Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Спорт-денсаулық кепілі»


28 июля 2016, 10:29 | 2 245 просмотров



«Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Басши» БПҰ қарасты Нұрым орта мектебінің спорт залында «Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында «Спорт-денсаулық кепілі» атты тақырыпта әйелдер арасында волейболдан жарыс өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында алғашқы сөз Нұрым орта мектебінің директоры Даулетова Күміс Кенжетайқызы алып, жарысқа қатысушы саңлақтарға сәттілік тіледі.

«Өздеріңізге белгілі Нұрым орта мектебі жаңадан салынды. Ашыла салысымен бірнеше спорт түрінен шаралар өткіздік. Ауылымызда біраз қыз-келіншектеріміз денсаулыққа көңіл бөлетіндігіне көз жетіп жүр. Міне, бүгінде шынықсан шымыр боларсын демекші, нәзік жандардың қатысуымен волейбол жарысында өздеріңізбен қайта қауышып отырмыз. Осындай шараның шымылдығын ашу маған бұйырыпты, әрине қуаныштымын. Барлықтарыңызды танимын. Сондықтан жақсы ойын көрсетеді деген сенімдемін. Сіздерге тек жеңіс тілеймін»-деді.

Ізгі тілектен кейін Әнұранымыз шырқалды. Алтынемел мемлекетік ұлттық табиғи қорығы, Аралтөбе орта мектебі, Нұрым орта мектебі, Басши ауылдық округі әкімшілік аппараты, Басши ауылдық ауруханасы мекемелерінен жалпы саны 5 команда жасақталып, бақтарын сынасты.

«Мекемелерден құралған командалар жақсы ойын көрсетіп жатыр. Әділқазы алқалары алдағы уақытта өз бағаларын беретін болады. Жерлестерімнің басын қосып, осындай жаңа ғимаратта жарыс өткізу арманым болған. Орындалды, енді абыроймен аяқталса екен»-деді, ұйымдастырушы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ұлан Қазбеков.

Ойын өте тартысты, қызықты, көңілді өтті. Мәресіне жетіп жеңімпаз командаларда анықталды. І-орынды Нұрым орта мектебі, ІІ-орынды Басши ауылдық ауруханасы, ІІІ-орынды Басши ауылдық округі әкімшілік аппараты иеленді. Ұйымдастырған дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ұлан Қазбеков қатысушыларға ризашылығын білдіріп, үздік ойын көрсеткен ойыншылар Жадыра Шоқпарова мен Айжан Тырысбековаға мадақтау қағазымен марапаттап, өз атынан бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Автор:
Маржан Қайратқызы «Нұр Отан» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының қызметкері