Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Білім Шапағаты» үздіктер қатарында!


19 февраля 2016, 09:57 | 2 588 просмотров



Білім тақырыбында қалам тербейтін басылымдар ішінде біздің газет журналисті Іңкәр Нұрсұлтанова «Аймақтық БАҚ арасындағы білім беру тақырыбына жазылған ең үздік мақала» номинациясында үздік шықты. 16-ақпанда VII Республикалық «Зачот-2015» байқауының қортындысы жарияланды. Конкурс қазіргі Алматы мененджмент университетінде Қазақстан пресс-клубының қолдауымен 6- шы жыл өтуде. Аталмыш байқаудың мақсаты –Қазақстанның білім беру жолдағы өзекті сұрақтары мен мәселелеріне, сапалы білім мен білімнің даму үрдісіне халықтың қызығушылығын арттыру. Тілшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Байқауға 48 автордан 298 жұмыс түскен. 22 газет, 7 сайт, 5 телеарна, 1 радиоканал, 4 ақпараттық агенттік және 4 журнал қатысты. 48 өтініш қабылданып, 16- аймақтық авторлардан болса, оның 11-і мемлекеттік тілде жазушылар.

Әділқазы алқалары ішінде: Асылбек Қожахметов, Almaty Management University президенті; Әсел Қарауылова, қазақстандық пресс-клуба президенті; Дос Күшім, көсемсөзші, "Ұлт тағдыры" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, политолог; Ирина Медникова, журналист, ҚФ Қазақстанның" "жастардың ақпараттық қызметінің бас директоры, Жастардың «ZhasСamp» халықаралық конференциясының ұйымдастырушысы; Рустам Ниязов, Yvision блог-платформасының бас редакторы;

Конкурстың қортындысын шығару мақсатында, әділқазылар ең алдымен жұмыстың өзектілігі мен ауқымдылығана, тың сұрақтар мен айтулы мәселелерді көтерулеріне баса назар аударды. Ұсынылған жұмыстардан әділқазы алқалары 20 жеңімпаз номинацияны анықтап, 4 автор конкурстың арнаулы жүлдесіне иеленді.

Жеңімпаздар қатарында

- Іңкәр Нұрсұлтанова («Білім Шапағаты» газеті-Талдықорған) Білім беру тақырыбында жазылған ең үздік мақала номинациясын;

- Forbes.kz сайт – кәсіпкерлік білім номинациясын;

- Владимир Радионов (Казтаг) - білімнің жаңалығын ақпараттық таспаға ашық түсірген;

- Әлина Әлбекова ("Мегаполис" газеті) – кәсіби материал;

- Галина Галкина ( «Новое поколение» газеті) – суреттеу сұқбат;

- Катерина Клеменкова (365info.kz сайты ) - академиялық адалдықтың тақырыбын ашқаны үшін;

- Гульмира Садык ( «Қазақ үні» газеті)- білім беру саласындағы үздік сұхбат;

Естеріңізге сала кетейік, «Білім Шапағаты» газетінің атаулы конкурста екінші жеңісі.

Автор:
БШ ақпарат.


Комментарии


Сортировать по времени по рейтингу

Показаны записи 1-4 из 4.

Гость_624, 19 февраля 2016 в 10:08

Жеңістің бастамасы ғана болып, бұдан да биіктен көріне беріңіздер!!!

Гулшат, 19 февраля 2016 в 10:52

Бұл газет халықтың көңілінен шығатын, мақтауға тұратын, ұстаздар ға үлкен көмегін тигізетін бұқаралық ақпарат құралы. Арқашан сиздерді, ұжымды жеңістің төрінен көре берейік

Гость_680, 19 февраля 2016 в 11:28

Құттықтаймыз!!! Жарайсыңдар!!!

Mateen, 8 июля 2016 в 12:56

WHen I went to calif, I was told that the biggest asian community in california is not chinese but korean. Imagining the fact that korean community is the biggest asian community in calif, I wonder how many koreans go outside their country ? If it’s chinese, I will not doubt it because china has the most population. But South Korea has less population than china, even from my country (Idnanesio), so that means there are a lot of koreans went outside their country and moved to calif. So I think that’s why calif got more service than your country, diana. CMIIW..


Контент устарел, комментирование закрыто