка сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты семинарды дайындап, жүргізді.

2014 жылы ақпан айында қалалық семинарда «Ұйымдастыру кезең» атты мастер-класс көрсетті. Ұстаз өзінің шеберлігімен, іскерлігімен көріне білді.

Шолпан Айдаржанқызының қалалық,облыстық, республикалық басылымдарда мақалалары жарық көрді.Ұстаздық еңбегінің арқасында Шолпан Айдаржанқызының іс-тәжірибесі Алматы облыстық білім басқармасы Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының «Мектептегі музыка сабағы» оқулығында «Лидер музыки XXI века», «Дәстүрлі күйшілік өнер,Құрманғазы, «Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми негіздері» атты мақалалары, сабақ жоспарлары жарияланды, WWW .USTAS KZ Интернет сайтында «Дәстүрлі күйшілік өнер.Құрманғазы. + презентациясы » жарияланды.

2013 жылы «Білім шапағаты» газетінде «Наурыз-ырыс, құт-береке бастауы» атты сабақ жоспары,2014 жылы «Күй анасы-Дина» атты сабақ жоспары басылымға шықты.

2012-2014 оқу жылдары- Қалалық «Жарқын болашақ» атты байқау «Әнші бұлбұлдар» номинациясы -Елубаева Алтынай II орын, Облыстық «Асеттің әндер-ай» ән байқауы- Елубаева Алтынай II орын, Республикалық «Ғұмырдария» ән байқауы -Елубаева Алтынай I орын, Туркия мемлекетінің Стамбул қаласында өткен халықаралық «Харман» атты ән байқауы -Елубаева Алтынай Бас жүлде. Нәтиже: Елубай Алтынай Астана қаласындағы Жоғарғы оқу орнына шақырылды.

Қалалық «Балдаурен- бақытты ән-дәурен» байқауы Әбдіқалық Ерәділ және Байғожаев Дархан Бас жүлде, Облыстық «Балдаурен» ән байқауы-«Дос» дуэті Дипломант, Қалалық «Жарқын болашақ» атты байқау «Әнші бұлбұлдар» номинациясы -Байдавлетова Назым II орын, Қалалық мектепаралық көркемөнерпаздар байқауы оқушылар- I орын.Диплом

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған Алматы облысы жастары арасындағы әскери-патриоттық әндер байқауы- Әбдіқалық Ерәділ және Елубай Алтынай III орын Диплом

Қалалық «Жарқын болашақ» атты байқау, «Әнші бұлбұлдар» номинациясы- Бектұрғанова Дильназ III орын Мадақтама

Ұстаздың қажырлы еңбегі арқасында мектеп оқушылары қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Жирикова Назгүл Байғұлжақызы жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Жарқын жанды, мәдениетті, дайындығы мол, шығармашылық ізденіс үстіндегі мұғалім.

Өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын жаңашыл педагог оқушылардың адамгершілік, рухани тұрғысынан тәрбиелеп, бүгінгі уақыт талабына сай жан-жақты білім беруді басты міндет санайды.

Өзін оқушылармен тығыз байланыста жұмыс жасай алатындығын көрсете біледі. Ол әр оқушымен жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сай қарым – қатынас жасай отырып, олардың табиғи бейімділігі мен ерекше қасиеттерін сабақ барысында және ізденіс жұмыстарда ұтымды пайдалана біледі. Мұғалім «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыра отырып, шығармашыл тұлға қалыптастыру» тақырыбын ұстанады. Сабақ барысында, сабақтан тыс шығармашылық – ізденіс жұмыстарында жеке тұлғалық шығармашылық тапсырмаларды тиімді құрастыра отырып, сабақты әртүрлі формаларда өткізе біледі. Қазақ тілі пәнінен ҰБТ көрсеткіші – 86-100%.

Оқу материалын терең меңгерген мұғалім сабағында теория мен тәжірибені ұштастыруда дұрыс ұғыну, өз беттерінше ойлау және өз ойларын жеткізу, талдай білу қабілеттерін қалыптастыра отырып, жоғарғы дәрежеде өткізеді.

Назгүл Байғұлжақызы дарынды балалармен жұмысты үздіксіз жүргізіп отырады. «Жақсы ұстаздан жақсы шәкірт» демекші, ұстаздың оқушылары Әл—Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ тілі пәні бойынша пәндік олимпиадасының, «Ақбота» интеллектуалдық марафонының, «Естен кеспес отты жылдар» атты жыр мүшайрасының, «Жетісу табиғатын ұрпаққа жеткізейік» атты байқауының, пән олимпиадаларының, «Дарын», КҒА байқауының, «Ілияс оқуы», «Абай оқуы» байқауларының, Республикалық «Шәкәрім оқуы» байқауының, «Мүшелтой» балалар мен жасөспірім клубы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған байқауларының,Алматы облыстық жастар саясаты орталығының «Брэйн-ринг» интеллектуалды ойынның жүлделі орын иегері. Сонымен қатар оқушыларының шығармашылық жұмыстары қалалық жинақтарында жарияланады.

Ұстаздың өзі де шығармашыл тұлға. Оның «Адамгершіліктің шуағы сөнбесін», «Қазақ елім, бір ауыз сөзім саған», «Сөздік жұмысын жүргізу әдісі» тақырыбындағы мақалалары «Білім шапағаты» республикалық-қоғамдық педагогикалық газетінде жарық көрді. «Ашық сабақтар» WEB-сайтында «Уильям Шекспирдің өмірі мен шығармашылығы», «Мағжан рухы-әр қазақтың рухани азығы», «Кітап-жан азығым», «Ана-жүрегім, тіл-тірегім», «Сәкен Жүнісовтің «Ақан сері» романы» атты мақалалары жарияланды. «Қазақ тілі мен әдебиеті» республикалық ғылым-әдістемелік журналының «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында «Канбан» технологиясын қолдану» атты мақаласы жарық көрді.

Мұғалімнің қол жеткізген тиімді әдіс -тәсілдері мектеп көлемінде кеңінен таралуда, сонымен қатар Назгүл Байғұлжақызы жас мамандарға тәлімгерлік етіп келеді. Мектепте және қалалық шараларда өткізілетін әртүрлі жұмыстарға белсене қатысып, оқушыларымен сахналық қойылымдар қойып, көпшілік назарына ілінуде.

Ұстаз- білім берумен қатар тәрбиені ұштастыра білетін мұғалім. Сабақ барысында тәрбие жұмысы ұлттық мәдениетті, салт–дәстүрді насихаттау және азаматтыққа, адамгершілікке, отансүйгіштікке бағытталса, өзі сынып жетекшілік ететін сыныбын демократиялық, гуманистік қарым – қатынаста тәрбиелеуде.

Шәкірттеріне рухани құндылықтарды бойына сіңірген білікті де білімді, ұлтжанды тұлға тәрбиелеуде өзіндік із салып келе жатыр. Сынып оқушылары мектепішілік және қалалық шараларға белсене қатысып, өздерінің ұйымшылдығымен көзге түсуде. Бұл- мұғалім еңбегінің жемісі. Еңбегінің жемісімен көзге түсе білген Назгүл Байғұлжақызы өзі сабақ беретін оқушыларының арасында сыйлы, әріптестері арасында беделді.

Оралова Әлия Қамзақызы – бірінші санатты, жоғары білімді, технология,сызу,бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі.Жалпы өтілі - 13 жыл. Лауазымы бойынша- 12 жыл. Оның ішінде осы ұйымда – 12 жыл.

2010 жылы І. Жансүгіров атындағы  Жетісу мемлекеттік университетін бітірді. Осы мектепке 2003 жылдан бастап өзінің

педагогикалық жұмысын бастады.

Өз пәнін жете меңгерген білімді де білікті

ұстаз ретінде көрініп келеді. Шәкірт жүрегіне жол таба білген, өзінің бойындағы өнегесі мен қажымас қайратын оқушының білімі мен тәрбиесі жолында сарп етіп келе жатқан тынымсыз ұстаздардың бірі.Үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап, шәкірттеріне бүгінгі өмір талабына сай сапалы білім беру жолында оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытып,көп деген көрмелерге қатыстырып,шеберліктерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға өте көп көңіл бөледі. Өз жұмысында өткен күн мен бүгінгі күннің пікірлерін салыстыра отырып, бүгінгі күннің белсенді әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданады. Сонымен қатар, шеберлігімен,білімділігімен, алғырлығымен, іздемпаздығымен, жағымды мінезімен беделді. Мұғалімнің ерекше белгісі - әр оқушының тұлғалық қабілетін тани алуы, оны дамытуға үлес қоса алуы.

Қызықты да мазмұнды сабақтармен бірге мектепішілік ,қала және облыстық көрмелерге,конкурстарға қатысып,үнемі жүлделі орындарға ие болады.

Педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар: 2011 жыл-АОМКДИ Мактау қағаз «Адамның игілігі өмірі мен еңбегінде»; 2011-Респ.ғылыми журнал «Бейнелеу өнері және сызу» басылым «Қағаздан гүл композициясын орындау»;2011- Респ.ғылыми журнал «Бейнелеу өнері және сызу» басылым «Өзіндік және тәжірибелік жұмыстарды теориямен байланыстыру оқыту әдістері»; 2011-Каталог Қ.Р.тәуелсіздігінің 20 жылдығына откізілген мектеп мұғалімдері және оқушыларының облыстық көрмесі; 2011-АОМКДИ әдістемелік оқыту «Жаңа технологияларды оқыту әдістері»;2011- Талықорған қаласының білім бөлімің - Мақтау грамотасы. 2011- Талықорған қаласының білім бөлімің Мақтау қағаз «Асфальтке сурет салу» 3 орын.

Оқушыларының жетістіктері: 2011-АОМКДИ Мактау қағаз «Ерен еңбек жеңістері»; 2011-Каталог Қ.Р.тәуелсіздігінің 20 жылдығына откізілген мектеп мұғалімдері және оқушыларының облыстық көрмесі.

2012 жыл -Каталог Қ.Р. халықтарының бірлігі күніне өткізілген сурет көрмесі; 2012-«Өрлеу» Құрмет грамотасы; 2012-«Алматы обл ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігі Алғыс хат; 2012-«Ізгілік» журналы басылым; Каталог Қ.Р. халықтарының бірлігі күніне өткізілген сурет көрмесі;2012-«Талдықорған орыс орталығы» Алғыс хат;

Оқушыларының жетістіктері: 2012-«Ізгілік» журналы басылым; «Мүшелтой» балалармен жасөспірімдер клубы Диплом марапатталады 3 дәрежелі Қайратқызы Ж; «Мүшелтой» балалармен жасөспірімдер клубы Грамотамен марапатталады Қахарман Н, Танекеева Ш; Талықорған қаласының білім бөлімінен Алғыс хат-Баубекова Н,Қалиев А, Маташ М,

Бейсембаева М, Танекеева А, Галиев С; «Алматы обл славян жастарының қозғалысы» қоғамдық бірлестігі Дипломмен марапатталады-Баубекова Н. 2-орын,Бейсембаева М Құрмет грамотасы; Талдықорған қ төтенше жағдайлар басқармасынан Грамота 1-орын Танекеева А,Танекеева Ш сурет байқауынан.

2013 жыл -Талдықорған қ. БКСМ Мадақтама; Алматы обл орыс орталығы

Оқушыларының жетістіктері: 2013-Талдықорған қ. БКСМ Мадақтама- ҚалиевА 3-орын, Маташ М 3-орын, Маташ Қ 3-орын, Танекеева А.

2014 жыл - «Өрлеу» Каталог* Ең үздік шығармашыл мұғалім*;2014- Өрлеу «Ә.Қастеев-қазақ сурет өнерінің салушыларының бірі» Каталог.

Оқушыларының жетістіктері: 2014 - Талықорған қаласының білім бөлімің Мақтау қағазы «Асфальтке сурет салу» байқауы 2-орын, Талдықорған қ төтенше жағдайлар басқармасынан Грамотасы 2-орын.

2015 жыл - Ғылым-білім халықаралық интернет ресурсы-Диплом 1-орын; Өрлеу «Ұлы жеңіске 70 жыл» Каталог 2-орын; Қ.РҒылым-білім халықаралық интернет ресурсы Медаль «Ұлағатты ұстаз».

Бейсембаева Кулсағира Мәкеңқызы

жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. Семей облысы, Жарма ауданы, Даубай кентінде 1958 жылы 15 наурызда дүниеге келді. 1966 жылы Мариновка ауылында 8-жылдық А.Н. Некрасов атындағы мектепке 1-ші сыныпқа барды. 1974 жылы 8 класты "үздікке" бітіріп, Семей қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы педагогикалық училищеге түсті. Оны 1978 жылы бітіріп, жолдама бойынша 1978 жылы 8 тамызда Семей облысы, Жарма ауданындағы Боко кентіндегі орта мектепте өзінің алғашқы ұстаздық жолын бастады. Бұл мектепте 18 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1978 жылы Өскемен педагогикалық институтына түсіп, 1984 жылы бітірді. Орыс тілі мен орыс әдебиетінің мұғалімі деген мамандығын алды. Бірақ бастуыш сыныбы мұғалімі болып істей берді. 1996 жылында Талдықорған қаласына келіп, 3-ші қыркүйектен бастап Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназияда бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп келе жатыр. Жалпы еңбек өтілі 37 жылы, соның ішінде осы мектепте 19 жыл.

Жұмыс істеген мерзім ішіінде, өз мамандығын жетік меңгерген жаңашыл, ізденімпаз мұғалім екендігін көрсете білді.Ол сабақ беру барысында Зайковтың Саралай оқыту, С.Лысенкованың "Оздыра отырып оқыту", В.Давыдовтың "Дамыта отырып оқыту", Ж.Қараевтың "Деңгейлік саралау технологиясы", Малаховтың "Дамыта оқыту" және тағы басқа жаңа технология әдістерін кеңінен пайдалана отырып, оқушылардың тілдік қорын байытып, қызығушылығын арттыруда.

Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен "Дамыта оқыту" технологиясы басшылыққа алынды. Себебі қазіргі оқулықтар "Дамыта оқыту" технологиясына негізделе жазылған.Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі "Дамыта оқыту" технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс. Бастауыш мекткптің басты міндеттерінің бірі-оқушыны тәрбиелей отырып, дамыта оқыту, яғни оқушының оқу қызметін қалыптастыру теориясын меңгерту.Саналы оқу қызметі оқушының жеке басының жан-жақты дамуына негіз болады. Ал саналы түрде оқу, жазу, есеп шығаруды меңгеру, тек теориялық білімге сүйенеді. 21-ші ғасырда адамзат өркениетті дамуында білім беру үрдісінің жаңа кезеңіне аяқ басты. Елімізде білім берудің жаңа қырлары ашылып ескі мазмұнды білім баланың өзіне-өзінің нық сенімін қалыптастыруды, өзін өзгеге танытуға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде өсуіне ықпал етеді. Бүгінгі таңда баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларының түрлерін қолдану оқу үрдісінде оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

2012 жылы "Ақ бота" интеллектуалдық марафонында 6 оқушы I орынға Бисембаева Ділназ, Бауыржан Альбина, Ерқасым Аружан, Бектұрғанова Ділназ, Абдиев Аділет, Мырзагалиев Рүстем,3 оқушы II орынға Бекетай Нұрым, Абдрахманова Әдемай, Маулитканов Мерей және 2 оқушы III орынға Нұрболатұлы Ерасыл, Назарбеков Тамирлан ие болды.2013 жылы Нұрболатұлы Ерасыл Мәскеуде өткен Гагаринді еске алу Халықаралық Қоғамдық-ғылыми оқуға тікелей қатысып арнайы дипломмен марапатталды.

Жаңа технология алынған білімді нығайтуды жақсартады. Жаңа технологияларды күнделікті сабақта пайдалану үшін, әрбір ұстаз оқушылардың жас ерекшелігін және өз мақсаты мен шебеолігіне қатысты таңдайды. Жаңа технологиядағы мақсат - өз бетімен дами алатын, белсенд,і білімді оқушы тәрбиелеу.Кульсагира Макеновнаның оқушылары тек қана білімге емес өнерге де, спортқа да қызығушылықтары, құштарлықтары зор.Олар әр түрлі үйірмелерге қатысып, әр түрлі жарыстарға, конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болады. Мысалы,2013 жылы Бисембаева Ділназ "Әнші балапан" балалар шығармашылығы байқауындағы үздік орындаушылық шеберлігі үшін I дәрежелі дипломмен, 2013 жылы қала мектептерінің 3-4 сынып оқушылары арасында Спартакиада бағдарламасына сәйкес тоғыз құмалақ жарысында жекелей есепте II орынға ие болып, мақтау қағазымен марапатталды.Маулитканов Мерей 2013жылы грек-рим күресінен облыстық ашық жарыста III орынға ие болып мақтау қағазымен марапатталды.Осы нәтижеге қарап, мұғалімнің оқушының жан-жақты дамуына көп үлес қосқаны байқалады.

Бастуыш мұғалімі Бейсембаева Күльсагира Макеновна оқу мен тәрбиенің түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіріп, жаңа технологияларды сабақта тиімді пайдаланады. Модификацияық инновация-қолда бырдың түрін өзгертіп дамыту. Комбинаторлық инновация- белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Радикалдық инноация- мемлекеттік стандартта қалыптастыру. Қазіргі технологияны қолданып оқушылар ой-өрісін еркін дамуына, жан-жақты білім алуына шығармашылық жағдай жасау мақсатында сабақтарды түрлендіріп өкізеді.Сондықтан технологиының төрт түрлі тәсілдерін қолданып, әрдайым іздену жолында жүреді.

Автор:
школа-гимназии №10 имени Чокана Валиханова