Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕКТЕБІМДІ БІТІРЕР ДЕ, КҮТЕДІ АЛДАН АСҚАҚ АРМАН...


28 мая 2010, 01:30 | 2 569 просмотров



СЫҢҒЫРЛА, КҮМІС ҚОҢЫРАУ

Міне, тағы бір оқу жылы мәресіне жетті. Жүздеген мың оқушы сыныптан сыныпқа көшсе, ондаған мыңы он бір жыл білім алған алтын ұя мектептерінен түлеп ұшпақ. Мамыражай мамыр айының 25 – ші жұлдызы. Облыс орталығы Талдықорған шахарындағы 25 мектепте «Соңғы қоңырау» ертеңгілігі болып өтті. Бұл салтанат мектеп бітірушілер үшін мәңгі есте қалатын сәттердің бірегейі.

Осындай салтанат қаламыздағы №17- орта мектебінде де ұйымдастырылды. 2010 жылы аталған білім шаңырағын 48 ұл мен қыз бітіргелі отыр. Бұлардың арасында түрлі деңгейдегі пән олимпиадаларының жеңімпаздары, оқу озаттары бар. Қала, облыс намысын қорғаған спортшылар да жеткілікті. Олардың сапалы білім, саналы тәрбие алуларына мектептің 61 ұстазы аянбай тертөкті десе де болады. Биыл мектепті тәмамдағалы отырған шәкірттерге қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, 11- ші сыныптың жетекшісі Гүлсім Байдәулетова, математика пәнінен дәріс беретін Қайша Сүттібаева және тарих пәнінің мұғалімі Дәриға Өмірбе ковалардың есімдерін атауға әбден орынды. Олар тек ұстаз ғана емес, сондай білім шаңырағынан түлеп ұшар түлектерінің сынып жетекшілері.

Мектептің тарихына қысқаша тоқталар болсақ, білім өз шаңырағын 1989 жылы көтерген екен. Ағымдағы жылы бұл мектепті кезекті 22 – ші жас түлек бітірмек. Мақтан тұтарлығы осы мектептен дәріс алған шәкірттер бүгінде елімізде халық шаруашылығының әр саласында еңбек етуде. Айта кетерлігі осы оқу орнын тәмәмдаған Әлия Молдаханова Гарвард университетін бітіріп, бүгінде Президент аппаратында қызмет атқаруда. Екі шәкірт Ресейдегі әскери академиясынан білім алып, бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеуде.

Салтанатты ертеңгілікте сөз алған мектеп директоры Шапия Бектұрғанова білім 2009-2010 оқу жылындағы қол жжет кен табыстар мен бүгінгі мектеп бітірушілердің жетістіктері, педагогикалық ұжымның білім беру саласындағы еңбектері жайна жан-жақты тоқталды. Бүгінгі түлек үшін тағы бір жауапты сынның бірі – ұлттық бірыңғай тест тапсыру. Бұл сынға мектеп ұжымы, оқушылар да жан-жақты дайындықпен келіп отыр. Десе де, бәріне уақыт төреші. Ата-ана мен ұстаздың жылдар бойғы еңбегінің көрінісін дәл осы тұста қатаң сыры мен қырынан дәлелдейді.

Биылғы мектеп бітірушілердің баса көпшілігінің қалауы қаржыгер, заңгер және техникалық мамандықтарын алу. Гуманитарлық, әсіресе педагогика саласының маманы боламын дегендер жоқтың қасы.

«Соңғы қоңырау» салтанытында биыл-ғы оқу жылында үлгілі тәрбиесі мен білімі жағынан үздік танылған оқушылардың бір тобы мақтау қағаздары, арнайы дипломдармен марапатталды.

Жиында мектеп бітірушілердің ата-аналары, түлектер де сөз алып, алтын ұя мектептің педагогикалық ұжымына шексіз алғыстарын білдірді.

Салтанат мектеп бітірушілердің эстафетасын оныншы сыныпты оқушыларына табыстаумен аяқталды.

Автор:
Өз тілшіміз.