Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Жеке оқушымен, музыкалық шығарма бойынша жұмыс ұсыну».


2 сентября 2016, 11:41 | 384 просмотра


Сабақтың мақсаты:П И Чайковский «Старинная французская песенка», С Майкапар «В садике» шығармаларын мысалға келтіре отырып,  ұғымын меңгеру.

1.Білімділік: Шығарманы тыңдату арқылы музыканы түсінуге баулу. Орындау барысында оқушылардың музыкалық сауаттылықтарын жетілдіру.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық шығарманың ұғымын сезіну, түсіну, есте сақтау, біліктілігін дамыту.

3.Тәрбиелік:  Эстетикалық көзқарасын музыкалық мәдениетін тәрбиелеу.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

  1. Шығарманың ұғымын меңгеру.
  2. Музыкалық ұғымын, шығармаларды орындау дағдысын дауыстарды тыңдау, дауыстарды жүргізүді жетілдіру.
  3. Тәрбиелік – эстетикалық көзқарасын музыкалық мәдениетін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Практикум  сабақ.

Оқыту тәсілі:Музыкалық шығарманы өзіндік ерекшеліктерін түсіне білу дағдасын дамыту.

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап, түсіндіру

Көрнекіліктер:Фортепиано аспабы, тақырыптық суреттер,ноутбук, (тест,көркем суреттер галлереясы).

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушының  назарын сабаққа аударып,

көңіл бөлуі:

-   Психологиялық дайындық.

-    Әндетіп амандасу.

  • Оқушының сабаққа дайындығын, көніл күйін тексеру.

І.Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Үйге қандай тапсырма берілді?

2.П И Чайковскийдің «Старинная французская песенка» және С.Майкапардің «В садике» шығармаларын талдау.

  1. Шығарманы орындау.

ІІ. Өткен тақырыптардан алған білімін дағдысын және іскерлігін   көрсету.

  • Крещендо дегеніміз не?
  • Темп дегеніміз не?
  • Аккорд дегеніміз не?

Диминуэндо дегеніміз не?

ІІІ.Жаңа білімдерді іскерлікті және дағдыны қалыптастыру.

  • Бүгінгі сабақта сізП.И.Чайковскийдің шығармасымен танысасыз.
  • Қысқаша П.И.Чайковскийдің өмірбаянымен таныстыру.
  • Қысқаша С.М.Майкапардің өмірбаянымен таныстыру.

Петр Ильич Чайковский

Орыстың ұлы композиторы Петр Ильич Чайковский 1840 жылы Воткинск қаласында туды.Ол бала кезінен-ақ музыкаға әуестенді.Тіпті шешесінің салған әнін де сүйсіне тындайтын болған,фортепиано үйренген.

1862 жылы Петр Ильич Чайковский Петербург консерваториясына оқуға түседі.Консерваторияны бітіргеннен кейін Москва консерваториясына оқутышылық жұмысқа шақырылады.

П.И.Чайковский көптеген фортепианолық пьесаларының ішінде балаларға арналған «Жыл мезгілдері» («Времена года») мен «Балалар альбомы» («Детский альбом») жинақтары мазмұны жағынан үлкен орын алады. «Жыл мезгілдері» атты жинақ жылдың айларымен байланысты 12 пьесадан тұрады. Мұнда композитор әрбір айға тән табиғат көріністерін музыка арқылы тамаша берген.  Самуил Моисеевич Майкапар.

Самуил Моисеевич Майкапар-18 желтоқсан 1867 жылы Херсонда туган.Сазгер,ұстаз,музыкалық ақын,пианист. 6 жасынан бастап музыкамен шұғылданған.

1885 жылы Петербург қаласындағы консерваторияға композиция факультетына оқұға түсті.Фортепианоға арналғаншығармалар;Соната,Вариации,Ұш прелюдия,Лирикалық вариациялар.

1903 1910 Германияда тұрып жұмыс істеді.

ІV.Шығармалар бойынша жұмыс

істеу.

- Оң қолымен, орташа екпінмен ойнап беру.

  • Аппликатура байқауында.
  • Сол қолмен ойнап, апликатура бойынша, талдау.
  • Қыйыншылық көрсетіп тұрған элементтерді талдау.
  • Штрих бойынша жұмыс істеу.
  • Жоғарғы дауыс бойынша жұмыс көрсету.
  • Төменгі дауыс бойынша жұмыс көрсету.
  1. Жаңа сабақты түсінгеннің тексеру кезеңі.
  2. «Жыл мезгілдері» атты жинақ жылдың айларымен байланысты шығарма қанша пьесадан тұрады?

VI.Сабақты қорытындылау.

Автор:
Гулнур Мукашева, фортепиано үйірмесінің жетекшісі. Сарқан қаласының Балалар шығармашылық үйі


Комментарии


Комментариев нет.

Контент устарел, комментирование закрыто