Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бала ата-анасынан нені үйренгісі келеді?


25 марта 2016, 11:22 | 2 071 просмотр



Кейбір ата-ана бала оқу жасына жеткенде мектепке берсе болды, барлығын мұғалім үйретеді деп ойлайды. Шындығында, кейбір әдетті тек, ата-ана ғана балаға үйрете алады. Соның бірнешеуін тілге тиек етсек, деп жазады namys.kz.

Балада кітап оқуға деген қызығушылықты жетілдіру. Кітап оқуды жақсы көретін ата-ана және кітап көп болған отбасында ержеткен баланың кітап оқуға деген қызғушылығы басқа балаларға қарағанда күшті болады. Бұл қызығушылықты жетілдіруде, сөзсіз, ата-ана үлгі болуы керек. Бала қызығатын суретті кітапты онымен бірге көру баланың сол түрдегі кітапты көруге деген қызығушылығын оятады.

Балаға мейірімге толы болған тұрмыс ортасын жасап беру керек. Отбасының тыныш та, ынтымақты болуы баланың өсіп-жетілуіне ерекше әсер етеді. Ақаусыз болған отбасы ортасы мен отбасы тәрбиесі баланың жақсы тұрмыс әдеті мен әдебін жетілдіруде зор рөл атқарады.

Балаға сәтсіздікке төтеп беруді үйрету. Бала үйрену және тұрмыстағы шынайы жағдайларға (басымдылықтарға) төтеп бере алатын болғанда ғана ата-ананың алаңдауы азаяды. Жеңілгенде жасымауды да ата-ана үйретеді. Жеңілісті қабылдай білген балалардың өз жолын дұрыс таңдауға мүмкіндігі мол.

Ұсақ тұрмыс істерін басқару қабілетін жетілдіру. Ата-ананың тұрмыс әдеті балалардың сол түрдегі тұрмыс әдетін қалыптастыруда түрткілік рөл атқарады. Ата-анасының қимылы жеңіл, шапшаң болса көбінесе бала да сол артықшылықтарды қабылдайды.

Қауіпсіздік тәрбиесін көңіл бөлу. Ата-аналар әдетте отбасында балаға қауіпсіздік тәрбиесін босаңсытпауы керек. Әсіресе, көлікке отырғанда мұқият болуды қайта-қайта қадағалап отыру ләзім.

Баланың қарсыласу мезгіліндегі тәрбиеге немқұрайды қарамау керек. Бала төртінші, бесінші сыныпқа шыққанда өзім білемдікке салынып біраз тіл алмайтын жағдайлар кездеседі. Бұл кезеңде баланың мінезін қадағалай байқап, бірмойындығына жол бермеу керек.

Автор:
ҚазАқпарат