Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Музыкалық шығармаларды талдау


2 сентября 2016, 11:39 | 499 просмотров



Сабақтың мақсаты:Л.ван Бетховен «Сонатина» шығармасын мысалға келтіре отырып, ұғымын меңгеру.1.Білімділік: Шығарманы тыңдату арқылы музыканы түсінуге баулу. Орындау барысында оқушылардың музыкалық сауаттылықтарын жетілдіру.2. Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық шығарманың ұғымын сезіну, түсіну, есте сақтау, біліктілігін дамыту.3.Тәрбиелік: Эстетикалық көзқарасын музыкалық мәдениетін тәрбиелеу.Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:1. Шығарманың ұғымын меңгеру.2. Музыкалық ұғымын, шығармаларды орындау дағдысын дауыстарды тыңдау, дауыстарды жүргізуді жетілдіру.3. Тәрбиелік – эстетикалық көзқарасын музыкалық мәдениетін тәрбиелеу.Сабақтың түрі:Практикум сабақ.Оқыту тәсілі:Музыкалық шығарманы өзіндік ерекшеліктерін түсіне білу дағдасын дамыту.Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап, түсіндіру.Көрнекіліктер:Фортепиано аспабы, тақырыптық суреттер,ноутбук, (тест,көркем суреттер галлереясы).Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.Оқушылардың назарын сабаққа аударып, көңіл бөлуі:- Амандасу.Оқушының сабаққа дайындағын тексеру.Өткен тақырыптардан алған білім дағдысын және іскерлігін көрсету.- гамма бойынша жұмыс істеу.- гамманың кілт белгілерін ескерту.- Бөлек оң қолмен 2-3 октаваға дейін ойнау.- Аппликатура жайында түзеу.- Аккордтарды орындау.- Арпеджио жайында жұмыс істеу.Мажор Минор.Үй тапсырмасын тексеру.1. Үйге қандай тапсырма берілді?2. Моцарт Аllegro шығармасын жаттау.3. Шығарманы жатқа орындау.Жаңа сабақты түсіндіру:Бүгін Людвиг ван Бетховенның өмірбаяны және Сонатина музыкалық шығармасымен танысып өтеміз.Жаңа білім беру.Л.ван Бетховен – неміс халықының композиторы, 1770 жылы Германияның Бонн қаласында туылды. Әкесі Иоган Бетховен баласы Людвигтің музыкаға зертігін байқап, оны 6-7 жасында фортепианоға үйрете бастайды. Л.Бетховен 11 жасқа жеткенде фортепиано мен органда тамаша ойнайтын болады. Осы кезде капеллада жұмыс істейді. Жас композитор, 11-12 жасында фортепианолық варияциялар, сонаталар жаза бастайды. 1972 жылы Л.Бетховен Бонн қаласынан Австрияның орталығы Венаға ауысады. Ол Венаға құр келген жоқ, бірнеше Соната, квартеттер, екі кантата: «Сурок», «Май түні», «Молменен қоштасу» әндерін ала келді. Бұл жас композитордың алғашқы шығармалары еді.1812 жылы жетінші, сегізінші симфонияларын, бірнеше музыкалық шығармалар шығады.1815 жылы композитордың денсаулығы нашарлай бастайды, құлағы мүлде естілмейтін болады, басқа да ауруларға шалдығады. Бірақ Бетховен осыған қарамастан ең сонғы тоғызыншы симфониясын жазып бітірді.Л.Бетховен 1827 жылы, 26 наурызда қайтыс болды.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі.- Қай композитордың шығармаларымен таныстыңыз?- Л. ван Бетховен қай жылы туылды?- Бетховенның қандай шығармаларын білесіз?Сабақты қортындылау:- Оқушылардың білімін бағалау.- Жеке оқушыларға озық тапсырма беру.- Үйге тапсырма беру.Л.ван Бетховенның Сонатина шығармасын таза және біркелкіойнау.

Автор:
Гулнур Мукашева, фортепиано үйірмесінің жетекшісі. Сарқан қаласының Балалар шығармашылық үйі.


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто