Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Білім беру технологиялары мен әдіс-тәсілдерін қолдану жолдары


28 мая 2010, 01:14 | 12 954 просмотра



Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі мектеп қабырғасынан алған білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан, оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мысалы қазіргі кезде мектептерде жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.

Республикада оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алады. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар,жаңа технологиялар бар. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Бір технологияның өзі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Белгілі психолог Выгодский: «Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі ғана жеке басының дамуын ілестіре алады», - дейді. Ұстаздық шығармашылығымды жетілдірілген бағдарламамен жұмыс істеуден бастадым.

Қойған мақсатым: талабына сай баланың психологиялық ерекшіліктері мен табиғи қабілеттерін ескере отырып, балалардың сабаққа ынта-ықыласын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру, экономикалық, экологиялық, эстетикалық, халықтық педагогикалық тәрбие беру.

Осы жұмыстарды ұйымдастыру барысында мұғалім үшін ең бастысы сабаққа лайықты әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау.

Қазіргі технологияны қолдану дегеніміз –келешек ұрпақтың еркін дамуына,жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау.

Педагогикалық технология оқу үрдісінің, яғни мұғалім мен оқушының іс -әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрамына кіреді: а) оқытудың мазмұндық бөлігі б) үрдістік бөлім –технологиялық үрдіс(оқу үрдісін ұйымдастыру,оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары, мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті және оқу үрдісінің диагностикасы)

Педагогикалық технологиялардың негізіне мыналар жатады:

- әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;

- оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;

- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.

Жаңа технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім берудің ізгілендіру технологиясы,түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту тех нологиясы, модульдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту технологиясы кіреді.

Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу.

Балаға ізгілік тұрғысынан қарау,оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.Амонашивили. Бұл технологияның мақсаты-оқушыны азамат етіп тірбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Жаңа педагогикалық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде алатын орны ерекше. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға еніп келеді.

М.Кларин: «Педагогикалық технология-бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жинтығы және жұмыс істеу реті», - деп жазады.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,рухани,азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін -өзі дамытып,оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты –оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынандай:

- оқушының белсенділігін арттыру;

- оқу материалдарында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды ,білімге деген қажеттілін қанағаттандыру мақсатын да меңгереді.

Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы технологияның негізін қалаған В.Шаталов болды. Бұл оқыту технологиясы төмендегідей:

-білім,білік дағдыны қалыптастыру;

-барлық баланы оқыту;

- оқытуды жеделдету.

Ерекшеліктері:

- үнемі қайталау,міндетті кезеңдік бақылау ,жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту,тіректі қолдану;

- жеке бағдарлы қарым-қатынас,ықпал;

- ізгілік ,еркімен оқыту;

- оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясының төмендегідей ерекшеліктері бар:

- білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;

- оқушыларға берілген тапсырманың саралануы;

тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

Жоғарыда айтылған пікірге сүйенсек, жаңа жүйеге көшу әрбір мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылықты талап етеді.

Құралай Омарқызы Джолдасова

Доланалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі - 32 жыл, оның ішінде басшылық қызметтегі еңбек өтілі – 3 жыл

Автор:
Қ.О.ДЖОЛДАСОВА, Доланалы орта мектебінің оқу –тәрбие жөніндегі орынбасары, Кербұлақ ауданы