Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Мектептердің құрылысымен танысты


22 июля 2016, 07:15 | 1 647 просмотров



Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Зағипа Балиева Алматы облысы Талғар ауданында болды. Депутат алдымен Талғар ауданының Белбұлақ ауылындағы №32 мектепте болып, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан жаңа мектептің құрылысын тексерді.

– Елбасының тапсырмасы бойынша мектептердегі үш ауысымды жүйені жоюға күш салынуда. Осы мақсатта еліміздің әр аймағында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша мектеп құрылыстары жүргізілуде. Бір ғана Алматы облысында осы бағдарлама аясында 41 мектептің құрылысы жасалып жатыр. Ұлттық қордан 27 мектеп құрылысына 24 млрд теңге бөлінді. Сол 41 мектептің бесеуі Талғар ауданынан. Құры¬лыстың белгіленген график бойынша жүргізіліп, уақытылы тапсырылуы қатаң қадағалануда»,-деді Зағипа Балиева.

Белбұлақ ауылдық округына Белбұлақ, Талдыбұлақ және Бірлік ауылдары қарайды. Әсіресе, Белбұлақта басқа ұлт өкілдері көп. Ауылда екі мектеп бар. Соның бірі осы – №32 аралас орта мектебі. Іргетасы 1947 жылы қа¬ланған. Мұнда түрлі ұлт өкілдерінің балаларынан құралған 630 оқушы білім алуда. Мектеп о баста 250 оқушыға арнап салын-ғандықтан, балалар 3 ауысыммен оқып келеді. Алайда құрылыс аяқталған кезде жаңа мектеп бір ауысымдық оқу жүйесіне көшеді екен.

– Белбұлақта бала көп. Олардың бәрі біздің мектепке сыймайды. Сондықтан көршілес ауылдарда білім алуға мәжбүр. Осы олқылықтың орнын толтыру мақ¬сатында мектеп аумағынан 600 орындық тағы бір мектеп құрылысын баста¬дық. Одан бөлек мемлекеттік және жеке серіктестік аясында Белбұлақ ауылында жаңа балабақша ашылмақ, – дейді мектеп директоры Манура Серікқызы.

Құрылыс жұмысын «Жібек жолы құрылыс» ЖШС атқаруда. Талғар аудандық құрылыс бөлі¬мінің бастығы Жандос Әуелбаев: «Құрылыстың жалпы аумағы – 2 гектар. Құрылыс биылғы 26 мамырда басталды, 2017 жылдың 25 тамызында толықтай аяқталады. Құрылысқа 1174,096 млн теңге бөлінді. Қаржы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінді» деді.

Талғар ауданында «Нұрлы жол» бойынша салынып жатқан осы мектеп қана. Ауданда бұдан басқа тағы 4 мектеп құрылысы жүріп жатыр. Одан бөлек, 3 мектепке күрделі жөндеу жүргі¬зілуде. Жаңадан салынып жатқан 5 мектептің құрылысы келер оқу жылына дейін аяқталады. Ал күрделі жөндеуден өткен үш мектептің жөн¬деу жұмыстары тамыз айының соңында бітпек. Сол үш мектептің бірі – Талғардағы Жамбыл Жабаев атындағы №6 орта мектеп. ҚР Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева бұл мектепке де бас сұғып, жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жат¬қанын тексеріп көрді. Мектептің бірнеше бөлмесін аралап, құрылысшыларға ескерту жасады.

– Бұл мектепте балалар оқиды. Сондықтан бізге балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі қымбат. Құрылыс материалдарының барынша сапалы болғанын қадағалаңыздар. Бүгін жарқырап тұрып, бірнеше айдан кейін қақырап қалғаны жарамайды, – деді Зағипа Балиева.

Мұнда 1470 бала оқиды. Қабырғасы 1987 жылы қаланған.

– Келер жылы мектебіміздің 30 жылдығын той¬лағалы отырмыз. Отыз жылдық қарсаңында күрделі жөндеуден өткізудеміз.Қазіргі уақытта құрылыстың 60 пайызы аяқталды. Тамыздың 20-ында жұмыс толықтай бітеді, – деді мектеп директоры Мадия Боранбаева.

Одан әрі Мәжіліс депутаты қаладағы ірі өндіріс орындарының бірі «Керуен+» зауытына бас сұқты. Зауыт 2015 жылдың сәуірінде іске қосылған. Негізінен, бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы пластикалық өнімдер шығарумен айналысады. Осылайша, еліміздің түрлі ұйым¬дары мен қожалықтарын плас¬тикалық өнім¬дермен, атап айтқанда, түрлі профильдер, канализациялық құбырлар мен фитингтер, су құбырлары мен фитингтер, пластик есіктер мен терезелермен қамтамасыз етіп отыр.Мұнда жылына 2 500 тонна профиль,100 тонна фитинг, 500тонна полипропилен шығарылады.

Өнімдер Қырғызстанға экспортталады, алдағы уақытта Тәжікстанға да тасымалдау мәселесі қарастырылуда.

– Техникалардың көбі Италиядан әкелінді. Адам факторын көп қажет етпейді. Зауыт толықтай немістің технологиясы бойынша автомат¬тан¬дырылған. Мұндай жүйе Қазақстанда жоқ. Шикізаттың 8 пайызын Ресейден аламыз. Ал қосымшаларын Германиядан жеткіземіз. Кальций Түркиядан әкелінеді. Себебі олардың шикізаты қардай аппақ болып келеді. Өнімдеріміз сапасы, бағасы жағынан да бәсекеге қабілетті. Эколо-гиялық жағынан таза өнім, құрамында мырыш жоқ. Қазақстан бойынша зауытымыз алғашқы үштікке еніп отыр. Зауытта 65 адам жұмыс істейді, науқан кезінде жұмысшылардың санын 130-ға дейін арттырып отырамыз, дейді зауыт басшысы Мұстафа Ероғлы.

Алматы облысы Талғар ауданындағы ны¬сандарды аралай келе Зағипа Балиева:

– Мені алдымен балалардың жағдайы алаңдатады. Сол себепті аудандағы екі мек¬тептің құрылысымен таныстым. Екеуі¬нің де құрылысы белгіленген гра¬фик бойынша жүргізіліп жатыр екен. Ал үшінші нысан ретінде «Керуен+» зауы¬тында болдым. Бүгінде Елбасының бастамасымен орта және шағын бизнеске көңіл аударылды. Нәтижесі міне, керемет өндіріс орындарымыз бар. Бұрынғы пластикалық құбырларға мырыш қосылса, бұл зауытта тек экологиялық таза өнім өндірілетініне көзіміз жетті. Құрылыс мате¬риал-дарының таза өнімнен жасалғаны, бала¬лары¬мыздың ден¬саулығына кері әсерін тигізбейді» деді.

Автор:
Серікбол ХАСАН.